«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 966 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "село", сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауыл" сөздерімен ауыстырылды Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 26.08.2016 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағына Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып, Әйке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әйке ауылдық округінің Әйке ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) "Абай"
      2) "Әйке"
      3) "С.Сейфуллин"
      2. Әйке ауылдық округінің Тереңсай ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) "Т. Жүргенов"
      2) "Тұрар.Рысқұлов"
      3) "Ы. Алтынсарин"
      4) "Б. Майлин"
      5) "Әбілхайырхан"
      6) "Әліби Жангелдин"
      7) "Ғ. Мұратбаев"
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімі аппаратының бас маманы Г.З.Туринаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әйке ауылдық округі әкімі
міндетін атқарушы:
М.С.Алмаганбетов