«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 961 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысы:
      мынадай мазмұндағы 13-3-тармақпен толықтырылсын:
      «13-3. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығын іске асыру мақсатында осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.»;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 33-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 961 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына     
33-қосымша       

2011 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

мың теңге

ФТ

ББӘ

БМА

Атауы

Өзгерістер
(+,-)




II. Шығындар

0

008



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

-356 998


206


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

-356 998



001

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

-156 958




002

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің күрделі шығыстары

-3 345



031

Мәдениет және дін саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, дін мәселелері бойынша әлеуметтанушылық, ғылыми-зерттеу және талдау қызметтерін жүргізу

-196 695

013



Басқалар

356 998


695


Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі

356 998



001

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

156 958



002

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің күрделі шығыстары

3 345




004

Дін саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, дін мәселелері бойынша әлеуметтанушылық, ғылыми-зерттеу және талдау қызметтерін жүргізу

196 695