Биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 807 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақпараттық - есептеу орталығы» акционерлік қоғамы мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                                К.Мәсімов