"Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республика

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 739 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 137-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қайтарылуға жататын ҚҚС-тің асып кеткен сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49, 49-1 -баптарына сәйкес ҚҚС-тің асып кетуін қайтару туралы салықтық өтініш берілген және (немесе) есепке жатқызу әдісімен төленген ҚҚС сомасына азайтылған, ҚҚС бойынша декларацияда ҚҚС-тің асып кетуін қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңіндегі есепке жатқызылған ҚҚС сомасына жалпы көлемдегі халықаралық тасымалдаудың физикалық көлемінің үлес салмағын қолдану жолымен есептеледі.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген тәртіппен айқындалған ҚҚС сомасы ол бойынша салықтық тексеру аяқталған күнге өнім берушілермен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге жіберілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаса және (немесе) бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша ҚҚС сомасының дұрыстығы расталмағаны туралы уәкілетті органның алынған жауаптары негізінде ҚҚС сомасына кемітіледі.

      Есеп қайтаруға жататын асып кеткен ҚҚС сомасы айқындалатын салық кезеңінің деректері бойынша жүргізіледі.".

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов