Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелерде ұстау негіздерін, тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және Министрлер Кабинеті мен Үкіметтің кейбір шеші

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 703 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Өз еркімен емделуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлық пен ауыратын адамдарды еріксіз емдеу және оларды медициналық-әлеуметтік оңалту мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 мамырдағы № 906 қаулысы;
      3) «Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік медициналық және басқа көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 мамырдағы № 665 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 703 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.28 № 1255 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 784 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында:
      «Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімде:
      үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың құрылымын, технологиясын, штаттық кестесін және материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы наркологиялық көмекті ұйымдастырудың заңнамамен бекітілген стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс басталды.».
      4. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
      «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
      екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу;»;
      «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 15-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу».