Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы N 1390 Қаулысы

      "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңы 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2010 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде мәслихаттардың құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын қабылдауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1390 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының
2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы

1. Паспорты

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

Атауы                Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар
                     профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған
                     салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама)

Әзірлеу үшін         "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы"
негіздеме            2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан
                     Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасы;
                     Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы
                     құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің
                     тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы"
                     2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығының
                     5.8-тармағы

Бағдарламаны         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
әзірлеуге және
іске асыруға
жауапты
мемлекеттік
орган

Мақсаты              Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар
                     профилактикасының тиімді және пәрменді жүйесін
                     қалыптастыру

Міндеттері           Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық
                     бұзушылықтың профилактикасы бойынша жұмысты
                     жандандыру;
                     Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы
                     құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен
                     алкоголизмнің профилактикасы;
                     Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстың
                     деңгейін төмендету;
                     Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың
                     профилактикасы;
                     Табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық
                     бұзушылықтардың профилактикасы;
                     Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
                     Қару айналымы саласындағы қылмыстардың
                     профилактикасы;
                     Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың
                     профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді
                     жүйесін құру;
                     Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
                     Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

Іске асыру           2011 - 2013 жылдары
мерзімдері     
(кезеңдері)

Нысаналы             Елдегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар деңгейін
индикатор-           (100 мың тұрғынға) 2011 жылы 4,9 дейін, 2012
лары                 жылы 3,9 дейін, 2013 жылы 3,5 дейін төмендету

Қаржыландыру         Республикалық бюджет қаражаты.
көздері мен          Қаржыландырудың болжанатын жалпы көлемі
көлемі               156,295 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
                     2012 жылы - 81, 288 млн. теңге,
                     2013 жылы - 75,007 млн. теңге.
                     2012 - 2013 жылдарға қарастырылатын сома тиісті
                     қаржы жылына арналған республикалық бюджетті
                     қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

      Әлеуметтік жағымсыз көрініс ретінде қылмыс ұғымы басты бағыты оны тудыратын себептерге ықпал ету болып табылатын алдын алудың тиісті стратегиясын көздейді.
      Әлеуметтік басқару саласындағы қызметтің ерекше түрі бола отырып, профилактика қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіруге және құқық бұзушылыққа қарсы іс-әрекеттің кешенді шараларын қамтамасыз етуге бағытталған.
      Құқық бұзушылықтың алдын алудың салалық бағдарламасын әзірлеу құқық бұзушылық профилактикасы проблемасын шешуде мемлекеттік деңгейде жүйелі және кешенді тәсілді жасау, сондай-ақ осы саладағы әлеуетті күшейту бойынша алдын ала қабылданып жатқан шараларды қаржылық және техникалық қолдау қажеттігінен туындады.
      Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтарды ескерту мәселелері бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мақсатында әзірленді.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

      Мемлекеттің қылмысқа қарсы алдын ала қабылдап жатқан шаралары тек қана тіркелген қылмыстар санының өсуін (1-кесте) тоқтатуға мүмкіндік береді.

      1-кесте. Тіркелген қылмыстардың саны

жылдар тіркелгені, барлығы % өскен, төмендеген 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстылық

2005

146347

-9,3

96

2006

141271

-3,5

92

2007

128064

-9,3

83

2008

127478

-0,6

81

2009

121667

-4,6

77

2010 жылдың 10 айы

110412

10,8

82

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Сонымен қатар қылмыстылықтың шынайы көрінісі (оның латенттік бөлігін ескере отырып) барлық криминалдық көріністерді тоқтатуға құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың күшінің анық жетпейтінін көрсетеді. Бұл көп жағдайда құқық бұзушылық пен қылмыстылықты ескерту бойынша жұмысты жүргізудегі кемшіліктерге негізделеді.
      Соңғы екі жылдағы жедел жағдайды талдай отырып, Қазақстан Республикасында криминалдық жағдай жалпы күрделі болып отырғанын атап өту қажет. Қылмыстылық мемлекет пен қоғамның барлық тіршілік ету саласына жағымсыз ықпал етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық қалыптасуын бәсеңдетіп, оның халықаралық беделіне нұқсан келтіруін жалғастыруда.
      2010 жылдың 8 айында 110 мыңнан астам қылмыс тіркелді, бұл 2009 жылдың осыған ұқсас кезеңіне қарағанда 10,8%-ға көп. Бұл ретте 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылықтың деңгейі 75-тен 82-ге дейін өскен.
      Қылмыстылықтың, оның ішінде ауыр және аса ауыр түрлерінің өсу үрдісін азайтуға, кісі өлтірудің, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің, қарақшылық шабуылдың санын қысқартуға, топтық және жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендетуге қол жеткеніне қарамастан, 2009 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2010 жылы:
      тонау саны 17,4%-ға көбейді;
      бөтеннің мүлкін ұрлау 25,0%-ға, оның ішінде пәтерлерден 39,8%-ға, мал ұрлау 12,5%-ға көбейді;
      ұрлық саны 14,9%-ға және автомашиналарды айдап әкету 14,8%-ға көбейді;
      қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 41,5%-ға, оның ішінде көшелерде 37,6%-ға өсті;
      қылмыстық жазаланатын бұзақылықтар саны 24,3%-ға өсті;
      жалпы білім беретін мектептің оқушылары жасаған қылмыстар саны 12,3%-ға өсті;
      бұрын қылмыс жасаған адамдар жасаған қылмыстар саны 3,7%-ға өсті;
      алкогольге мас күйде жасаған қылмыстар саны 32,1%-ға өсті.
      Мемлекет басшысының 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық Даму жоспарымен (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар - 2020) белгіленген міндеттердің бірі баланың құқықтарын сақтау және олардың заңды мүдделерін қорғауды күшейту болып табылады.
      Жасөспірімдер қылмысының қолда бар үрдісі деңгейінің төмендегеніне қарамастан, кәмелетке толмағандар жасаған анықталған қылмыстардың жалпы санынан жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың жоғары үлес салмағы (2-кесте) сол қалпы қалып отыр.

      2-кесте. Мектепте оқитындар жасаған қылмыстардың үлесі

жылдар Анықталған кәмелетке толмағандар олардан
Мектепте оқитындар Үлес салмағы %

2005

8608

4424

51,4

2006

8799

4274

48,6

2007

8344

3937

47,2

2008

7519

3297

43,8

2009

6651

3302

49,6

2010 жылдың 10 айы

4910

2651

54,0

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Республика бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмысты, әрбір 20-шы кісі өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыз зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды және әрбір 13-ші ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды.
      Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.
      Соңғы жылдары профилактикалық шаралардың нашарлауының нәтижесінде мас күйде жасаған қылмыстардың (3-кесте) өскені байқалады, оның үлесіне әрбір 10-шы қылмыс, оның ішінде әрбір 2-ші кісі өлтіру кіреді.

      3-кесте. Mac күйде жасаған қылмыстардың динамикасы

жылдар барлығы % өскен, төмендеген үлес салмағы %

2005

7879

-9,2

9,2

2006

6866

-12,9

7,9

2007

6272

-8,7

7,6

2008

6482

3,3

7,8

2009

8314

28,3

10,4

2010 жылдың 10 айы

8165

32,1

12,8

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Рецидивті (қайта жасалған) қылмыстың қалыпты өсу үрдісі байқалады: егер 2005 жылы төмендеуі 8,9% құраса, 2009 жылы өсуі 9,8%, 2010 жылдың 10 айында 3,7% құраған. Бұл ретте еліміз бойынша жалпы бұрын сотталған адамдар әрбір 9-шы кісі өлтіруді, әрбір 11-ші денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, әрбір 5-ші қарақшылық пен әрбір 7-ші тонауды жасайды.
      Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстылық жағдайы қауырттық күйде қалып отыр, олардың өсуі 2009 жылы 6,4% (2005 жылы - 13%) құрап, үлес салмағы 17,1% (2005 жылы - 12,8%) жетті. 2010 жылдың 10 айында осындай қылмыстар тиісінше 41,5% және 37,6%-ға жетті. Жағдайды түзету үшін қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полицияның кешенді күштерін жедел басқарудың тиімділігін арттыру, бағыттарды патрульдеудің жаңа нысандары мен әдістерін дамыту, едәуір криминогенді аумақтарда бейне бақылау жүйесін кеңінен пайдалану, сондай-ақ стационарлық полиция бекеттерін және полицияның жылжымалы пункттері паркін ұтымды пайдалану бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет.
      Елімізге қарудың, есірткілердің, қылмыскерлер мен экстремистердің енуіне ықпал ететін криминалдық шиеленіс заңсыз көші-қонды күшейтеді. Заңсыз көші-қон арналарын жабу бойынша құқық қорғау органдарының күші және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуы жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі уақытта көші-қон жағдайы республикада еңбек көші-қоны көлемінің өсуімен, заңсыз көші-қон ауқымының өсуімен, қаңғыбастардың, сондай-ақ қарқынды ішкі көші-қонның болуымен сипатталады.
      2010 жылдың басынан бастап ішкі істер органдарында 865 мың, тиісінше 2009 жылы 813 (+6%) шетелдік тіркелген.
      Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 122,5 мың, 2009 жылы - 113,0 мың (+7,7%) шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
      Сот тәртібімен 12873 шетелдік, тиісінше 2009 жылы 11947 (+7,1%) шетелдік елден тыс жерлерге шығарылды.
      Шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 1576 жұмыс беруші, тиісінше 2009 жылы 1359 (+13,7%) жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
      Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 242, 2009 жылы 269 (-10%) қылмыстық іс қозғалған. 254 (221, +12,9%) адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 330-2-бабы бойынша заңсыз көші-қонмен байланысты қылмыстарды анықтау бойынша жұмыс нашар жүргізілуде. Ағымдағы жылы барлығы 15 қылмыстық іс, тиісінше 2009 жылы 11 қылмыстық іс қозғалған.
      Қалалық және аудандық деңгейдегі ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында сыртқы көші-қон ағындарын есепке алуға арналған "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндігін толық пайдаланбайды. Сонымен қатар осы бағыттарда сыртқы көші-қон саласындағы есепке алудың жаңа тетігін әзірлеу қажет.
      Республика бойынша жалпы 4 мыңнан астам табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Экономикалық қылмыстар (213), сондай-ақ ұрлау, заңсыз сатып алу немесе объектілер мен биологиялық өнімдерді өткізу фактісі бойынша 340 қылмыстық іс қозғалды, 3,5 мың құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 7 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп алынды.
      Орал-Каспий бассейінінің аумағында браконьерлікке қарсы күреске ерекше назар аударылды, онда ішкі істер органдары заңсыз аулау, балықтар мен олардың өнімдерін сатып алу немесе сату фактілері бойынша 184 қылмыстық іс қозғалды, олардың 115-1 сотқа жолданды. Заңсыз ауланған 82 тоннадан астам балық, олардан 4,3 тонна бекіре тұқымдас, сондай-ақ 1,5 мың балық аулау құралы, 26 жүзу құралдары алынды.
      Сонымен бірге экология саласында құқық қолдану практикасын зерделеу табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды ескерту және анықтау бойынша ішкі істер органдарының жұмысының тиімділігі жеткіліксіз жүргізілуде, экологиялық қылмыстарды ашу және тергеу бойынша тиісті шаралар қабылданбайды. Қозғалған қылмыстық істің жалпы санынан тек үшіншісі ғана сотқа жетеді. Бұл негізінен ішкі істер органдары қызметкерлері біліктілігінің төмендігіне және осы саладағы қылмыстардың жолын кесудің, анықтаудың, ашудың және тергеудің бірыңғай әдіснамасының болмауына байланысты.
      Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-әрекет бойынша (ұрлық, тонау, қарақшылық және автокөлікті айдап кету) алдын ала шаралар тиімсіз болып қалуда (5-кесте).

      5-кесте. Мүліктік қылмыстың жекелеген түрлерінің динамикасы


2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 жылдың 10 айы

ұрлық

63141

59322

51482

52696

49004

49625

тонау

13064

12607

10930

11231

9274

8913

қарақшылық

3002

2474

1994

1950

1623

1357

айдап кету

2054

2410

2411

2134

1930

1837

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Осы жағдай криминалдық полиция бөліністерінің жедел ұстанымының, сондай-ақ мақсатқа бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде әкімшілік полиция қызметтерімен бірге өзара іс-қимылдың нашарлауына негізделген.
      Соңғы жылдары жалпы еліміз бойынша атыс қаруын қолданумен жасалатын қылмыстар санының өскені байқалады, оларды қолданумен кісі өлтіру сияқты аса ауыр қылмыс түрлері, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қарақшылық жасалуда (6-кесте).

      6-кесте. Атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың динамикасы


2005 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 жылдың 10 айы

барлығы

474

429

469

379

465

209

кісі өлтіру

99

71

89

79

111

78

адам өліміне







әкелетін







денсаулыққа

-

2

1

3

5

11

ауыр зиян







келтіру







қарақшылық

112

84

107

84

93

83

      Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК

      Бұл ретте осындай қылмыстың 76%-дан астамы тіркелмеген атыс қаруымен жасалған, бұл заңсыз қару айналымы арналарын анықтау бойынша жұмыстың нашарлығын көрсетеді. Жойылған және ұрланған қаруды (тек қана 2009 жылы осындай 305 факті тіркелген) анықтау бойынша жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.
      Атыс қаруын есепке алуды тиісті ұйымдастыру үшін республикалық гильзотекаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына әкелінетін азаматтық және қызметтік қаруға сынақ жүргізуге арналған мамандандырылған зертханалар құруды қажет етеді.
      Стратегиялық жоспар - 2020 "Ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қарым-қатынасты қамтамасыз етудің" басты бағыты шеңберінде этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру бойынша міндеттер қойылды.
      Ішкі істер органдары соңғы жылдары қақтығыс жағдайларға олардың жаппай, оның ішінде ұлтаралық негіздегі тәртіпсіздікте өршуінің ерте алдын алумақсатында мониторинг жүйесін енгізді. Осылайша, 2008 жылы ІІМ-нің Ғылыми-зерттеу институтының жанында Криминогендік жағдайдың мониторингі орталығы құрылды. Осы мәселе бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы және кіші ассамблеялары арасында өзара тығыз іс-қимыл жасасу және ақпарат алмасу жолға қойылды.
      2009 жылы уақтылы шаралар қабылдаудың нәтижесінде этносаралық және конфессияаралық қақтығысты арандатуы мүмкін криминалдық-тұрмыстық негіздегі 11 қақтығыстың жолы кесілді.
      Сонымен бірге жағдайды талдау көрсеткендей әлеуметтік шиеленістің едәуір өршуінің қауіпті ошағы шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған кәсіпорынның еңбек ұжымы болып табылады, олардың көбі еліміздің батыс өңірінде жинақталған.
      Құқық қорғау органдарының жұртшылық пен азаматтармен жұмысын жандандыруды талап етіледі. Бүгінде еліміз бойынша "Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы" Заңға сәйкес құқық қорғауға бағытталған 6 мыңнан астам (2008 ж. - 4154, 2009 ж. - 5863) қоғамдық құрылым қызмет етеді, оған 41 мың адам қатысады. Олардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 35 мың құқық бұзушылық анықталды.
      Сонымен қатар криминогендік жағдайды талдау көрсеткендей, осындай құрылымдардың желісін жалпы білім беретін мектептерде кеңейту қажет.
      Ішкі істер министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және Орыс православие шіркеуінің басшыларымен маскүнемдік пен алкоголизмнің алдын алу мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
      Азаматтық қоғам институттарымен құқық қорғау органдары ынтымақтастығының әртүрлі нысандарын белгілеу Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығында атап өткендей, құқық бұзушылық профилактикасындағы негізгі басымдықтардың бірі болуы тиіс.
      Соңғы жылдары Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті және құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқарды. 2006 жылдан бастап 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының мынадай заңдары әзірленіп, қабылданды:
      "Заңсыз еңбектенуге көшіп келушілерді жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Заң, оның негізінде ішкі істер органдарында оларды тіркеу жолымен заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру бойынша біржолғы акция өткізу тетігі құрылды;
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң, онда елден шығарылған шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметін шетелдіктердің жүзеге асыру шарттарын айқындайтын нормалар енгізілген;
      Ішкі істер органдарының рұқсаты бойынша жарақаттайтын қаруды сатып алуды, сондай-ақ тұрғындардан қаруды сатып алу үшін құқықтық база құруды көздейтін нормалар енгізу мақсатында "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң;
      Нысанды киімді жеке және заңды тұлғалардың заңға қайшы пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң;
      Кәмелетке толмағандардың демалатын және ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін белгілеу мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң;
      "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Заң, онда жеке профилактика шаралары, оларды қолдану негіздері мен тәртібі нақтыланған, "қорғау нұсқамасы" енгізілді;
      Барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін айқындайтын бірыңғай профилактика жүйесін құру мақсатында "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заң.
      Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды ұстау тәртібі мен негіздерін бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.
      Сонымен бірге құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы практика көрсеткендей, оларды заңнамалық деңгейде шешу қажеттігінде бірқатар проблемалар кездеседі.
      Осылайша, "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бақылауды күшейту бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуді талап етеді.
      Объективті құқықтық статистиканы қалыптастыру мақсатында "қоғамдық орын" және "көше қылмысы" ұғымдарын нақтылау бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі туындады.
      Бүгінде ішкі істер органдарында ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жеткіліксіз жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық профилактикасының проблемалық мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу толық көлемде қолданылмайды.
      Соңғы екі жылда тұрғындар арасында 5 акция ("Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын", "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн", "Танысуға рұқсат етіңіз", "Зорлық-зомбылықсыз отбасы", "Полиция және мектеп") өткізілді, бірақ олар эпизодтық сипатта болып келеді.
      ІІМ жүйесінде көбіне бөлек-бөлек жұмыс істейтін автоматтандырылған деректер базасымен жасалған ақпараттардың елеулі массиві қалыптастырылды. Сонымен бірге қазіргі күні қалыптасқан криминогендік жағдайды талдау және болжау үшін осы мәліметтерді кешенді пайдалану қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты Бірыңғай ақпараттық-талдамалық орталық құру мәселесі пысықталуда.
      Қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту қолдағы байланыстарды күшейтуге және шетелдер мен құқық қорғау органдарының практикалық іс-қимыл жасасу тетігін кеңейтуге бағытталуы тиіс.
      Қылмыстылыққа қарсы күрестің шартты құқықтық базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
      Жан-жақты ынтымақтастықта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымдары ауқымында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуға назар аудару қажет. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жолға қою.
      Еліміздің құқық қорғау органдарының БҰҰ-ның жобаларына және бағдарламаларына қатысуын жандандыру, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға және ЕҚЫҰ "Үштігінің" құрамына Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарын іске асыру қажет.
      Практикалық міндеттерді қоса отырып, екі жақты негізде Ресей Федерациясының, Қытайдың, Орта Азия елдерінің, Еуропа және АҚШ мемлекеттерімен құқық қорғау органдарының динамикалық байланысын жалғастыру.
      Ұйымдасқан қылмыстың әртүрлі көріністеріне, терроризм және өзге де экстремизм көріністеріне, есірткі трафигіне, қаруды заңсыз дайындау және айналымына қарсы іс-әрекетте шекаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылсын.
      Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзірлеу шеңберінде орын алған проблемаларды шешу бойынша позитивті халықаралық тәжірибе зерделенген болатын, бұл туралы қорытынды жасау осы қызметке бағдарламалық тәсілдер кеңінен таралған батыс елдерін алуға мүмкіндік береді.
      Мақсатты бағдарлама құқық бұзушылыққа халықтың қатысуының негізгі ұйымдастырылған нысаны ретінде алынады. Осындай бағдарламаларда осы сияқты полицияның қызметі ықшамдалған және көбіне ағымдағы мәселелерге бастама жасаумен және оны шешумен шектеледі.
      Мысалы, "Очисть и посей" ("Weed&Seed") бағдарламасы АҚШ-тың федералдық ведомстволарының бастамасы бойынша жүргізіледі және құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасы, коммунаны1 сауықтыру проблемасын шешуде инновациялық, кешенді, ведомствоаралық тәсіл болып табылады. Бағдарламаның мақсаты қауіпсіз қоршаған ортаны және оның тұрғындарының әлеуметтік дамуын қамтамасыз ете отырып, жекелеген аумақта зорлық-зомбылық қылмыстармен, есірткінің заңсыз айналымымен және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың басқа да түрлерімен күресуді қамтиды.
      Бағдарлама терт іргелі қағидатқа негізделеді: ынтымақтастық, үйлестіру, халықтың күш-жігері және ресурстарды біріктіру.
      "Очисть и посей" бағдарламасын пайдалану тиімділігі (полицейлердің басқа да бастамаларының жиынтығымен) туралы Нью-Йорк қаласы бойынша берілген статистика куәландырады, онда оны іске асыру кезеңінде кісі өлтіру орташа есеппен 39%, пәтер ұрлығы 25% және автомобилдерді ұрлау 36% төмендеген.
      Федералдық және жергілікті деңгейлерде қылмыстарды ескерту бағдарламасы іске асырылуда. Кейбір штаттарда құқықтық тәртіпті нығайтуға азаматтардың қатысуы көшелердегі тонаудың санын 30% темендетуге мүмкіндік берді.
      Әлемнің көптеген елдерінде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Үндістан, Австралия) өзінің тиімділігін дәлелдеген неғұрлым кең тараған алдын ала жасалатын бағдарламаларға «Көрші назары» және «Сыртқы қоршаған ұйым арқылы қылмыстың алдын алу бағдарламасы (Сынған терезе)» бағдарламаларын жатқызуға болады.
      «Көрші назары» бағдарламасы белгілі бір аумақта қоғамдық тәртіптің жай-күйін қадағалау жөніндегі көршілер ұйымдарын құруға бағытталған. Мұндай бағдарламаларды, әдетте, учаскелік полиция инспекторлары жүргізеді. Полиция қызметкерлерінің қатысуы мерзімді бірлескен іс-шараларды ұйымдастырумен шектеледі.
      Бағдарлама үш бағыт бойынша жүргізіледі:
      1) күдікті адамдарға қадағалау жүргізу және ол туралы полицияны хабардар ету үшін белгілі бір ауданда тұратын азаматтарды топтарға немесе жасақтарға біріктіру;
      2) мүлікті табуды оңайлату үшін арнайы нөмір (мысалы, үйдің немесе пәтердің пошталық коды немесе иесінің аты-жөні) қою арқылы мүлікті таңбалау. Тоқсандық қадағалау жасақтарының басшыларына немесе аға қызметкерлеріне полиция қызметкерлері үйдегі мүліктерге белгі қойылғаны туралы қылмыскерлерді ескертетін терезелерге арналған жапсырмалар береді;
      3) полицейлердің үй иелері мен аудан тұрғындарына баруын және пәтерлер мен үйлерді күзетпен қамтамасыз етуде консультативтік көмек көрсетуін ұйымдастыру.
      «Көрші назары» бағдарламасына қатысудың формальды жағы минималды, ең бастысы – ол неғұрлым қауіпсіз өмір сүру жағдайына мүмкіндік туғызуға ниеті. «Көршілердің» негізгі қызметі – қылмыстық сипаттағы кез келген ақпаратты полицияның назарына жеткізу. Кейде бұл қызметке аумақты патрульдеу бойынша азаматтық жасақтар құру жатады. Мәселен, АҚШ-та 100 мыңнан астам осындай ұйым бар.
      Осыған ұқсас бағдарламалар Ұлыбритания мен Эстонияда жасалған, оны қаржыландыру және іске асырылуын бақылау жергілікті билік органдарына жүктелген.
      Жасөспірімдер қылмысының профилактикасында АҚШ полициясының жұмыс тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады, мұнда олардың қамқорлығымен, Лос-Анджелес қаласының мэриясымен бірлесе отырып, 1995 жылдан бастап Кадеттер мектебі құрылған.
      Кадеттер мектебі – бұл 18 апта бойы әр сенбі күндері сағат 8-ден 17-ге дейін өтетін, 14-тен 18 жасқа дейінгі ниет білдіруші жасөспірімдерді оқыту үшін полиция ұйымдастыратын курстар.
      Әдетте, мектептің негізгі контингентін қиын өмір жағдайына тап болған жасөспірімдер құрайды. Кадеттер мектебі оларды өздері түсуі немесе өмір сүріп отырған ортасы еліктіруі мүмкін қылмыс жасау жолынан «тайдыруға» мүмкіндік тудырады.
      Оқыту бағдарламасы үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады:
      1) қылмысты болдырмау;
      2) проблема қиындап кетпей тұрып, проблемаға араласу;
      3) білім беру, оқыту, өмірде қажет болатын дағдылар.
      Мектепті бітіргеннен кейін олар шағын тапсырмаларды орындай отырып, полиция учаскелерінде қоғамдық негізде жұмыс істей алады.
      Қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету нысандары мен әдістерін жетілдіру бөлігінде соңғы жылдары Грузия Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер ерекше көңіл бөлуге лайық, мұнда мемлекеттік автомобиль инспекциясы толығымен таратылған.
      Қазіргі уақытта Грузияда жол полициясының функцияларын арнайы патрульдік қызмет атқарады, сонымен қатар оларға патрульдік-бекеттік қызмет функциялары да берілген. Жұмысты осылай ұйымдастыру күш-жігері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
      Осыған байланысты, 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің базасында жол және патрульдік полиция бөліністерін қосу бойынша эксперимент басталды, ол 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.
      Бүгінгі күні анағұрлым негізгілердің бірі қылмысты ескертудің виктимологиялық бағыты болып табылады. Ол үлкен материалдық шығынды қажет етпейді және барлық адамдарға тән өзін-өзі қорғауға деген талпынысты іске асырады.
      Осылайша, Жапонияда қазіргі уақытта профилактикалық бейіндегі әртүрлі қоғамдық қозғалыстардың тармақталған желілері жұмыс істейді. Олардың ішінде ең белгілісі - Қылмысты ескерту ассоциациясы. Барлық жерлерде полицияның мектептермен және өнеркәсіп корпорацияларымен байланысы жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. Осындай алдын алу шараларының нәтижесінде Жапонияда "түрме халқының" көрсеткіші 100 тұрғынға 50 тұтқыннан, бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіш.
      Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберінде мектеп және жоғары оқу орындарына арналған бағдарламалар қызығушылық тудыруда.
      Мысалы, Батыс Еуропаның барлық оқу орындарында, бастауыш мектептерден бастап жоғары оқу орындарына дейін, полицейлердің қатысуымен қолданбалы виктимология бойынша дәрістер өткізіледі, оның нәтижелері бойынша ниет білдірушілер өзін-өзі қорғау тәсілдерін игеру және экстремалдық жағдайларда оңтайлы мінез-құлық дағдыларын үйрену мақсатында арнайы тренингтерден өте алады.
      Осындай бағдарламалар әртүрлі санаттағы оқушылардың әлеуметке қарсы мінез-құлқының тәуекел факторлары санын төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарламаларда ең бастысы оқушылар, ата-аналар мен жергілікті қауым арасында өзара тығыз іс-қимыл жасасуды орнату. Сонымен қатар онда оқу орны қабырғасында оқушылардың теріс мінез-құлқын (оның ішінде алкогольді, марихуананы тұтыну, темекі шегу) барынша төмендету және оқу қызметіне назар аудару көзделеді.
      Осылайша, Германияда 2004 жылдан бастап балалар (-10,9%) және жасөспірімдер қылмысы (-4,3%) сияқты құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша едәуір төмен көрсеткіштерге қол жеткізілді. Болгарияда кәмелетке толмағандар (14 жастан 17 жасқа дейін) жасаған қылмыстардың саны 100 мың тұрғынға шаққанда төрт жыл ішінде 4286-дан 2930-ға дейін, Румынияда 1958-ден 1379-ға дейін қысқарған. Израильде осындай жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда "Мен және менің полицейім" жобасын іске асыру арқылы ұйымдастырылған.
      Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасы Австралияда, Австрияда, Болгарияда, Ұлыбританияда, Германияда, Грецияда, Данияда, Испанияда, Италияда, Канадада, Латвияда, Литвада, Малайзияда, Мексикада, Нидерландыда, Жаңа Зеландияда, Норвегияда, Польшада, Португалияда, Корея Республикасында, Ресейде, Сауд Аравиясында, Америка Құрама Штаттарында, Түркияда, Финляндияда, Швецияда, Японияда қолданыста.
      Осыған байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасының салалық бағдарламасы шеңберінде зерделенген шетелдік жұмыс тәжірибесін қазақстандық полицияның қызметіне бейімдеуге болады деп ұйғарамыз.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасында осы бағытта белгілі бір шаралар қабылдана бастады.
      Осылайша, соңғы уақытта қабылданған "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы", "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын ескерту туралы" заңдарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасында әрбір мемлекеттік органның құзыреті белгіленген, сондай-ақ осы жұмысқа азаматтық қоғам институттарының, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы көзделген.

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

      Бағдарламаның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қылмыстар профилактикасының тиімді және пәрменді жүйесін қалыптастыру.
      Бағдарламаның негізгі нысаналы индикаторы – құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санын 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылы 4,9 дейін, 2012 жылы 3,9 дейін, 2013 жылы 3,5 дейін төмендету болып табылады.
      Міндеттері:
      1) кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру;
      Бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіштері:
      қадағалаусыздық және қараусыздықтың деңгейін 2011 жылы 37,4 дейін, 2012 жылы 37,3 дейін, 2013 жылы 37,2 дейін төмендету;
      кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 6,2% дейін, 2012 жылы 6,1% дейін, 2013 жылы 6,0% дейін төмендету;
      жалпы білім беретін мектеп оқушылары жасаған қылмыстар санын 2011 жылы 3659 дейін, 2012 жылы 3563 дейін, 2013 жылы 3500 дейін төмендету болып табылады.
      «Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты жандандыру» деген бірінші міндетті шешу мақсатында үздік комиссияға конкурстар өткізу арқылы өңірлік кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандыру шараларына, еңбекпен қамту органдарында есепте тұрған жастарды басымдық тәртіпте еңбекпен қамтуға ерекше көңіл бөлінетін болады, бұл ретте жұмыс берушілерді ынталандыру мәселелері пысықталды.
      Сонымен бірге балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сондай-ақ оқушылар арасында құқықтық тәрбиені дамыту және кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсету қызметін кеңейту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған.
      2) отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы;
      Бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіштері:
      отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 0,4% дейін, 2012 жылы 0,3% дейін, 2013 жылы 0,2% дейін төмендету;
      алкогольге мас күйде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 14,1% дейін, 2012 жылы 14,0% дейін, 2013 жылы 13,9% дейін төмендету болып табылады.
      «Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы» деген екінші міндетті шешу үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтар профилактикасы туралы заңнаманың жаңа нормаларын кеңінен қолдануға, қорғау нұсқамалары шығарылған, отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды толық есепке алуды және олармен сапалы жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.
      3) қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың деңгейін төмендету;
      бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіштері:
      кісі өлтірудің үлес салмағын 2011 жылы 0,4% дейін, 2012 жылы 0,3% дейін, 2013 жылы 0,2% дейін төмендету;
      денсаулыққа ауыр зиян келтірудің үлес салмағын 2011 жылы 1,0% дейін, 2012 жылы 0,9% дейін, 2013 жылы 0,8% дейін төмендету;
      тонаудың үлес салмағын 2011 жылы 22,0% дейін, 2012 жылы 21,8% дейін, 2013 жылы 21,7% дейін төмендету;
      қарақшылық шабуылдың үлес салмағын 2011 жылы 1,5% дейін, 2012 жылы 1,4% дейін, 2013 жылы 1,3% дейін төмендету;
      бұзақылықтың үлес салмағын 2011 жылы 14,5% дейін, 2012 жылы 14,4% дейін, 2013 жылы 14,3% дейін төмендету болып табылады.
      «Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстардың деңгейін төмендету» деген үшінші міндетті шешу үшін ең алдымен патрульдік қызметтің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсартуға, атап айтқанда полицияның жылжымалы және тұрақты бекеттерінің, адамдар көп шоғырланатын орындардағы бейнебақылау жүйесінің санын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.
      Сонымен қатар шет елдер құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы позитивті жұмыс тәжірибесі (Грузия полициясының тәжірибесі) енгізілетін болады.
      4) көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
      бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
      Қазақстанда заңсыз болудың орташа ұзақтығы 2011 жылы 25 (күн) дейін, 2012 жылы 20 дейін, 2013 жылы 15 дейін болып табылады.
      «Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» деген төртінші міндетті шешу шеңберінде «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа нормаларын бұзғаны үшін шетелдіктер мен Қазақстан Республикасы азаматтарының жауапкершілігін күшейту бөлігінде оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.
      Сонымен бірге олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға қою мақсатында қазақстандықпен қатар, басқа да мемлекеттердің азаматтығы бар адамдарды анықтау жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      5) мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл;
      бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
      тіркелген қылмыстардың жалпы санынан жеке меншікке қарсы қылмыстардың үлес салмағын 2011 жылы 66,0% дейін, 2012 жылы 64,0% дейін, 2013 жылы 63,0% дейін төмендету болып табылады.
      «Мүліктік қылмыстарға қарсы іс-қимыл» деген бесінші міндетті шешу үшін мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық және арнайы іс-шаралар кешені өткізілетін болады.
      6) қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы;
      бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
      атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың санын 2011 жылы 645 дейін, 2012 жылы 635 дейін, 2013 жылы 625 дейін төмендету болып табылады.
      «Қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы» міндетін шешу үшін атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды әкелудің заңсыз арналарын анықтау және жолын кесу жөніндегі мақсатты бағытталған жедел-профилактикалық және арнайы іс-шаралар кешені өткізілетін болады.
      Сонымен бірге тергелетін қылмыстық істердің сапасын арттыру, алынған қаруды есепке алуға, сақтауға және жоюға бақылауды қатаңдату жөніндегі шаралар іске асырылды және оларды есепке алу үшін азаматтық және қызметтік қарудың республикалық гильзотекасын құру мәселесі пысықталды.
      7) этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы және ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру;
      бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
      этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың туындауын арандатуға қабілетті қақтығыстарды болдырмау санын 2011 жылы 10 дейін, 2012 жылы 9 дейін, 2013 жылы 7 дейін төмендету болып табылады.
      «Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы және ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру» міндетін шешу үшін халыққа, әсіресе жастарға этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алу бөлігінде түсіндіру және насихат жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады, ол үшін өңірлерде үгіт және насихат топтарын құру жоспарлануда.
      8) жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық;
      бұл міндет нәтижелерінің көрсеткіші:
      қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы азаматтардың санын 2011 жылы 34035 дейін, 2012 жылы 34500 дейін, 2013 жылы 35300 дейін арттыру болып табылады.
      «Жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастық» міндетін шешу үшін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың желісін кеңейту, бұл жұмысқа жеке меншік күзет құрылымдарының қызметкерлері мен студент жастарды жұмылдыру, жолаушылар көлігі кәсіпорындарының диспетчерлік қызметі мен пәтер иелері кооперативтерінің мүмкіндіктерін пайдалану жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады.
      9) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      Бұл міндетті шешу мақсатында Бағдарламаны іске асыру кезеңінде мүдделі мемлекеттік органдар ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге бағытталған құқық бұзушылықтар профилактикасы жүйесіндегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, сондай-ақ кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды ұстау үшін ішкі істер органдарының арнайы мекемелерін құру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін болады.
      Мақсатына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар:
      Мемлекеттік органдар мен Бағдарламаға басқа негізгі қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және Бағдарламаның толық іске асырылуы үшін жауапты болатын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
      өз құзыреті шегінде Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыратын Қаржы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Дін істері агенттігі, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 703, 2012.10.12 № 1298 Қаулыларымен.

      Бағдарламаны іске асыру үш жыл аралығын (2011 - 2013 жылдар) қарастырады.
      Бірінші жыл аралығында (2011 жыл) бағдарламаны іске асыру мынадай алғашқы кезекті іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлайды:
      1) "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығын толықтыру туралы мәселені қарастыру;
      2) кейбір нормативтік құқықтық актілерге алкоголизммен ауырған, ерікті түрде емдеуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жолдау және оларды медициналық-әлеуметтік ақтау тәртібі мәселесі жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізудің орындылығы мәселесін қарастыру;
      3) "қоғамдық орын" және "көше қылмысы" ұғымдарын нақтылау мақсатында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      5) жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу;
      6) заңнамалық нормативтік құқықтық актілерге кәмелетке толмағандар арасында қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау мәселесі жөніндегі жинақты дайындау және жариялау;
      7) Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді ішкі істер органдарының көші-қон бөліністеріне ақпараттарды бере отырып, қонақ үйлерде тіркеу тетіктерін құру;
      8) жаңадан құрылған Көші-қон полициясы комитетінің алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, ІІМ-нің Қарағанды академиясы жанындағы заңсыз көші-қон мен адамдар саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандарды дайындайтын оқу орталығында біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламасын кеңейту;
      9) ІІМ жоғары оқу орындарының бірінің базасында табиғатты қорғау  және криминалдық полиция, тергеу бөліністерінің қызметкерлері үшін экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау, ашу және тергеу мәселелері жөніндегі біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
      10) әкімшілік полиция қызметкерлерін жедел жағдайды талдауды ескере отырып, күштер мен құралдарды үнемді бөлуге қабілетті білікті басшы құраммен нығайту мақсатында біліктілік талаптарын қайта қарау;
      11) жүктері бар келген вагондардың тұтастығын бақылауды жүзеге асыру үшін поездар мен жүктер туралы ақпараттарды дайындау, беру және қабылдауда бейнебақылау, қашықтықтан басқаратын ауқымды қақпаларды, электрондық-тензиметриялық таразылар мен аппаратураларды қондырып, мемлекетаралық, қиылысатын және түйінді станцияларда коммерциялық қару бекеттеріне автоматтандыруды енгізу мәселесін зерделеу (Ресей Федерациясының шекаралық коммерциялық қарау бекеттерінің әдісі бойынша);
      12) тегіс ұңғылы, газдық, жарақат салатын патрондармен атуға мүмкіндігі бар газдық және ұңғысыз қаруларды есепке қою мен сәйкестендіру үшін қызметтік қарулардың республикалық гильзотекасын қалыптастыру мәселесін зерделеу;
      13) қауіпсіздік саласында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ЕҚЫҰ-ның іс-шараларына қатысу.
      Екінші және үшінші жылдар аралығында (2012 — 2013 жылдар) бағдарламаны іске асыру мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      2) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына азаматтық және қызметтік қару мен олардың патрондары, жарылғыш заттар мен материалдар, оларды қолданып, азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымы саласында кәсіпкерлік қызмет і жүзеге асырушы заңды тұлғаларды орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу, сондай-ақ көрсетілген субъектілерге тоқсан сайын тексеруді енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасына әкелінетін азаматтық және қызметтік қаруларды олардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізіп, тиісті қорытындыны беру жөніндегі мамандандырылған зертхананы құрудың құқықтық аспектілерін зерделеу;
      4) өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар үшін халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын енгізу;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      6) білім беру ұйымдары мен жастар көңіл көтеретін орындарда жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      8) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      9) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      10) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      11) ішкі істер органдарының кинология қызметін дамыту жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      13) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      14) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      15) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      16) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен;
      17) аумақтық ішкі істер органдарының табиғат қорғау полициясы бөліністерін көлік және басқа да техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
      18) табиғат пайдалану саласында қылмыстардың ұйымдасқан нысандарын анықтау, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды тергеу және ашу бөлігінде әдіснама әзірлеу және ішкі істер органдарына енгізу;
      19) қарудың заңсыз айналымы саласында қылмыстарды анықтау мен тергеу жөнінде құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесін қорытындылау және әдістемелік нұсқаманы әзірлеу;
      20) ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен қажетті ақпарат алмасу үшін жолаушылар тасымалын (оның ішінде такси) жүзеге асырушы кәсіпорындардың диспетчерлік қызметін пайдалану тетіктерін пысықтау;
      21) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы проблемалары жөніндегі әлеуметтік зерттеулерді (сұрау салуларды) өткізу.
      22) Бағдарламаны іске асыру мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережелерінде айқындалған тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаны іске асыру үшін 156,295 млн. теңге, оның ішінде 2012 жылы - 81,288 млн. теңге, 2013 жылы - 75,007 млн. теңге талап етіледі.
      Сондай-ақ концессиялық негізде қаржыны пайдалану болжанады.
      2012 - 2014 жылдарға көзделген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде облыстар (елорда, республикалық маңызы бар қалалар) бюджетінен қаржыландыру көзделген бағдарламаның жекелеген іс-шараларын тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабына сәйкес оларды республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттермен қаржыландыру болжанған.

7. Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жоспары

      Ескерту. 7-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 703, 2011.08.01 № 888, 2012.10.12 № 1298 Қаулыларымен.

р/с №

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауапты

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығыстар (млн.теңге)

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы және құқықтық тәртіпті нығайту

1.

Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі тиісті ұсыныстарды әзірлеу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар, қалалардың, елорданың және облыстық маңызы бар аудандардың қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жанында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия құру

Мәслихаттардың шешімдері, IIМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың әкімдері

2011 жылғы қаңтар


Қажет етпейді

1-1.

«Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі үздік қалалық, аудандық комиссия» атты облыстық, қалалық конкурстар өткізуді ұйымдастыру

Үкіметке ақпарат

ІІМ (жинау) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012-2013 жылдар 4-тоқсан

Қажет етпейді

Қажет етпейді

Әлеуметтік профилактика

2.

Тұрғындарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздарды, әсіресе жастарды төленетін қоғамдық жұмыстарға тарту, оларға кәсіби даярлық және оқулар жүргізу бойынша қосымша шаралар қабылдау

Тиісті іс-шаралар

Еңбекмині (жинау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Көзделген қаражат шегінде

3.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдар үшін тұрғындарды әлеуметтәк қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу

Еңбекмині бұйрығы

Еңбекмині

2012 жылдың 3-тоқсаны

Қажет етпейді


3-1.

Еңбекпен қамту органдарында есепте тұрған халықтың мақсатты топтарындағы жастарды басым тәртіппен еңбекпен қамтуға жәрдемдесу және оларға жеке, топтық тәрбие және психологиялық көмек көрсету

ІІМ-ге ақпарат

Еңбекмині (жинау), БҒМ, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын

Қажет етпейді

Қажет етпейді

Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтардың профилактикасы

4.

Тәрбие колонияларынан оралған кәмелетке толмағандар мен ата-аналарының қарауынсыз қалған жасөспірімдерге ерекше көңіл бөле отырып, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту және оңалту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

Тиісті іс-шаралар, жұмыс жоспарлары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

4-1.

Ішкі істер органдарында есепте тұратын, аз қамтылған және қолайсыз отбасылардағы кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары квоталарын бөлу мәселелерін пысықтау

Тиісті іс-шаралар

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Тоқсан сайын

Қажет етпейді

Қажет етпейді

4-2.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, интернаттық мекемелер мен балалар үйлерінің түлектеріне жұмыс орындарын құрған жұмыс берушілерді ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу

Тиісті іс-шаралар, жұмыс жоспарлары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 жылғы желтоқсан

Қажет етпейді

Қажет етпейді

5.

Үкіметтік емес ұйымдармен өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар үшін қосымша дағдарыс орталықтарын құру, оларға психологиялық көмек көрсету мәселелерін пысықтау

Тиісті іс-шаралар, келісім

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы


Қажет етпейді

6.

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалар жинағын дайындау және жариялау

Жинақ

ІІМ, БҒМ

2011 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейді


7.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға балалардың құқықтарын сақтау және мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық және кеңестік көмек көрсету

Кеңестер беру, семинарлар

БҒМ, Әділетмині

Ұдайы

Қажет етпейді


8.

Жалпы білім беретін мектептерде оқитындардың арасында әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормаларын түсіндіру бойынша ғылыми-құқықтанушыларды, әділет, прокуратура өкілдерін тарта отырып, тақырыптық әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру

Дәрістер, семинарлар, әңгімелер

БҒМ, БП (келісім бойынша), Әділетмині

Ұдайы

Қажет етпейді


9.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссия отырыстарында және білім беру органдарында нәтижелерін қарай отырып, қолайсыз криминогендік ахуалдағы оқу орындарына кешенді тексеріс жүргізу

Кешенді тексерістер, отырыстардың хаттамалары

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ, БП (келісім бойынша)

Ұдайы


Қажет етпейді

10.

Мектеп, лицей және гимназияларға бармайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша жұмысты жүзеге асыру

Тиісті рейдтер жүргізу

БҒМ (жинау), ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

11.

Қолайсыз және күнкөрісі төмен отбасыларында, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұратын жасөспірімдерді мектеп демалысын өткізу кезеңінде сауықтыру демалысын ұйымдастыру

Тиісті іс-шаралар

БҒМ (жинау), ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы, мектеп демалысын кезеңінде

Қажет етпейді

Көзделген қаражат шегінде

12.

Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға тарту

Спорттық іс-шаралар өткізу

ТСМ (жинау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

13.

Бұқаралық ақпарат құралдарын және жұртшылықты тарта отырып, түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда кәмелетке толмағандардың болуына тыйым салу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольді және темекі өнімдерін сату туралы қабылданған заңдарды бақылау бойынша ұдайы рейдтер жүргізу

Тиісті рейдтер жүргізу

ІІМ (жинау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді

Қажет етпейді

13-1.

Білім беру ұйымдарында сабақтан тыс уақытта құқық қорғау органдарының қатысуымен өзін-өзі қорғау және экстремалды жағдайларда оңтайлы жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы тренингтер ұйымдастыру

ІІМ-ге ақпарат

ІІМ (жинау) БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері

Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде

Қажет етпейді

Қажет етпейді

13-2.

Оқушылардың девиантты жүріс-тұрысының алдын алу бойынша оқу орындары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілерінің (тәрбиешілердің) авторлық бағдарламалары мен әдістемелік әзірлемелерінің өңірлік конкурстарын ұйымдастыру

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері

2012-2013 жылдардың 4-тоқсаны

Қажет етпейді

Қажет етпейді

13-3.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын оқу мекемелерінде және оларға іргелес аумақтарда бейнебақылау орнату, сондай-ақ пластикалық карточкаларды қолдану арқылы турникет түрінде бақылау-өткізу режимін енгізу мәселелерін пысықтау

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде


Көзделген қаражат шегінде

13-4.

Ішкі істер органдары жүйесінде бір облыстың базасында Кадеттер мектебіне ұқсас (АҚШ) ұйымдар ашу болып табылатын жобаны пилоттық режимде іске асыру туралы мәселелерді пысықтау

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2013 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейді

Қажет етпейді

13-5.

Тұрғын үй массивтерінде балалар аулаларын және спорт алаңдарын қосымша салуды ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептер және үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативі базасында аула клубтарының санын көбейту бойынша шаралар қабылдау

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде


Көзделген қаражат шегінде

13-6.

Білім беру және ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу үшін интернаттық мекемелер мен арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және ІІМ мен БҒМ-нің бірлескен бұйрығымен бекіту

Бірлескен бұйрық

ІІМ, БҒМ

2013 жылдың 2-тоқсаны

Қажет етпейді

Қажет етпейді

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің профилактикасы

14.

Қорғау ұйғарымы шығарылған отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды толық есепке алуды және профилактикалық жұмыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қорғау ұйғарымдарын шығару, профилактикалық есепке алу

ІІМ

Ұдайы

Қажет етпейді


15.

Жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне ұсыныстар

ПМ (жинау), ДСМ

2011-2013 жылдардың 1-тоқсаны

Қажет етпейді


Есірткі қылмысы мен нашақорлықтың профилактикасы

16.

Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

Қылмыстың қайталану профилактикасы

23.

Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

24.

25.

26.

Қоғамдық орындар мен көшелерде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

27.

Криминогендік жағдайларды ескере отырып, полицияның кешенді күштері жасақшаларын едәуір қылмысқа шалдыққан учаскелерге жақындату мақсатында олардың патрульдеу бағыттарына түзетулер енгізу.

Полицияның кешенді күштері мен құралдарын орналастыру жоспарын түзету

ІІМ

Тоқсан сайын

Қажет етпейді


28.

Жергілікті атқарушы органдарға:
- патрульдік полицияның саптық бөліністерін материалдық-техникалық жабдықтау;
- облыс орталықтары мен ірі қалаларда жылжымалы полиция пункттер паркін көбейту;
- азаматтар жаппай жиналған жерлерде стационарлық полиция бекеттерінің желісін кеңейту;
- көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда бейне бақылау камералары желісін кеңейту жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне ұсыныстар

ІІМ (жинау), БП (келісім бойынша), ТЖМ

2011-2013 жылдар желтоқсан

Қажет етпейді


29.

Қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеудің негізінде көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа әдістерін енгізу

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК-тың қарауына ұсыныстар енгізу

ІІМ

2011-2013 жылдар қараша

Қажет етпейді


29-1.

Грузия Ішкі істер министрлігінің тәжірибесі бойынша құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция бөлінісін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ІІМ, Павлодар облысының әкімі

2013 жылғы сәуір

Қажет етпейді

Қажет етпейді

Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы

30.

Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

31.

32.

33.

34.

Көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы

35.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі № 215, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 08-1/93, Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі № 35-п бірлескен бұйрығын күшін жоюға қою және Қазақстан Республикасында шетелдіктердің келу және болу ережесін қолдану жөнінде жаңа нұсқаулық әзірлеу

Бірлескен бұйрық

IIМ.СІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2011 жыл қараша

Қажет етпейді



36.

Қазақстанның азаматтығымен бірдей басқа мемлекеттің азаматтығын алған адамдарды анықтау және олардан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоюды тіркеу бойынша шаралар қабылдау

Азаматтығын жою туралы қорытынды

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Ұдайы

Қажет етпейді


37.

Еліміздің оңтүстік шекаралық аудандарында заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі уақытша штабтың жұмысын ұйымдастыру

Уақытша штабтарды құру, жұмыс жоспары

ІІМ

2011-2013 жылдар мамыр-қазан

Қажет етпейді


Қылмыстылыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар

Мүліктік қылмыстардың (ұрлықтар, қарақшылық пен автокөлікті айдап әкету) профилактикасы

38.

Жедел жағдайды талдау негізінде:
- бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ олармен саяжай құрылыстары мен гараждарды ұрланған мүліктер, қару, қару-жарақ сақтау, ұрланған автокөліктерді бөлшектеу мен олардың түйіндері мен агрегаттарының сәйкестендіру нөмірлерін өзгерту үшін қойма ретінде қолдану фактілерін анықтау бойынша ("Пәтер", "Автокөлік", "Арқан", "Барсетка", "Базар", "Гараж", "Саяжай" және "Өткізу");
- автокөлік құралдарын ұрлау және айдап әкетуді ескерту ("Ұрлықсыз қала") бойынша мақсатты жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу

Жедел-профилактикалық іс-шаралар

ІІМ

Ұдайы

Қажет етпейді


39.

Ақылы автотұрақтар мен гараж серіктестіктері желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізу

Тиісті іс-шаралар

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді


40.

Бейне бақылау, алыстан басқаратын габаритті қақпалар, электронды-тенземетрлік таразылар мен аппаратураларды дайындау, жүктермен келетін вагондардың тұтастығына бақылауды (Ресей Федерациясының шекаралық пункттерін коммерциялық қарау әдісі бойынша) жүзеге асыру үшін поездармен жүктер туралы ақпараттарды беру және тарату жүйелерін орната отырып, мемлекетаралық, қиылысатын және торапты станцияларда коммерциялық қарау пункттерін автоматтандыруды дамыту мәселесін зерттеу

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК-тың қарауына ұсыныстар енгізу

ККМ (жинау), ІІМ

2011 жылдың 3-тоқсаны

Қажет етпейді


Қару айналымы саласындағы қылмыстардың профилактикасы

41.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін заңсыз қару айналымы саласындағы қылмыстарды тергеу мен анықтау бойынша құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесін жинақтау және әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

Әдістемелік ұсынымдар

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині КБК

2012 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейді


42.

Тегіс ұңғылы, газдық, жарақаттық патрондармен атуға мүмкіндігі бар газдық және ұңғысыз қаруларды есепке қою мен сәйкестендіру үшін азаматтық және қызметтік қарулардың республикалық гильзотекасын құру мәселесін зерделеу

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК-тың қарауына ұсыныстар енгізу

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылдың 3-тоқсаны

Қажет етпейді


43.

Қару сақтайтын және қолданатын кәсіпкерліктер, ұйымдар мен мекемелерде олардың қолда бар барлық қару мен қару-жарақты түгендеуді, олардың сақталуын қамтамасыз етуді тексеріс жүргізу

Тексерістер жүргізу

ІІМ

Ұдайы

Қажет етпейді


43-1.

Поездар тұрағы парктерінде, жүк станцияларында, алысқа және қала маңына қатынайтын поездарда қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын адамдарды анықтау бойынша мақсатты бағытталған іс-шаралар мен операциялар кешенін іске асыру

Үкіметке ақпарат

ІІМ (жинау), Қаржымині КБК

Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде

Қажет етпейді

Қажет етпейді

Этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиімді жүйесін құру

44.

Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар саласында халықтың арасында мемлекеттік саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі насихаттау топтарын ұйымдастыру

Насихаттау топтарын құру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылдың 1-тоқсаны



45.

Этносаралық және конфессияаралық негізде кақтығыс жағдайларына жол бермеу мақсатында әр түрлі этносаралық топтар шоғырланып тұратын орындарда ұлттық-мәдени ұйымдардың өкілдерін жұмылдыра отырып, проблемалық мәселелерді зерделеу және құқықты түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Кездесулер өткізу

ІІМ

Ұдайы

Қажет етпейді



45-1.


Конфессияаралық және этносаралық қатынастарды нығайту, сондай-ақ дінаралық және діни экстремизм негізіндегі қақтығыстар профилактикасы саласындағы мемлекет саясатын халық, әсіресе оқушы жастар арасында түсіндіру және насихаттау мақсатында үгіт топтарын ұйымдастыру


ІІМ-ге ақпарат


ДІА (жинау), ІІМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері


Жыл сайын 15 қаңтар, 15 шілде


Қажет етпейді


Қажет етпейді

Құқық қорғау органдарының жұртшылықпен және азаматтармен ынтымақтастығы

46.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:
- қалалар мен ауылдарда қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу мен жолын кесуге;
- бөгденің мүлкінің, оның ішінде мал ұрлығының алдын алуға;
- Оқитындар мен студент жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға;
- Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған құқық қорғау  бағытындағы қоғамдық құрылымдардың желісін кеңейту бойынша шаралар кешенін қабылдау

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарды құру

ІІМ (жинау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді


47.

Ішкі істер органдарының кезекші бөлімдерімен қажетті ақпараттарды жедел алмасу үшін жолаушылар тасымалдауды (оның ішінде такси) жүзеге асыратын кәсіпорындардың диспетчерлік қызметтерін пайдалану тетігін жасау

Ынтымақтастық туралы келісім

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2012 жылдың 2-тоқсаны

Қажет етпейді


48.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен, сондай-ақ ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдермен шефтік жұмыстарды жүргізу үшін педагогикалық және заң жоғары оқу орындары студенттерінен волонтерлер институтын құру

Тиісті іс-шаралар

БҒМ, ІІМ

Ұдайы

Қажет етпейді


49.

Полицияның қоғамдық көмекшілері ретінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттік емес (жеке) қорғау ұйымдарының қызметкерлерін тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру

Қоғамдық көмекшілерді тіркеу

ІІМ

Ұдайы

Қажет етпейді


50.

Діни конфессиялар өкілдерін алкоголизм мен нашақорлықтан азап шегетін адамдарды әлеуметтік ақтау бойынша жұмысқа тарту

Дәрістер, әңгімелер өткізу

ДСМ, ДІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Ұдайы

Қажет етпейді


51.

Ішкі істер органдары басшыларының, учаскелік полиция инспекторларының және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің әкімшілік учаске тұрғындарының, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарының алдында есеп беру жүргізулерін қамтамасыз ету

Есеп беру хаттамалары

ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Тоқсан сайын

Қажет етпейді


51-1.

Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия, Үндістан және Эстония тәжірибесі бойынша «Көрші назары» бағдарламасын енгізу

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ІІМ

2012 жылғы 4-тоқсан

Қажет етпейді

Қажет етпейді

Құқық бұзушылықтар профилактикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру

52.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі мен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының реестрін бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына учаскелік полиция инспекторлары қызметінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарын жетілдіру бөлігінде толықтыру туралы мәселені қарау

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК-тың қарауына ұсыныстар енгізу

ІІМ

2011 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейді


53.

"Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдамасын әзірлеу және Заң жобалау қызметі жөніндегі ВАК-тың қарауына енгізу

Заң жобалау қызметі жөніндегі ВАК-тың шешімі

IIМ (жинау), Әділетмині, ДСМ, БҒМ, ККМ

2011 жылдың 4-тоқсаны

Қажет етпейді


54.

Азаматтық және қызметтік қарулар мен оның патрондарын, жарылғыш заттар мен материалдарды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданумен жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру заңды тұлғаларға, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің санатына, сондай-ақ көрсетілген субъектілердің тоқсан сайынғы тексерісін енгізуге қатысты бөлігінде "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдамасын әзірлеу және Заң жобалау қызметі жөніндегі ВАК-тың қарауына енгізу

Заң жобалау қызметі жөніндегі ВАК-тың шешімі

ІІМ (жинау), Әділетмині, ЭДСМ

2011 жылдың 4-тоқсаны

Қажет етпейді


55.

Өз еркімен емделуден жалтарған алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан зардап шеккен адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жолдау және оларды медициналық әлеуметтік ақтау тәртібі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мақсатқа сай екендігі мәселесін қарау

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК-тың қарауына ұсыныстар енгізу

ІІМ, БП (келісім бойынша), ДСМ

2011 жылдың 3-тоқсаны

Қажет етпейді


56.

Қазақстан Республикасына кіргізілетін азаматтық және қызметтік қаруларды тиісті қорытындылар бере отырып, олардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне тексерулер өткізу жөнінде мамандандырылған зертханалар құрудың құқықтық аспектілерін зерделеу.

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар

ІІМ

2012 жылдың 1-тоқсаны

Қажет етпейді


57.

"Қоғамдық орын" және "көшедегі қылмыстық" ұғымдарын нақтылау мақсатында заңнаманы жетілдіру

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК-тың қарауына ұсыныстар енгізу

ІІМ

2011 жылдың 2-тоқсаны

Қажет етпейді


Құқық бұзушылық профилактикасын ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

58.

Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

59.

60.

61.

62.

63.

64.

65.

Құқық бұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру

66.

Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.12 № 1298 Қаулысымен.

67.

68.

Халықаралық ынтымақтастық

69.

Қылмысқа қарсы күрес саласында халықаралық шарттарды жасасу жөнінде, сондай-ақ реадмиссия туралы жұмыстарды жалғастыру

Халықаралық шарттар

ИМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Ұдайы

Қажет етпейді


70.

ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ форматында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасудың практикалық нысандарын жетілдіру

Бірлескен шаралар, арнайы операциялар

IIМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині КБК, БП (келісім бойынша)

Ұдайы

Қажет етпейді


71.

Шекаралас өңірлерде бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу; есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу; біртұтас кеден аумағында заңсыз көші-қон арналарын анықтау және залалсыздандыру жөнінде арнайы операцияларды Беларусь, Қазақстан және Ресей құқық қорғау органдарымен бірлесіп, өткізу

Бірлескен шаралар, арнайы операциялар

ІІМ, ҰҚК ШҚ (келісім бойынша), Қаржымині КБК

Ұдайы

Қажет етпейді


72.

Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі мен қылмыстар жөніндегі басқармасымен өзара іс-қимыл жасасуды нығайту

Бірлескен жобалар

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Ұдайы

Қажет етпейді


73.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шараларға қатысуы

Кеңестер, конференциялар, семинарлар

СІМ, IIM, мүдделі мемлекеттік органдар

Ұдайы

Қажет етпейді


74.

Қылмыстардың жай-күйі туралы ақпаратпен тұрақты алмасуды қамтамасыз ету

Ақпарат алмасу, бірлескен іс-шаралар

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині КБК, БП (келісім бойынша)

Ұдайы

Қажет етпейді


75.

Орта Азия елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуы

Өңірлік семинарлар, кездесулер

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Ұдайы

Қажет етпейді


76.

Еуропа мемлекеттері, Қытай және АҚШ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуы

Кездесулер, кеңестер, семинарлар

ІІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

Ұдайы

Қажет етпейді


77.

Қазақстанмен шекаралас өңірлерде:
- ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін;
- террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстарды жасауға қатысы бар адамдар мен ұйымдардың қызметін;
- жасырын көші-қонды;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымын, оның "бақыланатын жеткізілу" әдісімен анықтау және жолын кесу;
- қарулардың заңсыз дайындалуы мен айналымына қарсы әрекет жөнінде ауқымды жедел-профилактикалық және арнайы операцияларды тұрақты негізде өткізу

Бірлескен іс-шаралар, арнайы операциялар

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині КБК, БП (келісім бойынша)

Ұдайы

Қажет етпейді



Барлығы



2011-2013

-

81,288

75,007


оның ішінде РБ бойынша


Мемлекеттік орган




2011

2012

2013

Барлығы


ІІМ




-

81,288

75,007

156,295


РБ бойынша барлығы




-

81,288

75,007

156,295

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП              - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
      ҰҚК             - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                        комитеті
      ҰҚК ШҚ          - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                        комитетінің Шекара қызметі
      Қаржымині КБК   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
                        Кедендік бақылау комитеті
      ІІМ             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ДСМ             - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                        министрлігі
      Еңбекмині       - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                        әлеуметтік қорғау министрлігі
      БАМ             - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
                        министрлігі
      СІМ             - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                        министрлігі
      MM              - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      БҒМ             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                        министрлігі
      ТСМ             - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
                        министрлігі
      Әділетмині      - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ЭДСМ            - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                        сауда министрлігі
      ККМ -             Қазақстан Республикасы Көлік және
                        коммуникация министрлігі
      Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия
      Заң жобалау қызметі жөніндегі ВАК - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия
      РБ              - республикалық бюджет
      МБ              - жергілікті бюджет
      ІІД             - Ішкі істер департаменті
      ДІА             – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі