Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 673 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 248 бұйрығы.
 

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасы бекітілсін.
      2. Акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысудың мемлекеттік үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе мемлекеттік кәсіпорындарды басқаратын мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен 2013 жылғы бірінші қаңтардан бастап мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға оларды мемлекеттік мүлік тізіліміне қосу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 672 қаулысымен  
бекітілген    

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және
мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының
орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 11-бабы 9) тармақшасына және 185 бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды санамағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Есеп).
      2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ұйымдар - мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар;
      2) бірыңғай оператор - мемлекеттік мүліктің есебі саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, оған мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру мәселелері жүктелген заңды тұлға
      3) атқарушы орган — атқарушы органның функциясын дербес жүзеге асыратын, атауы Ұйымның жарғысымен айқындалатын алқалы орган немесе тұлға;
      4) тиісті саланың уәкілетті органы - мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган;
      5) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес басқармаларды (бөлімдерді) акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар субъектілері құқығын иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органының құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдауға қаржылық өкілеттіктер береді (бұдан әрі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган);
      7) электронды есеп - Ұйымның бағдарламалық, қамтамасыз етуді пайдаланып әзірлеген және ұлттық растаушы орталық берген Ұйымның электронды сандық қолтаңбасы қойылатын есеп.

2. Есепті әзірлеу және бекіту тәртібі

       3. Ұйымның даму жоспарының орындалуы бойынша есеп әрбір жылдың қорытындылары бойынша әзірленеді.
      4. Даму жоспарының орындалуы бойынша есепті әзірлеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындаған бөлімдерінің құрамын қоса алғанда олардың құрылымына, көрсеткіштерінің нысандарына, тізбесіне және нысандарды толтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Даму жоспарының орындалуы бойынша Есепті әзірлеу жөніндегі әдістемелік қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Есептің жобасын әзірлеу және бекіту келесі тәртіппен орындалады:
      1) тиісті есепті кезеңдегі есептің жобасын әзірлеуді Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып Ұйымның атқарушы органы әзірлейді.
      Ұйымның атқарушы органы Есептің жобасын директорлар кеңесіне, бақылау кеңесіне, тиісті саланың уәкілетті органы немесе Ұйымның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органға енгізеді:
      Бір жылдың қорытындылары бойынша - есепті кезеңінен кейінгі үшінші айдың отызыншы күнінен кешіктірмей (жедел деректер бойынша);
      аудиттелген қаржылық есепті бекіткеннен кейін - он бес жұмыс күннің ішінде, бірақ есепті жылдан кейін жылдың бірінші қыркүйегінен кешіктірмей.
      Ескертулер болған жағдайда атқарушы орган он бес жұмыс күнінің ішінде Есептің жобасын пысықтайды және оны қайтадан директорлар кеңесіне, бақылау кеңесіне, тиісті саланың уәкілетті органы немесе Ұйымның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органына енгізеді;
      2) Есептің жобасын директорлар кеңесі, бақылау кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе Ұйымның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органы бекітеді:
      бір жылдың қорытындылары бойынша - есепті кезеңінен кейінгі төртінші айдың отызыншы күнінен кешіктірмей (жедел деректер бойынша);
      аудиттелген қаржылық есеп бекітілгеннен кейін — оны қарауға енгізген күнінен бастап он бес жұмыс күннің ішінде.
      Даму жоспарының орындалуы бойынша есептің жобасын бекіту мерзімі директорлар кеңесінің, бақылау кеңесінің, тиісті саланың уәкілетті органның немесе Ұйымның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның шешімі бойынша, осы Қағиданың осы тармақшада белгіленген мерзімнен он жұмыс күнінен артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      6. Ұйым есеп бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде оның электронды есебін оған директорлар кеңесінің (бақылаушы кеңестің, тиісті саланың уәкілетті органының немесе Ұйымның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) электронды есепті бекіткені туралы сканерленеген шешімін қоса отырып мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізу үшін Бірыңғай операторға жібереді;
      7. Бірыңғай оператор Ұйымның электронды есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электронды мекенжайына электронды есепті мемлекеттік мүлік тізіліміне қосқаны немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.
      Ұйымның электронды есебін қабылдаудан бас тарту негізі электронды есебтің Бірыңғай оператор әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз электронды форматқа сәйкес келмеуі.
      Бірыңғай оператор электронды есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда Ұйым ескертулерді жояды және Есепті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде есепті Бірыңғай операторға қайтадан енгізеді.