Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 526 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 802 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 802 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 146-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерінде:
      міндетті сақтандыруға жататын өсімдік щаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін қолдану жөніндегі ескертпенің 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте осы тармақтың қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға арналған шарттарға таралады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов