Өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді бағалау жөніндегі есептемелерді жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 479 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен

       Тәжікстан Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен көлемі 80000 (сексен мың) литр өсімдік майы, 100 (жүз) тонна көлемдегі болат құбырлар, көлемі 134 (бір жүз отыз төрт) тонна 180 (бір жүз сексен) килограмм металл прокаты (бұрыштық) броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Тәжікстан Республикасына ізгілік жүгін баратын жеріне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларда үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов