«Халықтың көші-коны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және «Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандардың 2011 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, өзге де орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға бейімдеу қызметтерін көрсетуді, жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы жәрдемақылар, сондай-ақ жәрдемақылар мен атаулы көмектің басқа да түрлерін беруді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2011 жылғы 1 шілдеге және 2012 жылғы 1 ақпанға қарай осы қаулының орындалуы туралы есептер ұсынсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 444 қаулысына
қосымша
Оралмандардың 2011 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу
Облыстар мен қалалардың атауы |
Отбасы саны |
Ақмола |
1020 |
Ақтөбе |
1000 |
Алматы |
3800 |
Атырау |
500 |
Шығыс Қазақстан |
1500 |
Жамбыл |
1840 |
Батыс Қазақстан |
500 |
Қарағанды |
1200 |
Қостанай |
1000 |
Қызылорда |
500 |
Маңғыстау |
2500 |
Павлодар |
800 |
Солтүстік Қазақстан |
500 |
Оңтүстік Қазақстан |
2950 |
Алматы қаласы |
140 |
Астана қаласы |
250 |
Жиыны: |
20000 |