Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 16.03.2015 № 73 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2012.09.11 № 188 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Белгілі санаттардағы (қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен-жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету, ауылдық округ әкімдеріне жүктелсін.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 05.11.2014 № 243 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 05.11.2014 № 243 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі:

Б. Кемешов