Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 405 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында:
      2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздерден кейін «, Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде:
      «Көлемі (тоннамен)» деген бағандағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Көлемі, тонна» деген бағанда:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «30 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жиыны:» деген жолдағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойльдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулысында:
      1-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      «Қырғыз Республикасына» деген сөздерден кейін «және Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын;
      «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер Министрі                                К. Мәсімов