Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.21 № 248 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Қаулысымен.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Екінші деңгейдегі банктердің берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдік беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 386-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік коғамының кепілдік беру ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) андеррайтинг - кредитті қайтармау тәуекелін бағалау рәсімі;»;
12-тармақтың 1) тармақшасында «қарыз алушының андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың бірінші бөлігінде «екі данада» деген сөздер «бір данада» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
18-тармақтың бірінші бөлігінде «, кредитор кепілдік беру міндеттемесін толтырады және оның бір данасына бас келісімде белгіленген тәртіппен Қаржы орталығына жібереді» деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақта «қарыз алушының андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақтың 5) тармақшасында «қарыз алушы андеррайтингін» деген сөздер «андеррайтингіні» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов