Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «4 147 918 285» және «1 303 122 106» деген сандар тиісінше «4 155 236 973» және «1 310 440 794» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «4 489 409 432» деген сандар «4 496 728 120» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 249 қаулысын іске асыру мақсатында:
1) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету;
2) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі функциялардың берілуіне байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер түсімінің сомасын бөлу жүзеге асырылсын»;
осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес 30, 31-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 391 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
30-қосымша
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің
көрсеткіштерін түзету
мың теңге
Санаты |
Атауы |
Өзгерістер (+, -) |
||
Сыныбы |
||||
Ішкі сыныбы |
||||
I. Кірістер |
7 318 688 |
|||
4 |
Трансферттердің түсімдері |
7 318 688 |
||
01 |
Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан түсетін трансферттер |
7 318 688 |
||
1 |
Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен түсетін трансферттер |
7 318 688 |
Функционалдық топ |
Атауы |
Өзгерістер (+, -) |
||
Әкімші |
||||
Бағдарлама |
||||
II. Шығындар |
7 318 688 |
|||
001 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
7 318 688 |
||
603 |
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі |
7 318 688 |
||
024 |
Жеке және заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін қамтамасыз ету |
7 249 294 |
||
026 |
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары» мемлекеттік мекемелерінің күрделі шығыстары |
69 394 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 391 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
31-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі функциялардың берілуіне байланысты облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер түсімінің сомасын бөлу
Р/с |
Облыстар мен қалалардың атауы |
Сомасы, мың теңге |
Барлығы: |
7 318 688 |
|
1. |
Ақмола облысы |
344 870 |
2. |
Ақтөбе облысы |
289 961 |
3. |
Алматы облысы |
509 171 |
4. |
Атырау облысы |
242 878 |
5. |
Шығыс Қазақстан облысы |
603 720 |
6. |
Жамбыл облысы |
318 800 |
7. |
Батыс Қазақстан облысы |
255 878 |
8. |
Қарағанды облысы |
760 665 |
9. |
Қостанай облысы |
408 159 |
10. |
Қызылорда облысы |
588 758 |
11. |
Маңғыстау облысы |
228 607 |
12. |
Павлодар облысы |
403 610 |
13. |
Солтүстік Қазақстан облысы |
336 304 |
14. |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
656 455 |
15. |
Алматы қаласы |
782 162 |
16. |
Астана қаласы |
588 690 |