Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 және 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 301 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 171 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып Бурабай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сарыбұлақ ауылының шағын ауданына «Саяжай» атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Бурабай ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай кентінің әкімі                     Қ.Әшімянов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Бурабай ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлкеттік мекемесінің бастығы             Д.Қарсыбаева

      «Бурабай ауданының сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Жүсіпов