Кеден өкілінің кеден органдарына есептілікті ұсыну, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну қағидасын, Бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсуінің және оларды осы дүкенде өткізудің есебін жүргізу, сондай-ақ кеден органдарына мұндай тауар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 115 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 26 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

       Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 10 ақпандағы
№ 14-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық
салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 26 қарашадағы
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы ақпан

2.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы ақпан

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      Қаржымині  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі