"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын т

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 85 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 шілдедегі Кодексінің 68-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 ақпандағы
№ 85 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптар

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнім:
      1) Кеден одағының кеден заңнамасына (Кеден одағы комиссиясының шешімдері не Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімдері) сәйкес белгіленген кедендік құжаттарды толтырудың форматтық-логикалық бақылауды қамтуға;
      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында, веб-порталында орналастырылатын электрондық анықтамалардан және жіктеуіштерден жаңартылатын нормативтік-анықтамалық ақпаратты қамтуға;
      3) Кеден одағының кеден заңнамасына (Кеден одағы комиссиясының шешімдері не Кеден одағына мүше мемлекеттердің келісімдері) сәйкес белгіленген кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерінің құрылымы мен форматын қамтуға;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкес болуға тиіс.