Кеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдай

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1034 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 500-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидасы бекітілсін.
      2. «Қеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қазандағы № 1079 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 545-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1034 қаулысымен 
бекітілген     

Кеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байлаиысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидасы

      1. Осы Кеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 500-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Кеден органының лауазымды адамына қызметтік міндеттерін орындауына байланысты, өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Біржолғы өтемақы төлеуді кеден органының басшысы бұйрығының негізінде лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының қаржы қызметі (бұдан әрі - қаржы қызметі) оны алуға құқығы бар адамдарға жүргізеді.
      Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындауына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда - қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы немесе оның асырауындағы адамдар (мұрагерлер), ал кеден органының лауазымды адамы өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген жағдайда кеден органының тиісті лауазымды адамы біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар болып табылады.
      3. Кеден органы лауазымды адамының қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертігу не денсаулығына өзге де зақым келу мән-жайлары туралы тергеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. V0503932
      4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құрылған жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындауына байланысты қаза табу (қайтыс болу), сондай-ақ өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертігу не денсаулығына өзге де зақым келу фактісін растайтын қорытындыны қабылдаған сәттен бастап лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) 7 күнтізбелік күн ішінде біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарды осы мынадай құжаттарды ұсына отырып, біржолғы өтемақы төлеуге өтінішті (бұдан әрі - өтініш) беру қажеттілігі туралы жазбаша хабардар етеді:
      1) кеден органының лауазымды адамы қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
      кәмелетке толмаған алушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
      некеге тұру туралы куәлік не сот органдарының алименттер туралы атқарушы құжаты (қамқоршылық туралы құжат) не мұрагерлікке құқығы туралы куәлік;
      2) кеден органының лауазымды адамы өзінің кәсіби қызметімен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертіккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде:
      медициналық қорытынды;
      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
      3) мүгедектікті белгілемей еңбек қабілетін тұрақты жоғалтуы анықталған кезде:
      медициналық қорытынды.
      5. Біржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар өтініш берген кезде кадр қызметі осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен ресімделуінің дұрыстығын тексереді тіркейді.
      Талап етілген құжаттар толық ұсынылмаған немесе олар дұрыс ресімделмеген жағдайда өтініш тіркеуге жатпайды, өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде қайтару себептері көрсетіліп қайтарылады.
      6. Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, біржолғы өтемақы алушыға ісқағаз толтырады және оны қаржы қызметіне жібереді.
      7. Қаржы қызметі лауазымды адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесі туралы анықтаманы ісқағазға коса отырып, 7 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының басшысына оны тағайындау күнін көрсете отырып, біржолғы өтемақы төлеу туралы шешім қабылдау үшін ісқағазды ұсынады.
      8. Біржолғы өтемақы төлеуді қаржы қызметі алушының жеке шотына немесе банктердегі не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік операциялардың тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардағы карт-шотына аудару жолымен өтініш берген сәттен бастап екі ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
      Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақы төлеу бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына немесе оның заңды өкілдеріне бір мезгілде хабарлай отырып, өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде оның өтініште көрсетілген шотына бюджеттік ақшаны аудару жолымен жүргізіледі.