Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 177 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 767 Қаулысы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық ветеринария бөлімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы ұсынысын негізге алып Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауыл шаруашылық малдарының сарып (бруцеллез) ауруына шалдығуына байланысты Жайнақ батыр ауылдық округіндегі Жаңалық елді мекеніне шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Жайнақ батыр ауылдық округінің әкімшілігінің бас маман-ветеринарлық инспекторы Джолдыбаев Айдар Әленұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жайнақ батыр ауылдық
      округінің әкімі                            О. Байтоғаев