"Бензиндерге арналған телімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 634 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 маусымдағы
№ 632 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 267 Қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:

      4-бағандағы "МАМ", "ЭБЖМ" және "ИСМ" деген аббревиатуралар тиісінше "ММ", "ЭДСМ" және "ИЖТМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      5-бағанда:

      реттік нөмірлері 1, 7, 8 және 9-жолдарда "1-тоқсан" деген сөздер "4-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 5-жолда "1-тоқсан" деген сөздер "2-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірлері 11 және 12-жолдарда "мамыр" деген сөз "қыркүйек" деген сөзбен ауыстырылсын;

      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі", "ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі", "ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі", "ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі", "ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірлері 3, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 19, 20 және 21-жолдар алынып тасталсын;

      реттік нөмірлері 16, 17 және 18-жолдарда:

      3-бағандағы "ЭБЖМ" деген аббревиатура "Қаржымині" деген қысқарған сөзбен ауыстырылсын;

      7-бағандағы "Т.М. Сүлейменов" деген сөздер "Р.Е. Дәленов" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 11-2, 21-1, 24-1, 24-2, 24-3, 24-4, 32-1, 32-2 және 43-жолдармен толықтырылсын:

      "

11-1

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

М.Б. Бекетаев

11-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚПА (келісім бойынша)

Қаңтар

Ақпан

Сәуір

А.И. Лукин

21-1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

Сәуір

Мамыр

Маусым

Т.М. Сүлейменов

24-1

Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы

БҒМ

Қаңтар

Ақпан

Қыркүйек

А.Б. Жақыпов

24-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне гендік-инженерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҒМ

Қаңтар

Ақпан

Қыркүйек

А.Б. Жақыпов

24-3

Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы

Әділетмині

Ақпан

Шілде

Қыркүйек

Д.Р. Құсдәулетов

24-4

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетмині

Ақпан

Шілде

Қыркүйек

Д.Р. Құсдәулетов

32-1

Назарбаев Университетінің, Назарбаев Қорының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мәртебесі туралы

БҒМ

Қаңтар

Ақпан

Қазан

А.Б. Жақыпов

32-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҒМ

Қаңтар

Ақпан

Қазан

А.Б. Жақыпов

43

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚПА (келісім бойынша)

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

А.И. Лукин


       ";

      реттік нөмірі 24-жолдың 3-бағанындағы "ЭБЖМ" деген аббревиатура "Қаржымині" деген қысқарған сөзбен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 28-жолдың 3-бағанындағы "МАМ" деген аббревиатура "ММ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      реттік нөмірлері 29, 30 және 31-жолдардың 7-бағанындағы "А.А.Қасымов" деген сөздер "А.Д.Тәшенова" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 32-жолда:

      2-бағанда "ЭБЖМ" деген аббревиатура "ЭДСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      7-бағандағы "М.Ә.Құсайынов" деген сөздер "Қ.У.Бишімбаев" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 39-жолда:

      3-бағандағы "ИСМ" деген аббревиатура "ИЖТМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      7-бағандағы "Н.Т.Раев" деген сөздер "Н.Қ.Әбдібеков" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі", "ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі", "ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген сөздер "ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі", "ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі", "ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздерден кейін "Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" деген сөздермен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 маусымдағы
№ 632 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 738 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 738 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1035 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 333-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 738 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 қазандағы № 1000 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 738 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 727 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 905 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 37,419-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 323 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 172-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 587 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 302-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 728 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 228-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 438-құжат).