«Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі:
1) Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, мына тауарлар импортына қатысты іс қарауды бастасын:
Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8507 10 920 9 кодымен жіктелетін, поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын, сұйық электролитпен жұмыс істейтін, салмағы 5 кг астам өзге де электрлі, қорғасынды аккумуляторлар;
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8507 10 980 9 кодымен жіктелетін, поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын, салмағы 5 кг астам өзге де электрлі, қорғасынды аккумуляторлар.
2) іс қарау рәсімі аяқталғанға дейін Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан шығарылатындарын және әкелінетіндерін қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін іс қараудың басталғаны туралы хабардар етсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1269 Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов