Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 12 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 320 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.05.2025 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 12, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:

      8-тармақта:

      9) тармақшадағы "мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді" деген сөздер "мүдделі органдарға жәрдем көрсетеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақша алынып тасталсын;

      9-тармақта:

      9) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;

      11-тармақтың екінші абзацындағы "қарау кезінде" деген сөздер "сот қараған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақ алынып тасталсын;

      16-тармақта:

      төртінші абзацтағы ", он төрт жасқа шыққан кәмелетке толмағандар" деген сөздер алынып тасталсын;

      бесінші абзац алынып тасталсын;

      алтыншы абзацтағы "және әкімшілік құқық бұзушылық" деген сөздер алынып тасталсын;

      18-тармақтың үшінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов