Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2015 № 735 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығын қараңыз.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2229 қаулысымен  
бекітілген      

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі
мен шарттары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі және шарттары (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Ақылы медициналық қызметтер медициналық қызметтерді тұтынушылар болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - пациенттер) көрсетіледі.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі -ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін медициналық көмектің бірыңғай көлемі;
      ақылы қызметтер - ТМККК тізбесіне кірмейтін және пациенттердің жеке қаражаты, жұмыс берушінің, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты есебінен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден ақы төленетін басқа да қызметтер;
      ақылы бөлімшелер (палаталар) - денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы негізде ТМККК тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтерді көрсетуге арналған бөлімшелер (палаталар);
      денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

2. Ақылы қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Ақылы қызметтердің түрлері және олардың баға прейскуранты мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдарындағы көрнекі ақпарат арқылы халықтың назарына жеткізіледі.
      5. Азаматтарға ақылы қызметтерді көрсеткен кезде есеп және есептілік құжаттамасын жүргізу уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жүзеге асырылады.
      6. Денсаулық сақтау ұйымдары ақылы негізде медициналық көмек алған пациенттерге:
      амбулаториялық-емханалық көмек көрсеткен кезде тиісті медицина қызметкерлерінің қорытындысын;
      стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту кезінде медициналық көмек сырқатнама үзіндісін;
      көрсетілген медициналық көмек үшін жұмсалған шығыстар туралы ақпарат береді.
      7. Ақылы медициналық қызметтер осы Ережеге қосымшаға сәйкес пациент пен осы қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісі арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.
      8. Пациент пен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы шарт ақылы қызмет көрсеткенге дейін жасалады.
      9. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтердің бағалары медициналық қызмет, сервистік қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығындар ескеріле отырып анықталады және жарты жылда бір реттен артық емес қайта қаралуы мүмкін.
      Ақылы қызметтер бағасы ТМККК арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі белгілейтін ұқсас медициналық қызмет тарифінен төмен белгіленбейді.
      10. Денсаулық сақтау субъектісі ақылы қызметтер корсету бойынша жол берілген тәртіп бұзушылықтар (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін қызметтер үшін азаматтардан ақы алу, пациенттен және бюджет қаражатынан көрсетілген бір медициналық қызмет үшін екі есе ақы алу, тиісті көлемдегі және сапалы медициналық қызметтерді көрсетпеу) үшін жауапты болады.

3. Ақылы қызметтерді көрсету шарттары

      11. Ақылы қызметтерді мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдары аурудың бейіні мен медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келген кезде көрсетеді.
      12. Денсаулық сақтау ұйымдарының ақылы қызметтер көрсетуі мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасынсыз диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсеткенде;
      емдік формулярға енгізілмеген емдік құралдармен емдегенде;
      ТМККК тізбесіне енбеген медициналық зерттеулер жүргізгенде;
      тиісті жолдамасыз санаториялық емдегенде;
      медициналық көрсетімдерсіз медициналық-генетикалық зерттегенде;
      жұмысқа орналасу және оқуға түсу үшін азаматтарды медициналық зерттеп-қарағанда;
      ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсеткенде;
      қосымша сервистік қызметтер көрсеткенде.

Денсаулық
сақтау ұйымдарында
ақылы қызметтерді көрсету
ережесі мен шартына
қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шарт

___________________        20__ жылғы __ ___________
(Орналасқан жері)

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын _____________________________
____________________________________________________________________,
  (пациенттің Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері) бір тараптан және бұдан әрі Қызмет көрсетуші деп аталатын
____________________________________________________________________
                   (Жарғы, Ереже және т.б) негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________ атынан
(денсаулық сақтау ұйымының толық атауы)
_____________________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті адамның лауазымы, Т.А.Ә.)

мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

      1. Қызмет көрсетуші Шартқа ___ қосымшаға сәйкес
____________________________________________________
(медициналық қызметтің түрі мен көлемі) көрсетеді.
      2. Медициналық қызмет көрсетудің мерзімі _____________
      3. Тапсырыс беруші Шартқа қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Қызмет көрсетушіге шығындарды өтеуді жүзеге асырады.
      4. Шарттың сомасы _________________ теңгені құрайды.

2. Ақылы қызметтер көрсеткені үшін өзара есеп айырысу рәсімі

      5. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетуші ұсынған шотқа сәйкес іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі бойынша Қызмет көрсетушінің қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
      6. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 50 %-ынан аспайтын мөлшерде Қызмет көрсетушіге аванс беруге рұқсат етіледі, қалған сома шотты ұсыну бойынша стационардан шыққан сәтте төленеді.
      7. Қажет болған кезде іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі ескеріле отырып, емдеу үрдістерінде шарттың сомасын түзетуге жол беріледі, қосымша сома мен оны төлеу тәсілі пациентпен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
      8. Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге қолда бар ақшаны қабылдағанын растайтын құжат (фискалдық чек, кассалық кіріс ордері) береді.
      9. Емдеу курсы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда (басқа денсаулық сақтау ұйымына ауысқанда, пациенттің жағдайы жақсарғанда, қайтыс болған жағдайда және т.б.) Қызмет көрсетуші Тапсырыс берушіге науқастың стационарда болудың белгіленген режимін бұзуына орай мерзімінен бұрын шығару жағдайын қоспағанда, төленген сома мен көрсетілген медициналық көмектің іс жүзіндегі құны арасындағы айырманы төлейді.

3. Тараптардың міндеттері

      10. Қызмет көрсетуші:
      1) лицензияға сәйкес сап алы медициналық көмек көрсетуге;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, профилактика мен емдеу әдістерін, сондай-ақ дәрілік заттарды қолдануға;
      3) төтенше жағдайлар, әскери жанжалдар мен террористік актілер жағдайларындағы жұмысты қамтамасыз етуге;
      4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу, оларды диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
      5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат беруге;
      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтерді сақтауға;
      7) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға және өз қызметіндегі сабақтастықты сақтауға;
      8) салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыруға;
      9) уәкілетті орган және мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар, түрлер бойынша, көлемде, тәртіппен және мерзімдерде бастапқы медициналық қүжаттарды жүргізуге, есептерді ұсынуға;
      10) инфекциялық аурулар, уланулар, айналадағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы -уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының пайда болу қатері және (немесе) туындауы туралы - төтенше жағдайлар жөніндегі органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер бойынша келіп көрінген адамдар туралы мәліметтерді, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге;
      11) пациенттің емдеу нәтижелеріне қанағаттанушылығының ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға;
      12) жүргізіліп жатқан ем шеңберінде осы немесе өзге де қызметтерді көрсетуге арналған жағдайлар болмаған жағдайда, осы қызметті көрсетуді басқа медициналық ұйымда ұйымдастыруға және оған ақы төлеуге;
      13) көрсетілген медициналық және сервистік қызметтердің түрлерін көрсете отырып, Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде шот ұсынуға;
      14) Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін барлық қажетті медициналық және қаржылық құжаттаманы ұсынуға;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
міндеттерді орындауға міндетті.
      11. Тапсырыс беруші:
      1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
      2) денсаулық сақтау ұйымдарының қолданыстағы режимін сақтауға;
      3) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыйластық пен әдептілік көрсетуге;
      4) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
      5) медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
      6) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
      7) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
      Осы баптың 3) - 5) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.

4. Тараптардың құқықтары

      12. Тапсырыс берушінің:
      мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш жасауға;
      дәрігерді немесе медициналық ұйымды алмастыруды таңдауға;
      өзінің денсаулығы жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиум өткізуге;
      өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат денсаулық сақтау ұйымдарының көрнекі үгіт орындарда орналастырылуға тиіс;
      диагностика, емдеу және күтім жасау үдерісінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
      13. Қызмет көрсетушінің:
      штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;
      бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
      кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
      өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      14. Қызмет көрсетуші ақылы қызметтер көрсету бойынша жол берілген тәртіп бұзушылық жағдайлары үшін (медициналық қызметтерді тиісті көлемде және сапада көрсетпеу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін қызметтер үшін азаматтардан ақы алу, нақ сол медициналық қызметті көрсеткені үшін екі рет: пациенттен және бюджет қаражатынан ақы алу) жауапты болады.
      15. Тапсырыс беруші Қызмет көрсетушіге іс жүзінде көрсетілген медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды уақтылы өтемегені үшін жауапты болады.
      16. Қызмет көрсетуші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Қызмет көрсетушінің Шарт сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
      17. Тапсырыс беруші тарапынан Медициналық көмек көрсету жөніндегі шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға және Тапсырыс берушінің Шарт сомасының 00,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

6. Шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату

      18. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
      19. Шартты мерзімінен бұрын бұзу ниеті туралы тараптар бір-бірін алдын ала хабар дар етуге міндетті.

7. Қорытынды ережелер

      20. Тараптардың бірде-бірі өздерінің осы Шарт бойынша міндеттемелерін екінші тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
      21. Осы Шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалған, бір данасы -Тапсырыс берушіде, екіншісі Қызмет көрсетушіде болады.
      22. Осы Шарт тараптар оған қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар осы Шарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаған сәтке дейін қолданылады.

8. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

Қызмет көрсетуші:                  Тапсырыс беруші:
__________________                 _________________
__________________                 _________________
__________________                 _________________