Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.10.2020 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:
1) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын aлу және салдарын жою;
2) аса қауіпті инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және оларды емдеу;
3) орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеу.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |