"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерінің б

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2286 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 593 және № 592 қаулыларымен енгізілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов