"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының 2008 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2279 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының 2008 жылғы жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған) бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2279 қаулысымен   
бекітілген      

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
2008 жылғы жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған) Астана 2009 жыл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Жылдық қаржылық есептілік (шоғырландырылған)

МАЗМҰНЫ

      Тәуелсіз аудиторлардың есебі

      Жылдық қаржылық есептілік (шоғырландырылған)

      1. Шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерім
      2. Пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есеп
      3. Капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
      4. Ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп
      5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2279 қаулысымен   
бекітілген       

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Жылдық қаржылық есептілік (шоғырландырылған)
Тәуелсіз аудиторлардың есебінен 2008 жылғы
31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін

ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ акционеріне

      Біз «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың және оның еншілес ұйымдарының (бұдан әрі мәтін бойынша «Топ») қоса беріліп отырған қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік, ол 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімді, пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепті, капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепті және көрсетілген күні аяқталатын жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті, сондай-ақ есеп саясатының қазіргі аспектілері туралы ақпарат пен шоғырландырылған қаржылық есептілікке басқа да ескертпелерді қамтиды.

      Басшылықтың қаржылық есептілікке жауапкершілігі

      Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес осы қаржылық есептілікті дайындау және дұрыс ұсыну үшін Топ басшылығы жауапты болады. Бұл жауапкершілік: алаяқтық немесе қателік салдарынан болатын елеулі бұрмалаулары жоқ қаржылық есептілікті дайындау және дұрыс ұсыну үшін қажетті тиісті ішкі бақылаудың жоспарлануын, енгізілуін және ұсталуын; тиісті есеп саясатын таңдау мен қолдануды; осы жағдаяттарға сәйкес келетін бухгалтерлік бағалауды жүзеге асыруды қамтиды.

      Аудитордың жауапкершілігі

      Біздің міндетіміз өзіміз жүргізген аудит негізінде осы шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша пікір білдіру болып табылады. Біз аудитті Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіздік. Бұл стандарттар біздің ізеттілік нормаларын сақтауымызды, коса беріліп отырған қаржылық есептілікте елеулі бұрмалаулардың жоқтығына жеткілікті сенімділік алу үшін аудиторлық тексеруді жоспарлау мен жүргізуімізді талап етеді.
      Аудит қаржылық есептіліктегі сомалар мен ақпараттарға қатысты аудиторлық дәлелдер алуға бағытталған рәсімдердін жүзеге асырылуын қамтиды. Рәсімдерді таңдау алаяқтық немесе қателік салдарынан болатын елеулі бұрмалау қаупін бағалауды коса алғанда, аудитордың пайымдауына негізделеді. Бұл қауіпті бағалау кезінде аудитор ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікірін білдіру үшін емес, аудиттің нақты жағдаяттарда қажетті рәсімдерін айқындау үшін қаржылық есептіліктің дайындалуы мен дұрыс ұсынылуына қатысты ішкі бақылау жүйесінің ұйымдастырылуын қарайды. Аудит сондай-ақ пайдаланылған есеп саясатының орындылығын және қаржылық есептіліктің жалпы ұсынылуын бағалауға тең басшылық жасаған бухгалтерлік бағалаудың негізділігін бағалауды қамтиды.
      Біз алған аудиторлық дәлелдер біздің аудиторлық пікірімізді білдіру үшін негіздемелер ұсынуға жеткілікті және лайықты болып табылады деп санаймыз.
      Ескертпелермен қорытынды үшін негіз
      Қоса беріліп отырған шоғырландырылған қаржылық есептілік ХБЕС ережелері талап ететіндей салыстырма ақпаратты білдірмейді.
      Қорытынды
      Біздің пікіріміз бойынша, барлық елеулі аспектілердегі шоғырландырылған қаржылық есептілік Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Топтың 2007 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелері мен көрсетілген күні аяқталатын жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысын дұрыс көрсетеді.

      ____________________       ____________________________
      Эльшад Алиев               Евгений Жемалетдинов
      Аудит партнері             Бас директор
                                 Қазақстан Республикасының аумағында
                                 аудиторлық қызметпен айналысуға
                                 арнап Қазақстан Республикасы Қаржы
                                 министрлігі 2005 жылғы 15 шілдеде
                                 берген сериясы МФЮ - 2, № 0000003
                                 мемлекеттік лицензия

      2009 жылғы 19 маусым

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Жылдық қаржылық есептілік (шоғырландырылған)

ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН БУХГАЛТЕРЛІК ТЕҢГЕРІМ
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

Мың теңгемен

Ескертпе

2008

АКТИВТЕР



Ұзақ мерзімді активтер



Негізгі құралдар

6

3.984.170.539

Материалдық емес активтер

7

116.801.586

Қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар

8

177.487.307

Клиенттерге қарыздар

9

169.712.749

Кредиттік мекемелердегі қаражат

10

142.506.747

Кейінге қалдырылған салық бойынша актив

35

13.321.196

Бірлескен кәсіпорын қатысушысынан алынатын вексель

21

9.431.009

Ұзақ мерзімді қаржы активтері

11

108.481.286

Ұзақ мерзімді банк делозиттері

12

37.606.677

Өзге де ұзақ мерзімді активтер

13

100.566.334



4.860.085.430

Ағымдағы активтер



Тауарлық-материалдық қорлар

14

169.377.704

Өтеуге ҚҚС


85.192.231

Табыс салығы бойынша алдын ала төлем

35

32.593.045

Сауда дебиторлық берешек

15

151.983.234

Клиенттерге қарыздар

9

24.307.838

Кредиттік мекемелердегі қаражат

10

28.102.547

Қысқа мерзімді қаржы активтері

11

91.169.145

Қысқа мерзімді банк депозиттері

12

590.785.603

Өзге де ағымдағы активтер

15

132.008.589

Ақша қаражаты және оның баламалары

16

1.506.080.120



2.811.600.056

Сатуға арналған активтер


1.160.225

АКТИВТЕРДІҢ ЖИЫНЫ


7.672.845.711

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі атынан шығаруға қол қойылды және бекітілді

Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі      ___________________________
                                             Әйтекенов Қайрат

Бас бухгалтер                           ___________________________
                                            Алмаз Әбдірахманова

      Қоса беріліп отырған есеп саясаты мен 11-74 беттердегі түсіндірме жазба осы жылдың қаржылық есептіліктің (шоғырландырыдған) ажырамас бөлігі болып табылады.

Мың теңгемен

Ескертпе

2008

КАПИТАЛ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР



Топ акционеріне жататын капитал



Жарғылық капитал

17

3.458.923,009

Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша резерв

(9.620.292)

Валюталарды қайта есептеу бойынша резерв

(28.242.096)

Өзге де капитал резервтері

11.920.441

Бөлінбеген пайда

270.036.775


3.703.017.837

Азшылық үлесі


554.321.327

Капитал жиыны


4.257.339.164

Ұзақ мерзімді міндеттемелер



Қарыздар

18

1.694.800.480

Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз

19

40.791.195

Жобадағы үлесті сатып алғаны үшін кредиттік берешек

20

239.500.799

Бірлескен кәсіпорынға қатысушыға кредиторлық берешек

21

163.451.870

Қаржылық жалға алу жөніндегі міндеттемелер

22

18.423.140

Резервтер

23

74.531.968

Кейінге қалдырылған салық жөніндегі міндеттемелер

35

219.051.735

Қызметкерлерге сыйақылар жөніндегі міндеттемелер

24

21.058.786

Туынды қаржы құралдары


7.466.031

Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер


28.887.895



2.507.963.899

Ағымдағы міндеттемелер



Қарыздар

18

287.704.627

Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз

19

796.024

Қаржылық жалға алу жөніндегі міндеттемелер

22

6.372.272

Резервтер

23

42.130.247

Қызметкерлерге сыйақылар жөніндегі міндеттемелер

24

1.439.383

Төлеуге табыс салығы

35

67.371.986

Сауда кредиторлық берешек


269.358.734

«Пут» опционы бойынша міндеттемелер

25

14.895.525

Туынды қаржылық құралдар


115.802

Ағымдағы өзге де міндеттемелер

26

217.358.048



907.542.648

Сатуға арналған ретінде жіктелген активтермен байланысты міндеттемелер


-

Міндеттемелердің жиыны


3.415.506.547

КАПИТАЛ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖИЫНЫ


7.672.845.711

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі атынан шығаруға кол қойылды және бекітілді

Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі      ___________________________
                                             Әйтекенов Қайрат

Бас бухгалтер                           ___________________________
                                            Алмаз Әбдірахманова

      Қоса беріліп отырған есеп саясаты мен 11-74 беттердегі түсіндірме жазба осы жылдың қаржылық есептіліктің (шоғырландырылған) ажырамас бөлігі болып табылады.

ПАЙДА ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
2008 жылға 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

Мың теңгемен

Ескертпе

2008

Кірістер

27

3.340.461.948

Мемлекеттік субсидиялар

28

14.979.137



3.355.441.085

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

29

(2.003.875.432)

Жалпы пайда


1.351.565.653

Жалпы және әкімшілік шығындар

30

(301.354.826)

Тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар

31

(216.001.926)

Еншілес ұйымдардың шығуынан түсетін кіріс


2.839.531

Өнім бермейтін барлау-пайдалану ұңғымаларды шығысқа шығару

6

(3.494.522)

Негізгі құралдардың шығуынан келетін шығын, нетто



(1.228.925)

Құнсызданудан келетін шығын

32

(96.571.063)

Өзге де операциялық кіріс


10.197.386

Операциялық қызметтен түсетін пайда


745.951.308

Қаржылық шығындар

33

(204.187.087)

Қаржылық кіріс

34

128.542.369

Қауымдасқан компаниялардың кірістеріндегі үлес


40.750.833

Теріс бағам айырмасы, нетто


(16.652.481)

Табыс салығы есептелгенге дейінгі пайда


694.404.942

Табыс салығы бойынша шығыстар

35

(233.370.426)

Жыл бойғы пайда


461.034.516

Мыналарға келетін:



Топ акционеріне


352.336.455

Азшылық үлесіне


108.698.061



461.034.516

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі атынан шығаруға кол қойылды және бекітілді

Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі      ___________________________
                                             Әйтекенов Қайрат

Бас бухгалтер                           ___________________________
                                            Алмаз Әбдірахманова

      Қоса беріліп отырған есеп саясаты мен 11-74 беттердегі түсіндірме жазба осы жылдың қаржылық есептіліктің (шоғырландырылған) ажырамас бөлігі болып табылады.

КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

Негізгі компанияның акционеріне келеді

Мың теңгемен

Ескертпе.

Жарғылық капитал

Сату үшін бар инвестицияларды қайта бағалау  резерві

Шетелдік валютаны қайта бағалау  резерві

Өзге де капитал резервтері

Бөлінбе пайда/жинақтау (тапшылық)

Жиыны

Азшылық үлесі

Жиыны

2007 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо


-

(4.527.040)

(30.938.029)

13.514.781

2.579.057.178

2.557.106.890

453.714.830

3.010.821.720

Сату үшін қолда бар инвестициялар бойынша іске асырылмаған таза шығын


-

(5.513.967)

-

-

-

(5.513.967)

(1.185)

(5.515.152)

Сату үшін қолда бар инвестициялар іске асырылған, шығару кезіндегі пайда және шығындар туралы есепке көшірілген таза кіріс



420.715

-

-

-

420.715

-

420.715

Салықты шегергенде туынды қаржы құралдары бойынша Іске асырылмаған таза шығындар


-

-

-

(3.258.561)

-

(3.258.561)

-

(3.258.561)

Шетелдік влютаны қайта есептеу

17

-

-

2.695.933

-

-

2.695.933

84.051

2.779.984

Тікелей капиталында танылған жыл ішіндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сомасы


-

(5.093.252)

2.695.933

(3.258.561)

-

(5.655.880)

82.866

(5.573.014)

Жыл бойғы таза кіріс


-

-

-

-

352.336.465

352.336.465

108.698.061

461.034.516

Жыл бойғы кірістер мен шығыстардың жалпы сомасы


-

(5.093.252)

2.695.933

(3.258.561)

352.680.455

346.680.575

108.780.927

455.461.502

Акциялар шығару

17

3.458.923.009

-

-

-

(2.648.911.940)

810.011.069

-

810.011.069

Төленген дивидендтер

17

-

-

-

-

(6.720.000)

(6.720.000)

(20.903.506)

(27.623.506)

Үлестік құралдар негізіндегі төлемдерді тану


-

-

-

1.314.775

-

1.314.775

-

1.314.775

Еншілес ұйымдарда жүзеге асырылған акцияларды сатып алу опциондары


-

-

-

(1.830.926)

880.251

(950.675)

701.195

(249.480)

Еншілес ұйымдардағы қатысу үлестерін өзгерту - азшылық үлесін сатып алу


-

-

-

-

(1.465.921)

(1.465.921)

(4.271.010)

(5.736.931)

Еншілес ұйымдардағы қатысу үлестерін өзгерту - еншілес ұйымның шығуы


-

-

-

-

(70.768)

(70.768)

(3.329.866)

(3.400.634)

Еншілес ұйымдардағы қатысу үлестерін өзгерту - миноритарлық акционердің үлесті сатып алуы


-

-

-

-

(78.200)

(78.200)

842.305

764.105

Еншілес ұйымның нарықтан өз акцияларын сатып алуы


-

-

-

-

(521.318)

(521.318)

-

(521.318)

Еншілес ұйымдарды өзге де тарату


-

-

-

-

(2.288.590)

(2.288.590)

-

(2.288.590)

Жарғылық капиталға миноритарлық акционердің салымы


-

-

-

-

-

-

18.786.452

18.786.452

Өзге де резервтік капиталды ұлғайту


-

-

-

2.10.372

(2.10.372)

-

-

-

2008 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо


3.458.923.009

(9.620.292)

(28.242.096)

11.920.441

270.036.775

3.703.017.837

554.321.327

4.257.339.164

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі атынан шығаруға қол қойылды және бекітілді

Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі      ___________________________
                                             Әйтекенов Қайрат

Бас бухгалтер                           ___________________________
                                            Алмаз Әбдірахманова

      Қоса беріліп отырған есеп саясаты мен 11-74 беттердегі түсіндірме жазба осы жылдың қаржылық есептіліктің (шоғырландырылған) ажырамас бөлігі болып табылады.

АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
2008 жылға 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

Мың теңгемен

Ескертпе

2008

Операциялық қызметтен ақша ағындары:



Табыс салығына дейінгі кіріс


694.404.942

Мыналарға түзету:



Тозуға, ескіруге және амортизацияға

6,7

237.268.247

Қауымдасқан компаниялардағы кірістегі үлеске

8

(40.750.833)

Қаржы шығындары

33

204.187.087

Қаржы кірісі

34

(128.542.369)

Құнсызданудан болған шығын

32

96.571.063

Қызметкерлерге сыйақы төлеу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелер

24

2.974.312

Өнім бермейтін барлау-пайдалану ұңғымаларды шығысқа шығару

6

3.494.522

Резервтерге аудару

23

23.376.714

Туынды қаржы құралдары


(1.491.931)

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің шығуынан келетін шығын


1.228.925

Еншілес ұйымдардың шығуынан келетін кіріс


(2.839.531)

Күмәнді дебиторлық берешек пен өзге де ағымдағы активтер бойынша резервтер

15

19.774.265

Өзге де қаржы активтері бойынша күмәнді борыштар жөніндегі резервтер

11

397.685

Өтеуге ҚҚС бойынша резервтер

13

980.196

Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтерін қайта бағалаудан болатын шығын


14.563.823

Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер бойынша шығыстар


1.314.775

Тауар-материалдық қорларды шығысқа шығару бойынша резервтер

14

4.586.294

Сату үшін қолда бар активтерді қайта бағалаудан болатын іске асырылған шығын


420.715

Бағамдық айырмадан түсетін іске асырылмаған кіріс


(2.285.622)

Айналым капиталындағы өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен түсетін кіріс


1.129.633.279

Өзге де ұзақ мерзімді активтердегі азаю


862.801

Клиенттерге қарыздардағы ұлғаю


(117.561.605)

Кредиттік мекемелердегі қаражаттағы ұлғаю


(104.323.429)

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардағы ұлғаю


(18.838.421)

Кері сатып алу келісімдері бойынша сатып алынған бағалы қағаздардағы ұлғаю


(21.069.901)

Пайда және шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері


(5.719.434)

Тауар-материалдық қорлардағы ұлғаю


(35.710.213)

Өтеуге ҚҚС-тағы ұлғаю


(29.090.046)

Сауда-дебиторлық берешектегі азаю


76.874.020

Ағымдағы өзге де активтердегі ұлғаю


(23.708.962)

Үкіметке берешектегі және одан алынған қарыздағы ұлғаю


102.323.683

Сауда-дебиторлық берешектегі ұлғаға


54.755.850

Өзге де міндеттемелердегі азаю


(5.120.062)

Операциялық қызметтен ақшаның таза түсімі


1.003.307.560

Төленген табыс салығы


(396.780.141)

Төленген пайыздар


(117.671.040)

Алынған пайыздар


87.363.357

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза түсімі


576.219.736

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі атынан шығаруға қол қойылды және бекітілді

Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі      ___________________________
                                             Әйтекенов Қайрат

Бас бухгалтер                           ___________________________
                                            Алмаз Әбдірахманова

      Қоса беріліп отырған есеп саясаты мен 11-74 беттердегі түсіндірме жазба осы жылдың қаржылық есептіліктің (шоғырландырылған) ажырамас бөлігі болып табылады.

Мың теңгемен

Ескертпе

2008

Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаның қозғалысы:



Банк депозиттерін орналастыру, нетто


(51.574.281)

Қауымдасқан компаниялардың акцияларын сатып алу


(6.773.737)

Сатып алынған ақшалай қаражатты шығарып тастағанда, еншілес ұйымдарды сатып алу

5

(78.479.031)

Сатып алынған ақшалай қаражатты шығарып тастағанда, бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды сатып алу

5

(41.316.086)

Азшылық үлесін сатып алу


(2.671.327)

Шығару тобынан қайта топтастырылған еншілес ұйымдардың ақша қаражаты


105.033

Негізгі құралдарды сатып алу


(693.543.201)

Материалдық емес активтерді сатып алу


(15.883.317)

Қаржы активтерін сатып алу


(2.630.133)

Негізгі құралдарды сатудан түскен түсімдер


31.157.988

Ұзақ мерзімді активтер үшін төленген аванстар


(32.949.125)

Қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер

8

58.012.876

Еншілес ұйымдарды сатудан түскен түсімдер


3.811.702

Азшылық үлесін сатудан түскен түсімдер


4.383.768

Акциялар сатып алуға арналған опционды орындау


(249.480)

Еншілес ұйымдардың жарналары


14.220.213

Инвестициялық қызметке ақшаны таза жұмсау


(814.378.138)

Қаржы қызметінен түсетін ақша қозғалысы:



Қарыздар бойынша түсімдер


1.100.534.617

Қарыздарды өтеу


(773.682.701)

Қаржылық жалдау жөніндегі міндеттемелерді өтеу


(5.307.833)

Еншілес ұйымдардың акцияларын өтеу


(521.318)

Акционермен болатын операциялар


12.718.000

Еншілес ұйымдардың миноритарлық акционерлеріне төленген дивидендтер

17

(20.903.506)

Акционерге төленген дивидендтер


(6.720.000)

Еншілес ұйымдарды өзге де бөлу


(2.288.590)

Жарғылық капиталға жарналар


795.629.420

Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражатының таза түсімі


1.099.458.089

Айырбастау бағамдары өзгерістерінің ақшаға және оның баламаларына әсері


1.377.450

Ақша қаражаты мен оның баламаларының таза ұлғаюы


862.677.137

Жыл басындағы ақша қаражаты және оның баламалары


643.402.983

Жыл аяғындағы ақша және оның баламалары

16

1.506.080.120

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі атынан шығаруға қол қойылды және бекітілді

Басқарушы Директор-Басқарма мүшесі      ___________________________
                                             Әйтекенов Қайрат

Бас бухгалтер                           ___________________________
                                            Алмаз Әбдірахманова

      Қоса беріліп отырған есеп саясаты мен 11-74 беттердегі түсіндірме жазба осы жылдың қаржылық есептіліктің (шоғырландырылған) ажырамас бөлігі болып табылады.

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі» АҚ жылдық қаржылық есептілік (шоғырландырылған) ЖЫЛДЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ
(ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН) ЕСКЕРТПЕЛЕР

1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

      Корпоративтік ақпарат

      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша «Компания», «Қор» немесе «Самұрық-Қазына») Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы қаулысына сәйкес 2008 жылғы 3 қарашада құрылды. Құрылу «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ («Қазына») пен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ («Самұрық») қосылуы және Мемлекеттің Қорға Қазақстан Республикасының Үкіметіне («Мемлекет» немесе «Үкімет») тиесілі кейбір кәсіпорындардағы өзінің меншік құқығын қосымша беру арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті білдіретін Үкімет Компанияның жалғыз акционері (бұдан әрі мәтін бойынша «Акционер»)болып табылады.
      Қор 37-ескертпеде санамаланған бір қатар мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіретін холдинг (бұдан әрі мәтін бойынша «Топ») болып табылады. Басқарушылық мақсаттары үшін Топтың қызметі өндіретін өнімнің түріне және көрсетілетін қызметтеріне сәйкес мынадай бес операциялық сегменттерге бөлінеді (42-ескертпе). Мұнай-газ сегменті мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай мен газды тасымалдау, шикі мұнайды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерін сату. Тасымалдау сегменті жүктер мен жолаушыларды темір жол және әуе көлігімен тасымалдау операцияларын қамтиды. Телекоммуникация сегменті жергілікті, қалааралық және халықаралық байланысты қоса алғанда (ТМД-ға кірмейтін елдерді коса алғанда) тіркелген байланыс қызметтері жөніндегі операцияларды; сондай-ақ байланыс арналарын жалға беру, деректер беру мен сымсыз байланыс қызметтерін қамтиды. Энергетикалық сегмент электр энергиясын өндіру мен беру жөніндегі, электр энергиясын энергетикалық жүйеге босатуды техникалық диспетчерлеу жөніндегі және импортталатын электр энергиясын тұтыну жөніндегі операцияларды, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің объектілерін орталықтандырып жедел-диспетчерлік басқару функцияларын қамтиды. Қаржы институттары мен Даму институттары сегменті Қазақстан экономикасының барлық сегменттерінде инвестициялық және инновациялық қызметті ұлғайту мен ынталандыру жөніндегі операцияларды қамтиды.
      Қайта ұйымдастыру кезіндегі Үкіметтің негізгі мақсаты Үкіметтің тиісті бағдарламалары мен даму жоспарларында белгіленген олардың стратегиялық міндеттерін табысты орындау мақсатында осы компаниялардағы менеджменттің тиімділігін арттыру мен ұйымдық құрылымын оңтайландыру болып табылады. Самұрық пен Қазынаның қосылуы және қосымша беру кәсіпорындарды жалпы бақылауға біріктіруді білдіреді, оны Қор 2-ескертпеде ашқандай, үлестерді біріктіру ретінде ескереді.
      Компанияның тіркелген офисі: Қазақстан Республикасы, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 23/1 мекен-жайында орналасқан.
      Осы қаржылық есептілікті шығаруға 2009 жылғы 19 маусымда Компанияның Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі мен Бас бухгалтері бекітті.

      Экономикалық жағдайлар

      Қазақстан Республикасы нарықтық экономика шарттары талап еткендей, экономикалық реформаларды және өзінің заңнамалық, салық және нормативтік базасын әзірлеуді жалғастыруда. Осы реформалар мен әзірленімдер және үкімет қабылдаған экономикалық, қаржылық және монетарлық шаралардың тиімділігі қазақстан экономикасының болашақтағы тұрақтылығын қолдау мақсатын қояды.
      Қазақстан экономикасы іскерлік белсенділіктің әлсіреуіне және әлемдегі экономикалық даму қарқынының төмендеуіне сезімтал. Жалғасып отырған әлемдік қаржы дағдарысы капитал нарығының тұрақсыздығын, банк секторындағы өтімділіктің елеулі нашарлауын және қазақстанда кредит берудің неғұрлым қатаң шарттарын туғызды.
      Жоғарыда көрсетілген салаларда одан әрі нашарлау жағдайында Топтың қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағдайына теріс әсер ету қазіргі кезде айқындалмайды.
      2009 - 2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жоспары
      Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдің экономикасы мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын камтамасыз ету мақсатында Үкіметтің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (2008) («Тұрақтандыру жоспары») бекітілді. Тұрақтандыру жоспары мынадай мақсаттарға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді:
      * Қаржы секторын тұрақтандыру
      * Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
      * Шағын және орта бизнесті қолдау
      * Агроонеркәсіп кешенін дамыту
      * Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды
        іске асыру
      Қор Үкіметтің Тұрақтандыру жоспарын іске асыру жөніндегі негізгі операторы ретінде түседі.

      Тарифтерді белгілеу

      Топтың бірқатар еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тарапынан реттеу объектілері болып табылады. Бұл Агенттік тарифтерді есептеу әдістемесі мен тарифтік ставкаларды бекітуге жауап береді, олардың негізінде еншілес ұйымдар өз кірістерінің елеулі бөлігін алады.

2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ НЕГІЗІ

      Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік есеп саясатында және осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде сипатталған жағдайларды қоспағанда, бастапқы құн қағидаты негізінде дайындалды.
      Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік теңгемен ұсынылған және арнайы шарттасқан жағдайларды қоспағанда, ақша сомалары мыңға дейін дөңгелектелген.

      Сәйкестігі туралы мәлімдеме

      Топтың қоса беріліп отырған шоғырландырылған қаржылық есептілігі Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары («ХҚЕС») жөніндегі Комитеттің Басқармасы шығарған Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына («ҚЕХС») сәйкес дайындалды.
      Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ХҚЕС-ка сәйкес дайындау белгілі бір сыни есептемелік бағалауды талап етеді, сондай-ақ басшылықтан есеп саясатын қолдану барысында жол берулер бойынша пікірлер қолдануда талап етеді. Жоғары күрделілік деңгейі мен жол берулерді қолдануды қамтитын қолданылу саласы, сондай-ақ бағалау мен жол берулерді қолдану шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін елеулі болып табылатын салалар 4-ескертпеде ашылған.

      Шоғырландыру қағидаттары

      Шоғырландырылған қаржылық есептілік Компанияның және ол бақылайтын еншілес ұйымдар мен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың қаржылық есептілігін қамтиды (36-ескертпе).

      Еншілес ұйымдар

      Еншілес ұйымдар, бұл Топ бақылайтын кәсіпорындар. Топтың осындай түрде оның қызметінен пайда ала отырып, кәсіпорынның қаржы және операциялық саясатын тікелей немесе жанама басқару өкілеттігі болғанда бақылау болады. Жалпы бақылаудағы кәсіпорындар арасындағы мәміледе сатып алуды қоспағанда, еншілес ұйымдар өздерін сатып алған сәттен бастап шоғырландырылады, ол мұндай бақылау тоқтатылған күнге дейін Топтың оларды бақылауды сатып алған күні болып табылады. Еншілес ұйымдарды сатып алған кезде сатып алу құны олардың сату күніндегі әділ құны негізіндегі активтер мен міндеттемелерге бөлінеді. Еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі келісілген есеп саясаты пайдаланыла отырып, Компанияның қаржылық есептілігі сияқты есепті кезеңде дайындалады. Мәмілелер бойынша барлық фирмаішілік сальдо мен топ ішілік мәмілелер бойынша туындайтын іске асырылмаған кірісті коса алғандағы мәмілелер есептіліктен толығымен шығарылды. Іске асырылмаған шығындар, олар құнсыздану туралы куәлік болмағандай дәрежеде ғана шығарылатынын қоспағанда, іске асырылмаған кіріс сияқты шығарылды.
      Азшылық үлесі Топқа тиесілі емес және шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде жеке, негізгі компанияның акционерлік капиталынан жеке көрсетілетін еншілес ұйымдардағы кірістің немесе шығынның бөлігін және таза активтерді білдіреді.
      Бірлескен кәсіпорындардағы үлес
      Топтың бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардағы үлесі тең шоғырлану әдісі бойынша есептеледі, ол шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі ұқсас баптармен бірге бірлескен кәсіпорынның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы тең үлесті жол бойынша тануды қамтиды. Бірлескен кәсіпорын Топ осы бірлескен кәсіпорынды бірлесіп бақылау жоғалтқан күнге дейін тең шоғырландырылады.

      Топтың құрылуы

      Топ 2008 жылы Мемлекеттің жалпы бақылауында болған «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ пен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ қосылуы және Мемлекеттің Қорға кейбір кәсіпорындардағы өзінің меншік құқығын қосымша беру арқылы құрылды. Топ жалпы бақылаудагы компанияларды қайта ұйымдастыру арқылы құрылғандықтан, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік үлестерді біріктіру әдісі пайдаланыла отырып дайындалды. Сөйтіп, салыстырмалы деректерді қоса алғанда, қаржылық есептілік, егер еншілес ұйымдардағы бақылаушы иелену үлестерін аудару неғұрлым ерте ұсынылған кезеңнің басында (яғни 2008 жылғы 1 қаңтарда) немесе кешірек, жалпы бақылаудағы компанияларды ауыстыру жолымен еншілес ұйымдарды сатып алу күнінде жүргізілгендей ұсынылды. Берілген еншілес ұйымдардың активтері мен міндеттемелері осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте капитал шоттарына тиісті түзетумен беретін ұйымдардың қаржылық есептілігінде көрсетілген теңгерім құны бойынша көрсетілді. Акционерлік капиталдың номиналдық құны бөлінбеген пайданы капиталдандырумен, ақшалай және мүліктік жарналармен шарттасады.

3. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ

      Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылған есеп саясатының негізгі аспектілері төменде келтірілді. Бұл есептік саясат, егер өзгеше көрсетілмесе, барлық ұсынылған кезеңдер үшін дәйекті түрде қолданылды.

      ХҚЕС жаңалықтары

      Топ есепті жыл ішінде жаңа немесе қайта қаралған стандарттар мен интерпретациялар қабылдады:
      Интерпретация 11 «ХҚЕС 2 - Топ акцияларымен және қазынашылық акцияларымен операциялар». Интерпретация ол бойынша қызметтерге компанияның үлестік құралдарына құқық берілетін шарттың компания үлестік құралдарды үшінші жақтан сатып алатын немесе қажетті құралдарды акционерлер беретін жағдайлардың өзінде үлестік құралдары төлеуді көздейтін жоспар ретінде ескерілуін талап етеді. Осы Интерпретацияны қабылдау Топтың қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріне әсер етпеді.
      Интерпретация 14, «ХБЕС 19 - Қызметкерлерге төлемдер: зейнетақы жоспары активтерінің шамасын шектеуді қаржыландыруға қойылатын ең аз талаптардың әсері». Интерпретация «Қызметкерлерге төлемдер» ХБЕС 19 сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін белгіленген төлемдерімен зейнетақы жоспары бойынша артық сомаға қатысты шектеуді қалай айқындауға болатындығына басшылық береді. Топта белгіленген төлемдерімен жоспар болмағандықтан Интерпретация Топтың қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріне әсер етпеді.
      Интерпретация 12 - «Қызметтер көрсетуге арналған концессиялық шарттар». Бұл интерпретация концессионерлерге қатысты қолданылады  және қызметтер көрсетуге арналған концессиялық шарттарға сәйкес қабылданған және алынған міндеттемелер мен құқықтарды қандай түрде көрсету қажеттігін түсіндіреді. Топ концессионер болып табылмайды, сөйтіп бұл интерпретация Топка әсер еткен жоқ.
      Интерпретация 13 - «Клиенттердің адалдығын қолдауға бағытталған бағдарламалар». Осы Интерпретацияға сәйкес клиенттердің адалдығы үшін бонустық бірліктер сауда мәмілесінің жеке құрамдас бөлігі ретінде ескерілуге тиіс, оның нәтижесінде олар ұсынылды, және сондықтан алынған сыйақының әділ құнының бір бөлігі бонустық бірлікке жатады және бонустық бірліктерді пайдалану жататын кезеңге кейінге қалдырылады. Содан кейін олар бонустық бірліктер өтелген кезеңдегі кіріс ретінде танылады. Бұл Интерпретация Топтың қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріне әсер етпеді.
      Интерпретация 16 «Таза инвестицияларды шетелдік қызметке хеджирлеу». Интерпретация 16 2008 жылғы шілдеде жарияланды және 2008 жылғы 1 қазанда немесе осы күннен кейін басталатын есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. Интерпретация перспективті түрде қолданылуға тиіс. Интерпретация 16 таза инвестицияларды хеджирлеуді есепке алу жөніндегі басшылықты білдіреді. Мәні бойынша ол таза инвестицияны хеджирлеу кезінде хеджирлеу есебін қанағаттандыратын валюталық тәуекелдерді айқындау жөніндегі басшылықты, сондай-ақ таза инвестицияны хеджирлеу кезінде топтың шеңберінде хеджирлеу құралдары ұсталынатынына және компания қандай түрде таза инвестицияны шығару кезінде пайда және шығындар туралы есепке көшірілуге тиіс таза инвестициямен де, сондай-ақ хеджирлеу құралымен де байланысты кірістердің немесе шығыстардың шетелдік валютадағы сомасына қайта есептеуге жататын шаманы айқындауға тиісті басшылықты білдіреді. Топ таза инвестицияларды хеджирлемейді, сондықтан бұл интерпретация Топка әсер еткен жоқ.
      Топ 2007 жылы алдын ала қабылдаған қайта қаралған 6-ескертпеде ашылғандай, Топтың қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелеріне әсер еткен ХБЕС 23 «Қарыздар бойынша шығындарды» қоспағанда қайта қаралған стандарттар мен интерпретацияларды қабылдау Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне елеулі әсер етпеді.
      Топ сондай-ақ жаңа «Операциялық сегменттер» ХҚЕС 8 уақтылы қабылдады, ол сегменттік есептілік бойынша ашуды түрлендіруге әкелді(42-ескертпе). Бұл стандарты қабылдау Топтың қаржылық көрсеткіштері мен қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ.
      Әлі күшіне енбеген ХҚЕС пен КИҚЕХС Интерпретацилары
      Топ шығарылған бірақ әлі күшіне енбеген мынадай ҚЕХС пен КИҚЕХС Интерпретациларын қолданған жоқ:
      * ХҚЕС 1 (түзетілген) «Халықаралық қаржылық есептілік
        стандарттарын алғаш реет қабылдау»;
      * ХҚЕС 2 «Үлестік құралдар негізінде төлеу - құдықтар беру және
        күшін жою»;
      * ХҚЕС 3 (қайта қаралған) «Кәсіпорындарды біріктіру»;
      * ХҚЕС 7 (түзетілген) «Қаржы құралдары бойынша ашуды
        жетілдіру»;
      * ХҚЕС 8 «Операциялық сегменттер»;
      * ХБЕС 1 (қайта қаралған және түзетілген) «Қаржылық есептілі»
        беру»;
      * ХБЕС 27 (қайта қаралған) Шоғырландырылған және жеке қаржылық
        есептілік»;
      * ХБЕС 28 «Қауымдасқан компанияларға инвестициялар», ҚЕХС 3
        «Кәсіпорындарды біріктіруге» туындаған туындаған түзетулер;
      * ХБЕС 31 «Бірлесіп бақыланатын қызметтегі үлес»,
        ҚЕХС 3 «Кәсіпорындарды біріктіруге» түзету нәтижесінде
        туындаған түзетулер;
      * ХБЕС 32 (түзетулер) «Қаржы құралдары: ұсыну»;
      * ХБЕС 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау»;
      * Интерпретация 15 «Жылжымайтын мүлік объектілерін салуға
        арналған шарттар»;
      * Интерпретация 17 «Меншік иелері арасында сенімсіз активтерді
        бөлу»;
      * Интерпретация 18 «Клиенттердің активтерін беру».
      Басшылық осы Стандарттар мен Интерпретацияларды қабылдау болашақтағы кезеңдерде Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне елеулі әсер етпейді деп күтеді.
      2008 жылғы мамырда Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы қарама-қайшылықтарды жою және тұжырымдарды нақтылау мақсатында стандарттарға толықтырулар мен өзгерістер жинағын шығарды. Әрбір стандарт өзінің ауыспалы ережесін қамтиды. 2008 жылы Топ өзінің қызметіне қолданылатын ХҚЕС-кк толықтырулар мен түзетулерді қабылдады.

      Функционалдық валюта және беру валютасы

      Шоғырландырылған қаржылық есептілік теңгемен берілді. Топтағы әрбір ұйым өзінің меншік функционалдық валютасын анықтайды және әрбір ұйымның қаржылық есептілігіне енгізілген баптар осы функционалдық валютаны пайдалана отырып бағаланады. Функционалдық валютасы теңгеден ерекшеленетін Топтың ұйымы 21 «Валюта бағамдары өзгерісінің әсері» Бухгалтерлік Есептің Халықаралық Стандарты («ХБЕС») ережелерінің негізінде осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке беру мақсаты үшін өзінің қаржылық есептілігін теңгемен былайша қайта есептейді:
      * Әрбір берілген бухгалтерлік теңгерім үшін активтер мен
        міндеттемелер есепті күнге қорытынды бағам бойынша қайта
        есептеледі;
      * Кірістер мен шығыстар туралы әрбір есеп бойынша кірістер мен
        шығыстар кезең үшін орташа айырбастау бағамы бойынша қайта
        есептеледі;
      * Жинақталған кіріс немесе шығын сальдосына енгізілген кезеңге
        таза кірістен немесе шығыннан басқа, капиталдың баптары
        берілген бухгалтерлік теңгерім күнгі қорытынды бағам бойынша
        қайта есептеледі; және
      * Барлық пайда болатын бағамдық айырмалар капиталдың бөлек
        құрауышы ретінде танылады.

      Шетел валюталарын қайта есептеу

      Шетел валютасында берілген операциялар бастапқыда операция күнгі қолданылған бағам бойынша функционалдық валютада көрсетіледі. Шетел валютасында берілген ақшалай активтер мен міндеттемелер бухгалтерлік теңгерім жасалған күнгі айырбастау бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі. Тиісті мәміле күнінен кейін шетел валютасында берілген активтер мен міндеттемелер бойынша пайда болатын кез келген бағамдық айырмалар кірістерге және шығыстарға кредиттеледі немесе дебеттеледі. Шетел валютасында тарихи құн бойынша анықталған ақшалай емес баптар бастапқы операциялар күнгі айырбастау бағамы бойынша көшіріледі. Шетел валютасындағы әділ құн бойынша анықталған ақшалай емес баптар әділ құн анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша көшіріледі.
      Қазақстандық қор биржасы («ҚҚБ») белгілеген - валюта айырбастаудың орташа салмақталған бағамдары Қазақстан Республикасында ресми айырбастау бағамдары ретінде пайдаланылады.
      Мына кестеде шетел валютасының айырбастау бағамы теңгемен берілген:


31 желтоқсан, 2008

АҚШ доллары

120,77

Евро

170,89

Швейцар франкі

114,43

Ресей рублі

4,11

Жапон иені

1.34

      Қауымдасқан компанияларға инвестициялар

      Қауымдасқан компанияларға Топтың инвестициялары үлестік қатысу әдісін пайдалана отырып, ескеріледі. Қауымдасқан кәсіпорын - бұл Топ елеулі ықпал ететін және Топтың еншілес ұйымдары немесе бірлескен кәсіпорындары болып табылмайтын кәсіпорын. Қауымдасқан компанияларға инвестициялар құны бойынша бухгалтерлік теңгерімде және сатып алғаннан кейін болған қауымдасқан компанияның таза активтерінде Топ үлесінің өзгерісі және алынған құнның кез келген құнсыздануы көрсетіледі. Кірістер мен шығыстар туралы шоғарландырылған есеп қауымдасқан компаниялардың кірістерінде және шығыстарында Топтың үлесін көрсетеді.

      Кәсіпорындарды біріктіру

      Кәсіпорындарды біріктіру және бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді сатып алу сатып алу әдісі бойынша ескеріледі.
      Гудвилл бастапқыда өзіндік құны бойынша бағаланады, ол сатып алынатын компанияның таза бірдейлендірілген активтерінің, міндеттемелері мен шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы Топ үлесінен сатып алу құнының артуы болып табылады.
      Бастапқы танығаннан кейін Топ кәсіпорындар біріктірілген кезде сатып алынған гудвиллді құнсыздану бойынша кез келген жинақталған шығындарды минустық құны бойынша бағалайды. Құнсыздану мәніне тестілеу мақсаттары үшін компаниялардың біріктірілуі нәтижесінде сатып алынған гудвилл сатып алынған сәттен бастап ақша ағындарын генерациялайтын бірліктерге бөлінеді, олар компаниялар сатып алған басқа активтер мен міндеттемелер осы бірліктерге жататын-жатпайтындығына қарамастан экономикалық тиімділік алу күтіледі.
      Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды сатып алу
      Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды (Мемлекет бақылайтын қарапайым кәсіпорын) сатып алуды есепке алу үлестерді біріктіру әдісі бойынша жүргізіледі.
      Жалпы бақылаудағы еншілес ұйым берген активтер мен міндеттемелер берген күнгі берген компанияның (алдыңғы иесі) есептілігінде олардың теңгерім құны бойынша осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі. Алдыңғы иесінен ұйымды бастапқы сатып алған кезде пайда болатын гудвилл осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте де көрсетіледі. Алдыңғы иесінің гудвиллін коса алғанда, таза активтердің жалпы теңгерім құны мен төленген қаражат сомасы арасындағы айырма меншік капиталды түзету ретінде осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте ескерілген.
      Егер еншілес ұйымды Топ Бастапқы иесі осы сатып алған күні сатып алса, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады.
      Бар еншілес компаниялардағы үлестің өзгеруі
      Бар еншілес ұйымдағы иелену үлесінің сатылатын немесе сатып алынатын, бірақ бақылау құқығы өзгеретін транзакцияларда еншілес ұйымның таза активтерінде иеліктен шығарылатын немесе сатылып алынатын үлестің теңгерім құны мен сату құнының немесе осы үлесті сатып алу құнының арасындағы айырма бөлінбеген пайданың ұлғаюы немесе кемуі ретінде көрсетіледі.

      Мұнай мен табиғи газды барлау және игеру бойынша шығыстар

      Лицензиялар мен мүлік сатып алу бойынша шығындар
      Барлауға арналған лицензияларды сатып алу бойынша шығындар материалдық емес активтердің құрамында капиталданады және болжанған барлау мерзімі ішінде желілік әдіс бойынша амортизацияланады. Әрбір объект бұрғылау жұмыстары жоспарланғанын және ол құнсызданбағанын растау мәнін жыл сайын қарайды. Егер объекті бойынша болашақтағы жұмыстар жоспарланбаған жағдайда, лицензиялар мен мүлік сатып алу бойынша шығындардың қалған сальдосы есептен шығарылады. Өнеркәсіптік қорлар («дәлелденген қорлар» немесе «коммерциялық қорлар») табылған жағдайда, амортизация тоқтатылады және қалған шығындар барлау бойынша шығындармен бірігеді және магериалдық емес активтер құрамына қорларды растағанға дейін кен орындары бойынша бөліністе дәлелденген активтер ретінде танылады. Кен көзін игеруді іштей бекіткен сәтте тиісті шығыстар негізгі құралдарға (мұнай-газ активтеріне) ауыстырылады.
      Барлауға жұмсалатын шығындар
      Геологиялық және геофизикалық шығыстар мұндай шығындар болған сәтте есептен шығарылады. Барлау ұнғымаларына тікелей қатысты шығындар ұңғымаларды бұрғылау аяқталғанға және мұндай бұрғылау қорытындылары бағаланғанға дейін негізгі құралдар (аяқталмаған құрылыс) құрамында капиталдандырылады. Мұндай шығындар өзіне жалақыны, материалдар мен жанар-жағармайды, бұрғылау станоктарының құнын және мердігерлердің төлемдерін қамтиды. Егер көмірсутегі табылмаса, барлауға арналған шығындар құрғақ ұңғыма бойынша шығыстар сияқты шығысқа шығарылады. Егер баска ұңғымаларды (барлау немесе құрылымдық-іздеу ұңғымалары) қамтуы мүмкін бағалауға жататын көмірсутегі табылса, оларды коммерциялық игеру мүмкін болса, онда шығындар актив ретінде жіктеледі. Осы сияқты барлық шығындар кен көзін игеруді жалғастыру ниетін немесе қандай-да бір тәсілмен кен ашудан өтеуді тартуды растау үшін кем дегенде жылына бір рет техникалық, коммерциялық және басқару тексеруіне жатады. Керісінше жағдайда шығындар шығысқа шығарылады.
      Мұнай мен газдың дәлелденген қорлары белгіленсе және кен көзін игеруді жалғастыруға шешім қабылданса, онда тиісті шығындар негізгі құралдар (мұнай-газ активтері) құрамына ауыстырылады.
      Игеруге жұмсалатын шығындар
      Платформа, құбыр арналары және кен көзін игеру ұңғымалары сияқты инфрақұрылым объектілерінің құрылысына, орнатуға және аяқтауға шығындар кезең шығыстарына құрғақ ұңғымалар ретінде есептен шығарылатын көмірсутегінің жеткілікті коммерциялық саны ашылмаған кен көзін игеру немесе сұлбасын жасау ұңғымаларына қатысты шығыстарды қоспағанда, негізгі құралдардың құрамында капиталдандырылады.
      Тозу
      Мұнай-газ мүлкі өнімді шығару бойынша тозуды есептеу әдісін пайдалана отырып, амортизацияланады. Кен орындарының пайдалы қызметінің қалған мерзімінен аз пайдалы қызмет мерзімімен мұнай-газ объектілерінің кейбір объектілері 4-10 жылға пайдалы пайдалану мерзімі ішінде тіке желілік әдісті пайдалана отырып, амортизацияланды. Өндіруші ұңғымалардың құны дәлелденген шығарылған қорлардың есебінен амортизацияланады. Лицензиялар мен мүлік сатып алуға шығындар пайдалануға шығару және кен орындарын өңдеуге шығындар дәлелденген қорлардың жалпы сомасы бойынша амортизацияланады.

      Негізгі құралдар

      Бастапқы тану кезінде негізгі құралдар бастапқы құны немесе бұрын ҚЕХС алғашқы болып қабылдаған Топтың кейбір ұйымдарына қатысты бастапқы құн бойынша бағаланады. Соның салдарынан негізгі құралдар қайта бағалау сомасы бойынша теміржол жолдары мен инфрақұрылымнан, локомотивтерден, вагондардан, дерзиналар мен кар тазалағыштардан басқа жинақталған тозу, ескіру және құнсыздану алынған құны бойынша ескеріледі. Шаруашылық тәсілмен құрылған активтердің құны материалдардың құнын, тікелей еңбек шығындарын және өндірістік жүктеме шығыстарының тиісті үлесін қамтиды. Мұнай-газ активтерінен басқа негізгі құралдар негізінен мынадай негізгі құралдардың кластарын қамтиды, олар мына пайдалы қызмет мерзімі ішінде тіке желілік әдіспен амортизацияланады:
      Құбыржолдар мен қайта өңдеу активтері        4-100 жыл
      Ғимараттар мен құрылыстар                    8-100 жыл
      Темір жолдар мен инфрақұрылым                10-80 жыл
      Тау-кен активтері                            40 жыл
      Машиналар мен жабдықтар және көлік құралдары 3-50 жыл
      Өзгелері                                     3-20 жыл
      Негізгі құралдардың объектілері ірі ауқымды техникалық тексерудің мәні болып табылғанда, шығындар 16 БЕХС-да белгіленген тану өлшемдерін сақтау талабы кезінде ауыстыру ретінде негізгі құралдардың теңгерім құнында танылады.
      Негізгі құралдардың объектісін тану ол істен шыққаннан кейін немесе оны пайдаланудан не істен шығуынан болашақ экономикалық пайда алу күтілмейтін болса, тоқтатылады. Активті тану тоқтатылған кезде пайда болған кез келген кірістер немесе шығыстар (істен шығу мен активтің қалдық құнынан түскен таза түсімдер арасындағы айырма ретінде есептелген) активті тану тоқтатылған есепті кезеңдегі кірістер мен шығыстар туралы есепке енгізіледі.
      Активтің қалдық құны, пайдалы қызмет мерзімі және амортизациялау әдісі әрбір қаржы жылының аяғында қажеттілік болғанда қайта қаралады және түзетіледі.

      Материалдық емес активтер

      Бөлек сатып алынған материалдық емес активтерді бастапқы тану кезінде сатып алу құны бойынша ескеріледі. Ұйымдарды біріктіру бойынша операциялар шеңберінде сатып алынған материалдық емес активтердің құны сатып алу күнгі әділ құнды білдіреді. Материалдық емес активтерді бастапқы танығаннан кейін кез келген жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болатын кез келген жинақталған шығынды шегере отырып, сатып алу құны бойынша ескеріледі. Кен көзін игеруге капиталдандырылған шығындарды қоспағанда, өз күштерімен құрылған материалдық емес активтер капиталдандырылмайды және тиісті шығыстар шығыстар пайда болған сол кезеңде кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте танылады. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі шектеулі немесе шектеусіз ретінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер қызметтің осы мерзімі ішінде амортизацияланады және материалдық емес актив құнсыздануы мүмкін көрсеткіш болғанда құнсыздану мәніне бағаланады. Амортизациялау кезеңі және пайдалы қызметтің мерзімі шектелген материалдық емес активтер үшін амортизация әдісі кем дегенде әрбір есепті жылдың аяғында қайта қаралады. Пайдалы қызметтің күтілетін мерзіміне немесе материалдық емес активтен түсетін алдағы экономикалық пайданың күтілетін көлеміне өзгерістер амортизация кезеңіне өзгерістер немесе мән-жайлар бойынша амортизация әдісі арқылы ескеріледі және бухгалтерлік бағалауға өзгерістер ретінде қаралады. Қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша шығыстар материалдық емес активті белгілеуге сәйкес шығыстар құрамында кірістер мен шығыстар туралы есепте танылады. Қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер амортизацияланбайды, бірақ жыл сайын құнсыздануға тексеріледі немесе құнсыздану көрсеткіштері болғанда және кажет болған кезде өтелетін шамаға дейін есептен шығарылады.
      Материалдық емес активтер бағдарламалық-қамтамасыз етуді, лицензияны  және гудвилді қамтиды. Материалдық емес активтерге қатысты неғұрлым нақтырақ ақпарат, мысалы амортизацияның пайдаланылатын әдістері 7-ескертпеде ашылған.
      Гудвилл
      Сатып алу құны сатып алу күнгі сатып алынған таза сәйкестендірілетін активтер мен міндеттемелердің әділ құнында Топтың үлесінен асып кетуі гудвилл ретінде ескеріледі және шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімге актив ретінде танылады.
      Бастапқы танығаннан кейін Топ құнсызданудан кез келген жинақталған шығынды ала отырып, өздік құны бойынша компанияларды біріктіру кезінде сатып алынған гудвилді бағалайды.
      Егер сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелердің шартты міндеттемелердің таза әділ құнында Топтың үлесі компанияларды біріктіру құнынан асып кетсе, Топ (а) сатып алынатын компанияның сәйкестендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің сәйкестігі мен бағасын және біріктіру құнының бағасын қайтадан анықтайды; және (б) тікелей кірісте немесе шығында мұндай қайталама анықтаудан кейін қалған кез келген асып кетуді таниды.

      Қаржылық емес активтердің құнсыздануы

      Топ активтерді немесе активтер тобын оқиға немесе жағдаяттардағы өзгерістер активтік теңгерімдік құны өтелмейтіндігін көрсеткен жағдайларда құнсыздану мәніне бағалайды. Жекелеген активтер негізінен ақша ағындарына қарамастан, басқа активтер топтарымен генерацияланатын сәйкестендірілген ақша ағындары бар ең төменгі деңгейде құнсыздануға бағалау мақсаттары үшін топтастырылады. Егер құнсызданудың осындай көрсеткіштері болған жағдайда, немесе активтер топтарын құнсыздануға жыл сайын тестілеу талап етілген кезде, Топ активтің өтелген құнын бағалауды жүзеге асырады. Активтер тобының өтелген құны оны сатуға кеткен шығыстарды шегергенде әділ құнның және оның пайдалану құнының ең көбі болып табылады. Активтер тобының теңгерімдік құны оның өтелетін құнынан асып кеткен жағдайда, активтер тобы құнсыздануға жатады және активті өтеу құнына дейін төмендетуге арналған резерв құрылады. Пайдалану құнын бағалау кезінде күтілетін ақша ағындары активтер топтарына тән тәуекелдерге түзетіледі және ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін салық салуға дейінгі дисконттау ставкасы пайдаланыла отырып, ағымдағы құнға дисконтталады.
      Бағалау бұрын танылған құнсыздану жөніндегі резервтер ендігі жоқ немесе азайды дегеннің қандай да бір көрсеткішінің бар-жоқтығына қатысты әрбір есептілік күні жүргізіледі. Егер ондай көрсеткіштер бар болса, онда өтелетін құн бағаланады. Құнсыздану жөніндегі соңғы резерв танылған сәттен бастап активтін өтелетін құнын айқындау үшін пайдаланылған бағалауларда өзгерістер болса ғана құнсыздану бойынша бұрын танылған резерв сторнирланады. Мұндай жағдайда, активтің қалдық құны өтелетін құнға дейін ұлғаяды. Активтің ұлғайтылған құны, егер алдыңғы кезеңдерде құнсыздану жөніндегі резерв танылмаған болса, тозуды немесе амортизацияны шегергенде анықталған теңгерімдік құннан аспайды. Мұндай сторнирлау пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылады.
      Сторнирлау өткізілімі жүргізілгеннен кейін келесі кезеңдерде қалдық құны шегеріле отырып, активтің қайта қаралған теңгерімдік құнын бөлу үшін амортизация жөніндегі шығыстар жүйелі негізде пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде түзетіледі.
      Сондай-ақ нақты активтерді бағалау кезінде мынадай өлшемдер қолданылады:
      Гудвилл
      Әрбір есепті күні Топ гудвиллдін құнсыздану белгілерінің болуын бағалайды. Гудвилл жыл сайын және жағдаяттар теңгерімдік құнның құнсыдануының мүмкіндігін көрсеткенде құнсыздану белгілерінін болуына тестіленеді.
      Гудвилдің құнсыздануы оған гудвилл жататын ақша ағындарын генерациялайтын өтелетін бірліктер сомасын бағалау арқылы айқындалады. Егер оған гудвилл жататын ақша ағындарын генерациялайтын өтелетін бірліктер сомасы оның теңгерімдік құнынан аз болса, онда құнсызданудан болған шығын танылады. Құнсызданудан болған шығын болашақ кезеңдерде қалпына келтірілмейді. Топ жыл сайын гудвилді 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құнсызданудың болуына тестілейді. 
      Қауымдасқан компаниялар
      Топ үлестік қатысу әдісі қолданылғаннан кейін Топтың қауымдасқан компанияға қосқан инвестициясының құнсыздануынан болған қосымша шығынды тану қажеттігін анықтайды. Әрбір есепті кезеңде Топ қауымдасқан компанияларға құйылған инвестициялардың құнсыздануынық объективті куәлігінің болуын анықтайды. Егер инвестициялар құнсызданса, Топ құнсыздану сомасын қауымдасқан компанияның әділ құны мен сатып алу құны арасындағы айырма ретінде есептейді. Бұл сома пайда мен шығындар туралы есепте танылады.

      Қаржы активтері

      Топтың инвестициялары өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар немесе сату үшін қолда бар инвестициялар кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетілетін қаржы активтері ретінде жіктеледі. Бастапқыда инвестициялар әділ құн бойынша бағаланады. Егер инвестициялар кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетілетін қаржы активтері ретінде жіктелмесе, онда есептілікте көрсеткен кезде олардың әділ құнына онымен тікелей байланысты мәміле жөніндегі шығындар қосылады. Топ өзінің қаржылық инвестицияларының жіктемесін бастапқы танылғаннан кейін анықтайды. Барлық сатып алынған және сатылған инвестициялар есеп айырысу күнінде, яғни инвестициялар Топқа берілген немесе Оларды Топ Берген күні танылады.
      Тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді және өтеудің тіркелген мерзімді өнімсіз қаржы активтері, егер Топ оларды өтеу мерзіміне дейін ұстауға ниетті және қабілетті болған жағдайда, өтегенге дейін ұсталатын ретінде жіктеледі.
      Қарыздар мен дебиторлық берешек тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді белсенді нарықта баға белгіленбейтін өнімсіз қаржы активтері болып табылады. Мұндай активтер пайыздың тиімді ставка әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған құны бойынша көрсетіледі. Мұндай активтер бойынша пайда мен шығындар тану тоқтатылған сәтте немесе мұндай активтер құнсызданған жағдайда, сондай-ақ амортизация арқылы кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
      Сату үшін қолда бар инвестициялар сату үшін қолда бар ретінде жіктелетін және жоғарыда аталған кез келген үш санатқа енгізілмеген өнімсіз қаржы активтерін білдіреді. Есепте бастапқы көрсетуден кейін сату үшін қолда бар инвестициялар әділ күн бойынша бағаланады, бұл ретте, пайда мен шығындар инвестицияларды тану немесе құнсыздандыру тоқтатылған сәтке дейін капитал құрамында бөлек құрауыш ретінде көрсетіледі. Капитал құрамында бұрын көрсетілген жиынтық пайда немесе шығын кірістер мен шығыстар туралы есепке енгізілген жағдайда. Үлестік инструменттерге байланысты құнсызданудан болатын шығындарды қалпына келтіру кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетілмейді. Борыштық инструменттерге байланысты кұнсызданудан болатын шығындар пайда немесе шығын құрамында түзетіледі, егер инструменттің әділ құнынан арту кірістер мен шығыстар туралы есепте құнсызданудан болатын шығынды танығаннан кейін болған оқиғаға объективті түрде жатқызылуы мүмкін.
      Ұйымдасқан қаржы нарықтарында белсенді айналымдағы инвестициялардың әділ құны есеп күнгі саудалар аяқталған сәттегі сатып алуға нарықтық баға белгілеу бойынша анықталады. Нарықта белсенді айналымы жоқ инвестициялардың әділ құны бағалау әдістерін пайдалана отырып, оның ішінде нарықтық жағдайларда жасалған мәмілелер уақыты бойынша соңғысымен ұқсас бойынша, сондай-ақ іс жүзінде қаралатын инструментке ұқсас немесе дисконтталған ақша ағындарын талдауды ескере отырып, қаржы инструментінің ағымдағы нарықтық құны негізінде анықталады.

      Қаржы активтерінің құнсыздануы

      Әрбір есепті күні Топ қаржы активінің немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының болған-болмағанын айқындайды.
      Амортизациялық құн бойынша ескерілетін активтер
      Амортизациялық күн бойынша ескерілетін активтер бойынша құнсызданудан болатын шығындардың пайда болуы туралы объективті куәлік болса, шығынның сомасы активтің теңгерімдік құны мен қаржы активі бойынша бастапқы тиімді сыйақы ставкасы (яғни бастапқы таныған кезде есептелген тиімді пайыздық ставка бойынша) бойынша дисконтталатын болашақта күтілетін ақша ағындарының (әлі туындамаған болашақтағы кредиттік шығындарды қоспағанда) арасындағы айырма ретінде бағаланады. Активтің теңгерімдік құны резерв пайдаланыла отырып төмендетілуі тиіс. Шығынның сомасы пайда немесе шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылады.
      Егер кейінгі кезеңде құнсызданудан болатын шығын сомасы азайса, онда бұндай азаю құнсыздану танылғаннан кейін жүргізілген оқиғаларға объективті түрде байланысты болуы мүмкін, құнсызданудан болған бұрын танылған шығын қалпына келтіріледі. Құнсызданудан болған шығынды кез келген келесі қалпына келтіру пайда мен шығындар туралы есепте активтің теңгерімдік құны бұл активтің қалпына келтірілу күніндегі амортизациялық құнынан аспайтындай көлемде танылады. Құнсызданудан болған кез келген кейінгі қалпына келтіру пайда немесе шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылады.
      Егер Топ шот-фактураның бастапқы шарттарына сәйкес өзіне тиесілі бүкіл соманы алмайтынының объективті куәлігі болса (мысалы, дебитордың төлем қабілетсіздігі немесе басқа да елеулі қаржылық қиындықтары мүмкіндігі), сауда-дебиторлық берешек бойынша құнсыздану резерві жасалады. Дебиторлық берешектің теңгерімдік құны резерв шотын пайдалану арқылы азайтылады. Егер құнсызданған берешек үмітсіз болып саналса, оларды тану тоқтатылады.
      Сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары
      Егер сату үшін қолда бар актив құнсызданса, оны сатып алуға кеткен шығындар (негізгі сома мен амортизация төлемдерін шегергенде) мен бұрын пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылған оның ағымдағы әділ құны арасындағы айырма капиталдан пайда және шығындар туралы есепке көшіріледі. Сатуға арналған ретінде жіктелген үлестік құралдар бойынша құнсызданудағы бұрын танылған шығынды қалпына келтіру пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылмайды. Борыштық құралдар бойынша құнсызданудан болған шығындарды қалпына келтіру, егер құралдың әділ құнының ұлғаюы пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте құнсызданудан болған шығындар танылғаннан кейін болған оқиғамен объективті түрде байланыстылығы мүмкін болса, пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есеп арқылы жүзеге асырылады.

      Туынды қаржы құралдары және хеджирлеу

      Топ шикізат тауарларына бағалардың ауытқуына байланысты өздерінің тәуекелдерін хеджерлеу үшін шикі мұнай жөнінде форвардтық келісім-шарттар ретінде туынды қаржы инструменттерін пайдаланады. Мұнай туынды қаржы инструменттері әділ құн бойынша ескеріледі. Топ хеджерлеу мақсаты үшін ғана осы қаржы инструменттерін пайдаланады және олар сауда үшін немесе басқа да алып-сатарлық мақсатта пайдаланылмайды.
      Топта ақша ағындарының тиімді хеджиі ретінде жіктелген туынды қаржы құралдары жоқ. Қазіргі туынды қаржы құралдарының әділ құнындағы өзгерістердің нәтижесінде туындайтын барлық кірістер мен шығындар тікелей таза кіріске немесе кезең ішіндегі шығынға жатқызылады.

      Сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер

      Активтер сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі, егер олар мынадай өлшемдерге сәйкес келсе:
      * Олардың ағымдағы жағдайында шұғыл сату үшін қолда бар;
      * Жоспарланған сатуды жүзеге асыруға қатаң ниет бар;
      * Сатып алушыны және жоспарды аяқтау, үшін. басқа да қажетті шаралар үшін белсенді іс-қимылдар қабылданады;
      * Сатуды жүзеге асыру үшін жоғары ықтималдық бар және сату жіктеу сәтінен бастап бір жыл ішінде аяқталатыны күтілуде.
      Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтер шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде ағымдағы активтер санатында шоғырландырылған қаржылық есептілікте бөлек берілген.
      Сату үшін арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер (және шығу топтары) сатуға арналған шығындарды шегергенде, активтердің ең төменгі теңгерімдік құны мен әділ құны бойынша ескеріледі.
      Сату үшін ұсталатын ретінде жіктелуі тоқтатылған ұзақ мерзімді актив:
      * егер осы актив (немесе шығу тобы) сату үшін арналған ретінде жіктелмесе ол танылатын кез келген амортизацияға немесе қайта бағалауға түзетіле отырып, актив (немесе шығу тобы) сату үшін арналған ретінде жіктелгенге дейінгі теңгерімдік құнынан, және
      * оны сатудан бас Тарту туралы кейінгі шешім күніндегі оның өтелетін сомасынан ең төменгі мән бойынша бағаланады.

      Тауар-материалдық қорлар

      Тауар-материалдық қорлар өзіндік құнының ең аз мәні немесе таза өткізу құны бойынша бағаланды. Өзіндік күн қорларды жеткізуге және ағымдағы жағдайға келтіруге байланысты шығындарды қамтиды. Таза өткізу құны аяқтауға шығындарды және өткізуге есеп айырысу шығындарын шегере отырып, қарапайым қызмет барысында қорларды өткізу бағасын бағалауды білдіреді. Шығындарды есептеп шығарудың ұқсас формуласы ұқсас сипаты және белгіленімі бар барлық тауар-материалдық қорлар үшін пайдаланылады. Мұнай мен Газ операциялық сегментінің тауарлық-материалдық қорлары ФИФО әдісі негізінде бағаланады. Барлық қалған тауар-материалдық қорлар орташа салмақталған құн негізінде бағаланады.

      Ақша қаражаты және оның баламалары

      Ақша қаражаты және оның баламалары кассадағы қолма-қол ақшаны, мерзімді салымдарды, бұрын айтылған ақша қаражаты сомасына еркін айырбасталатын және олардың құнының өзгеруіне байланысты тәуекелдің елеусіз деңгейіне расталған өтеу мерзімі үш айдан аспайтын қысқа мерзімді және өтімділігі жоғары инвестицияларды қамтиды.

      Қарыздар және тартылған қаражат

      Барлық қарыздар және тартылған қаражат бастапқыда мәміле бойынша келтірілген шығындарды шегере отырып, алынған қаражаттың әділ құнын білдіретін құн бойынша ескеріледі. Келесі кезеңдерде қарыздар амортизацияланған құн бойынша бағаланады: алынған қаражаттың (мәміле жөніндегі шығыстарды шегергенде) әділ кұны мен өтеу сомасы арасындағы айырма пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте пайыздың тиімді ставкасы пайдаланыла отырып, қарыз Берген мерзім ішінде көрсетіледі. Егер топ төлемді есепті күннен кейін кем дегенде 12 айға кейінге қалдыруға сөзсіз құқылы болмаса, қарыздар ағымдағы міндеттемелер ретінде жіктеледі.
      Жіктелетін активті сатып алуға, құрылысына немесе шығаруға жататын қарыздар бойынша шығындар осындай актив құнының бөлігі ретінде капиталдандырылады. Қарыз бойынша өзге де шығындар туындау сәтіндегі шығыстар ретінде танылады.

      Айырбасталатын борыштық құралдар

      Міндеттеменің сипаттамасы бар айырбасталатын борыштық құралдардың құрамдас бөлігі мәміле жөніндегі шығындар шегеріле отырып, бухгалтерлік теңгерімде міндеттеме ретінде танылады. Міндеттеме құрамдас бөлігінің әділ құны осыған ұқсас айырбасталмайтын міндеттемелер үшін қолданылатын нарықтық ставка бойынша анықталады; және бұл сома, айырбастау немесе сатып алу кезінде өтеуге дейін амортизациялық құн бойынша бағаланатын қаржы міндеттемесі ретінде жіктеледі.

      Кәсіпорындарды біріктіру кезінде туындайтын пут опциондары

      Егер кәсіпорындарды біріктіру кезінде Топ опцион тарабына айналса, сатып алынған кәсіпорындағы азшылықтың қалған үлесі бойынша путы Топ мұндай опционда осындай азшылық үлесіне меншік құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдерге қатысу беретіндігін бағалайды.
      Қалған акциялары бойынша пут опционы үлестік иелену пайдалары мен тәуекелдеріне кол жетімділік беретіні анықталғанда, кәсіпорындар бірлестігі опционмен келісілген путтың сатып алынуы негізінде ескеріледі. Пут опционы бойынша миноритарлық акционерлерге арналған міндеттеменің әділ құны кәсіпорындар бірлестігі құнының бөлігі ретінде танылады. Өзге жағдайда азшылық ұлесіне жатқызылатын ретінде қарастырылатын осындай құн мен таза активтердегі үлестер арасындағы кез келген айырма гудвилл құрамында көрсетіледі. Кейіннен жарияланған  және осындай миноритарлық акционерлерге төленген кез келген дивидендтер пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте тікелей көрсетіледі.
      Кейіннен қаржылық міндеттеме ХБЕС 39 талаптарына сәйкес бағаланады. Қаржы міндеттемесінің әділ құнына өзгерістер, сондай-ақ кез келген қаржылық төлемдер пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте тікелей көрсетіледі.

      Қаржы активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтату

      Қаржы активтері
      Қаржы активтері (немесе, қолданылуына карай - қаржы активінің бөлігі немесе ұқсас қаржы активтері тобының бөлігі), егер:
      * активтен ақша ағындарын алу құқығының қолданылу мерзімі
        аяқталса;
      * Топ активтен ақша ағындарын алу құқығын сақтаса, бірақ қайта
        бөлу туралы келісімге сәйкес үшінші тарапқа елеулі кешігусіз
        оларды толығымен беру міндеттемесін қабылдаса; немесе
      * Топ өзінің активтен ақша ағындарын алуға арналған құқықтарын
        берсе және не (а) активтен барлық елеулі тәуекелдер мен
        сыйақы берсе, не (б) бермесе, бірақ активтен барлық елеулі
        тәуекелдер мен сыйақыларды өзінде сақтаса, алайда активтерге
        бақылауды берсе бухгалтерлік теңгерімде ескерілуін
        тоқтатады.
      Қаржылық міндеттемелер
      Егер міндеттеме өтелсе, күші жойылса, немесе оның қолданылу мерзімі аяқталса, қаржылық міндеттеме бухгалтерлік теңгерімде танылуын тоқтатады.

      Жалдау

      Операциялық жалдау
      Жалдау объектісіне меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайданы жалға алушы іс жүзінде сақтаған кезде мүлікті жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Операциялық жалдау шарты бойынша төлемдер жалдау мерзімі ішінде кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте шығыстарға тепе-тең есептен шығарылады.
      Қаржылық жалдау
      Топ жалданған мүліктің әділ құнына тең сомада немесе егер бұл сома әділ құннан төмен болса, ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны бойынша жалдау мерзімі басталған күнгі шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде активтер мен міндеттемелердің құрамында қаржылық жалдау шарттарын таниды. Дисконттау коэффициенті ретінде ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құнын есептеу кезінде, егер мұндай ставканы анықтау мүмкін болып, табылса, жалдау шарты бойынша пайыздың ішкі ставкасы пайдаланылады. Өзге де жағдайларда, жағдай қарыз қаражаты бойынша өспелі ставка пайдаланылады. Бастапқы тете шығындар актив құрамында ескеріледі. Жалдау төлемдері міндеттемелерді қаржыландыру және өтеу бойынша шығыстар арасында бөлінеді. Қаржыландыру бойынша шығыстар жалдау мерзімі ішінде әрбір есепті кезеңге міндеттемелердің қалдығына есептелетін тұрақты мерзімді пайыз ставкасы бойынша шығыстарды көрсетуді қамтамасыз ететіндей түрде есепті кезеңдерге жатқызылады.
      Қаржылық жалдау активке қатысты амортизация бойынша шығыстың ұлғаюына, сондай-ақ әрбір есепті кезеңге қаржылық шығыстарға әкеледі. Жалға алынатын активке қатысты амортизация саясаты меншік активтерді амортизациялау жөніндегі саясатқа сәйкес келеді.

      Резервтер

      Активтің істен шығуы (пайдаланудан шығару) бойынша міндеттеме
      Пайдаланудан шығаруға резервтер Топтың жабдықты немесе тетікті демонтаждау және көшіру бойынша және жабдық болған учаскені қалпына келтіру бойынша міндеттемесі болғанда, сондай-ақ мұндай резервке пайымды бағалауды жүзеге асыру мүмкін болғанда дисконттау негізінде толық көлемде танылады. Танылған сома жергілікті шарттар мен талаптарға сәйкес анықталған бағаланған болашақ шығыстардың ағымдағы құнын білдіреді. Сондай-ақ сомасы резервтің мөлшеріне балама тиісті негізгі құрал құрылады. Соның салдарынан, осы актив өндірістік әдіс негізінде өндірістік құралдар және тасымалдау құралдары бойынша күрделі шығындар шеңберінде амортизацияланады.
      Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті экономикалық пайда негізінде жататын есепті мерзімдегі немесе ресурстардың қайту сомасындағы өзгерістердің нәтижесі болып табылған пайдаланудан шығару жөніндегі қазіргі резервті бағалаудағы өзгерістер, немесе дисконттау ставкасындағы өзгеріс мынадай түрде ескеріледі, соның салдарынан:
      (а) резервтегі өзгерістер ағымдағы кезеңге тиісті актив құнына
          қосылады немесе шегеріледі;
      (б) актив құнынан шегерілген сома оның теңгерім құнынан асып
          кетпеуі кажет. Егер резервтегі кему активтің теңгерім
          құнынан асып кетсе, онда асып кету кірістер мен шығыстар
          туралы есептерде дереу танылады; және
      (в) егер активтің құны ұлғаюға әкелсе, Топ активтің жаңа
          теңгерім құны толығымен өтелмейтіні осы көрсеткіш болып
          табылатындығын қарастырады. Егер бұл осындай көрсеткіш
          болып табылса, Топ оның өтелетін құнын бағалау арқылы
          құнсыздануға активті тестілеуді жүзеге асырады және 36 БЕХС
          сәйкес құнсыздану бойынша кез келген шығынды ескереді.
      Өзге де резервтер
      Резервтер Топтың өткен шақта болған оқиғалардың нәтижесінде ағымдағы (құқықтық немесе іс-тәжірибеден туындаған) міндеттемесі болса, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін экономикалық пайдаларға байланысты қаражат ағыны болатын ықтималдық болғанда және осы міндеттеменің тиісті дұрыс бағасы жүргізілгенде қаржы есептілігінде көрсетіледі. Егер Топ резервтің өтелгенін күтсе, мысалы, сақтандыру шарты бойынша, өтеу жеке актив ретінде көрінеді, бірақ өтеу ықтимал болғанда ғана.
      Егер ақша қаражатының уақытша құнының әсері мәнді болып табылса, резервтер ақша қаражатының уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін және онда міндеттемеге тән тәуекелдер орынды салықтарды төлегенге дейін ставка бойынша ақша қаражатының күтілетін болашақ қозғалысын дисконттау арқылы есептеледі. Дисконттауды пайдалану кезінде резервтің ұлғаюы уақыттың етуі салдарынан қаржылық шығындар ретінде танылады.

      Қызметкерлерге сыйақы

      Белгіленген жарналармен зейнетақы жоспары
      Топ аударымдар ретінде өзінің қызметкерлерінің жалақысынан 10% олардың зейнетақы қорларына ұстайды. Заңнамаға сәйкес қызметкерлер өздерінің зейнетақы төлемдеріне өздері жауапкершілікте болады және Топтың қызметкерлер зейнеткерлікке шыққаннан кейін оларға төлемдер бойынша ағымдағы және болашақтағы міндеттемелері болмайды.
      Әлеуметтік салық
      Топ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік салық төлейді. Әлеуметтік салық есептеуге қарай шығыстарға жатады.
      Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары
      Ұжымдық шартқа және сыйақы туралы өзге де ережелерге сәйкес Топ өздерінің қызметкерлеріне еңбек қызметін аяқтағанда («Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары») белгілі бір сыйақы төлейді.
      Топ олар анықталған сол кезеңде қызметкерлерге сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді қайта бағалаудан туындаған актуарлық кірістер мен шығындарды таниды және 19 «Қызметкерлерге сыйақы» ХБЕС-да анықталған бағаға сәйкес сыйақы бойынша шығыстарды және міндеттемені таниды.
      Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспарына сәйкес міндеттемелер және сыйақы бойынша шығыстар болжамдалған шартты бірлік әдісі көмегімен анықталады. Бұл әдіс сыйақы алуға құқықтың қосымша бірлігінен асатын ретінде әрбір жұмыс істелген жылды қарастырады және жиынтық міндеттемені көрсету үшін әрбір бірлікті бөлек өлшейді. Сыйақылар беру бойынша шығыстар Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары бойынша сыйақы формуласына сәйкес қызметкерлердің жұмыс өтілі ішінде жиынтық сыйақыны бөлу үшін кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі. Бұл міндеттеме валюта мен талап Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің валютасымен және бағаланған талаптарымен салыстырмалы мемлекеттік облигациялар бойынша сыйақы ставкасына ұқсас дисконт ставкасын қолдана отырып, болашақтағы есеп айырысу ақша қозғалысының ағымдағы құны бойынша өлшенеді.
      Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары қаржыландырылмайтын болып табылады.

      Капитал

      Жарғылық капитал
      Жай акциялар меншік капитал ретінде жіктеледі. Ұйымдарды біріктіру жағдайларынан баска, жаңа акциялар шығаруға қатысты тікелей сыртқы шығындар капитал түсімдері сомасынан шегерім ретінде көрсетілген. Шығарылған акциялардың атаулы құнынан алынған қаражаттың әділ құнының кез келген асып түсуі бөлінбеген кірістің ұлғаюы ретінде танылады.
      Азшылық үлесі
      Азшылык үлесі Топқа тиісті емес еншілес ұйымдардағы қатысу үлесін білдіреді. Есепті күнгі азшылық үлесі сатып алу күнгі еншілес ұйымның сәйкестендірілетен активтер мен міндеттемелердің әділ құнындағы минориторлық акционерлердің үлесін, сондай-ақ компанияларды біріктіру сәтінде болған капиталдағы өзгерістерге миноритарлық акционерлердің үлесін білдіреді. Азшылық үлесі меншік капиталдың құрамында берілген. Азшылық үлесіне жатқызылатын шығындар миноритарлық акционерлер шығындарды қаржыландыру бойынша міндеттемемен байланысты жағдайларды қоспағанда, еншілес ұйымдардың капиталындағы азшылық үлесінен асып кетпейді. Осыған ұқсас барлық шығындар Топқа бөлінеді.

      Дивидендтер

      Дивидендтер міндеттемелер ретінде танылады және есепті күнді қоса алғанға дейін жарияланған жағдайда ғана есепті күнгі капитал сомасынан шегеріледі. Дивидендтер туралы ақпарат, егер олар есепті күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есепті күннен кейін, бірақ шығаруға шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекіткен күнге дейін ұсынылса немесе жарияланса, есептілікте ашып көрсетіледі.
      Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер
      Топ қызметкерлері үлестік құралдар жөніндегі операцияларға негізделген төлемдер нысанында сыйақы алады. Қызметкерлер өздері жұмыс істейтін еншілес ұйымның үлестік құралдарымен сыйақы алатын қызметтерді ұсынады («олар бойынша үлестік құралдармен жүзеге асырылатын мәмілелер, есептер»).
      Олар бойынша есеп үлестік құралдармен жүзеге асырылатын қызметкерлермен жасалған мәмілелердің құны олар берілген күнгі осындай құралдардың әділ құны негізге алына отырып, бағаланады. Әділ құн тиісті бағалау моделінің көмегімен айқындалады.
      Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер бойынша операциялар бойынша шығыстар онда қызмет нәтижелеріне қол жеткізу шарттары және/немесе белгілі бір мерзімнің еңбек сіңіру шарттары орындалатын кезеңнің ішінде өзге капитал бойынша резервтерде тиісті ұлғаюмен бір мезгілде танылады және қызметкерлер сыйақыға арналған толық құқықтарды алған кездегі күні аяқталады (сыйақы алуға құқықтың көшкен күні). Бұл мәмілелер бойынша жиынтық шығыстар сыйақы ретінде берілетін үлестік құралдар санына қатысты Топтың оңтайлы бағалауының негізінде аяқталған мерзімге теңбе тең міндеттемелер өтелгенге дейінгі әрбір есепті күні танылады. Кезең ішіндегі пайда және шығындар туралы есепте шығыс немесе кіріс кезеңнің басында немесе аяғында танылған жиынтық шығыстың өзгерісін білдіреді.
      Оған арналған құқық қызметкерлерге түпкілікті өтетін үлестік құралдармен сыйақы бойынша шығыс танылмайды.
      Егер үлестік құралдармен төленетін сыйақының шарттары өзгерсе, шығыс ең төменгі ретінде, егер шарттар өзгермегендей мөлшерде танылады. Бұдан басқа, өзгеріс жөніндегі қосымша шығыс танылады, ол сыйақының жалпы әділ құнын осындай өзгеріс күнінде жүргізілген бағаға сәйкес үлестік құралдармен немесе қызметкер үшін өзге түрде тиімді құралдармен ұлғайтады.
      Егер үлестік құралдармен төленетін сыйақының күші жойылса, ол оған арналған құқық күші жойылған күнге өткендегідей болып ескеріледі. Бұл ретте әлі танылмаған шығыстар жедел түрде танылады. Алайда, егер күші жойылған сыйақы жаңа сыйақымен ауыстырылса, және жаңа сыйақы ол ұсынылған күнгі күші жойылған сыйақының орнын толтырған ретінде қарастырылса, күші жойылған және жаңа сыйақы, алдынғы абзацта сипатталғандай, бастапқы сыйақының өзгерісі жүргізілгендей болып ескеріледі.

      Сауда және өзге де кредиторлық берешек

      Сауда және өзге де кредиторлық берешек бойынша міндеттеме бастапқы құн бойынша ескеріледі, ол Топтың шотына қойылғанына қарамастан алынған тауарлар мен қызметтер болашақта төленуі тиіс соманың әділ құны болып табылады.
      Түсімді тану
      Выручка признается, если существует вероятность того, что Группа получит экономические выгоды, и если выручка может быть надежно оценена.
      Тауарларды сату
      Шикі мұнайды, мұнай өнімдерін, газ бен басқа да тауарларды сатудан түскен кірістер тауарды жеткізу жүргізілгенде және тәуекел мен меншік құқығы сатып алушыға берілгенде танылады.
      Қызметтер көрсету
      Қызметтер көрсетуден түсетін кірістер қызметтер көрсетілген сәтте танылады.
      Тасымалдауға жататын қызметтерге қатысты, аяқталу дәрежесі мен кірістің сомасның жеткілікті түрде дәл анықталуы шартымен шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерім күнінде тасымалдаудың аяқталу дәрежесі бойынша танылады. Әлі көрсетілмеген көлік қызметтері үшін тапсырыс берушілерден алынған алдын ала төлем сомалары алу сәтінде тапсырыс берушілерден алынған аванстар құрамында көрсетіледі. Көрсетіліп қойған қызметтерден түсетін күтілетін есепті кіріске шамамен алғанда тең болатын тапсырыс берушілерден алынған аванстар шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімдегі өзге де ағымдағы міндеттемелердің құрамындағы болашақтағы кезеңнің кірістеріне көшіріледі. Болашақтағы кезеңдердің кірістері кызметтердің көрсетілуіне қарай кірістерге жатады.
      Клиенттердің әділдігі бағдарламасы бойынша сатып алушылар қосымша балл алатын авиабилеттерді сату көрсетілген қызметтер мен болжанатын награда арасындағыға жатқызылған олардың әділ құны бойынша кіріс операцияларының көп элементі ретінде ескеріледі. Болжанатын награда әділ құн - осы награданы бөлек сатудың құны бойынша бағаланады. Бұл бағалау тауарды сату/қызметтер көрсету сәтіндегі кіріс болып танылмайды, болашақ кезеңнің кірісі ретінде көрсетіледі, және аталған награда пайдаланылғанда және Топтың міндеттемелері толығымен орындалғанда кіріс болып танылады.
      Натуралды нысанда роялти төлегеннен агенттік сыйақы
      Пайданы бөлу туралы келісімдерге (ПБК) және жер қойнауын пайдалану туралы келісімдерге сәйкес оларға роялти төлеу ретінде ЭМРМ мұнай өндіруші компаниялардан алатын шикі мұнайды сатуда Топ Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі («ЭМРМ») білдіретін Қазақстан Үкіметінің агенті ретінде түседі. Топтың агенттік сыйақысы осындай келісім бойынша алынған шикі мұнайды сату бағасы мен ЭМРМ мен мұнай өндіретін компаниялардың арасында жасалған тиісті ПБК жер қойнауын пайдалану туралы келісімде айқындалғандай, осындай мұнай құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Агенттік сыйақы шикі мұнайды сату жүзеге асырылған кезде кіріс ретінде танылады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі Компанияның жалғыз акционері болып табылатындығына байланысты Топ Үкімет қандай жағдайларда басты негізде акционер ретінде әрекет ететіндігін бағалай отырып, Үкіметпен барлық транзакцияларды талдайды.

      Мемлекеттік субсидиялар

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Компанияның жалғыз акционері болып табылатындығына байланысты Топ Үкімет қандай жағдайларда басты негізде акционер ретінде әрекет ететіндігін бағалай отырып, Үкіметпен барлық транзакцияларды талдайды.
      Егер нақты транзакция кезінде Үкіметтің акционер ретінде әрекет ететіндігі белгіленсе, Топтың мұндай транзакцияның нәтижесінде көтерген кез келген пайдасы немесе шығындары тікелей капиталда жарна ретінде немесе акционердің капиталын бөлу деп танылады.
      Егер Үкіметтің ерекшелік транзакциясы акционер ретіндегі әрекет ретінде белгіленбесе, мұндай транзакциялар ХБЕС 20 «Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» ережелеріне сәйкес ескеріледі. Мұндай жағдайларда мемлекеттік субсидиялар субсидиялардың алынатындығы және онымен байланысты барлық қажетті жағдайлардың орындалатындығына ақылға қонымды сенімділік болған кезде олардың әділ құны бойынша танылады. Егер субсидия шығыс бабына жатқызылатын жағдайда, ол жүйелі негізде өтемақы төлеуге тиіс тиісті шығыстармен сәйкес келуі үшін қажетті кезең ішіндегі кіріс ретінде танылады. Субсидия активке жататын кезде әділ құн кейінге қалдырылған кіріс есебіне кредиттеледі және тиісті активтің пайдалы қызмет етуінің күтілетін кезеңі ішінде пайда және шығындар туралы есепте тең жыл сайынғы бөліктермен көрсетіледі. Кіріске жататын субсидиялар пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте операциялық қызметтен түсетін кірістердің құрамында жеке ұсынылған.

      Шығыстарды тану

      Шығыстар пайда болу шамасына карай танылады және олар есептеу әдісінің негізіне жатқызылған сол кезеңде шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі.

      Табыс салығы

      Бір жылға табыс салығы ағымдағы және кейінге қалдырылған салықты қамтиды. Табыс салығы меншік капиталға тікелей жатқызылған баптарға тиісті сол көлемді қоспағанда, кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі және бұл жағдайда, ол меншік капиталда танылады. Үстеме пайдаға салынатын салық табыс салығы ретінде қаралады және табыс салығы бойынша шығыстардың бөлігін құрады.
      Салық бойынша ағымдағы шығыстар бұл бір жалға салық салынатын кіріс бойынша төлеуге күтілетін салық және өткен жылдарға қатысты төлеуге салыққа қатысты кез келген түзетулер.
      Үстеме пайдаға салынатын салық табыс салығы ретінде қаралады және табыс салығы бойынша шығастардың бөлігін құрайды. Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарға сәйкес Топ белгілі бір мәндерден асатын пайданың ішкі нормасы кезінде жер қойнауын пайдалануға қолданылатын келісім-шартқа сәйкес белгілі бір шегерімдер сомасына түзетуге жататын салық салудан кейін пайда сомасынан көрсетілген ставка бойынша үстеме пайдаға салық есептейді және төлейді.
      Пайданың ішкі нормасы жер қойнауын пайдалануға әрбір келісім-шарт бойынша ақша ағындарының негізінде есептеледі және инфляцияның ұлттық деңгейіне түзетіледі. Кейінге қалдырылған салық корпоративтік табыс салығына да және үстеме пайдаға салық үшін де есептеледі. Үстеме пайдаға салынатын кейінге қалдырылған салық келісім-шарт бойынша төлеуге тиісті үстеме пайдаға салықтың күтілетін ставкасы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарға жатқызылған активтер үшін уақытша айырмалар бойынша есептеледі.
      Кейінге қалдырылған салық қаржылық есептілік мақсаты үшін активтер мен міндеттемелердің теңгерім құны мен салық салу мақсаты үшін пайдаланылған сома арасындағы уақытша айырмалар бойынша теңгерім бойынша міндеттемелер әдісі бойынша ескеріледі. Мына уақытша айырмалар танылмайды:
      * компанияларды біріктіру болып табылмайтын мәміледе активті
        немесе міндеттемені бастапқы тану және мәміле сәтінде
        бухгалтерлік кіріске де. Салық салынатын кіріске немесе
        шығынға да әсер етпейді; және
      * уақытша айырмаларды түзету мерзімін реттеуге болатын еншілес
        ұйымдағы инвестициялар және уақытша айырмалар шолу жасалған
        болашақта түзетілмейтін ықтималдық бар.
      Табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған активтер мен міндеттемелер қолданылған немесе бухгалтерлік теңгерім жасаған күні іс жүзінде қолданысқа енгізілген салық ставкаларын (және салық заңнамаларын) негізге ала отырып, актив алынған немесе міндеттеме төленген кезеңге қолданылатын салық ставкалары бойынша есептеледі.
      Кейінге қалдырылған салық активі актив өткізілуі мүмкін шотқа салық салынатын пайданы алу ықтималдығы бар сол көлемде ғана танылады. Табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған тиісті салық жеңілдігін өткізуден артық ықтималдық жоқ сол көлемде кемітіледі.

      Қосылған құн салығы (ҚҚС)

      Салық органдары нетто негізде сату мен сатып алу бойынша ҚҚС өтеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Өтеуге ҚҚС ішкі нарықта сату бойынша ҚҚС шегерілген ішкі нарықта сатып алу бойынша ҚҚС-ны білдіреді. Экспортқа сатудың нөлдік ставкасы бар.

      Байланысты тараптар

      Байланысты тараптар Топтың акционерлерін, негізгі басқарушы персоналды, қауымдасқан ұйымдарды және дауыс беретін акциялардың біршама үлесі тікелей немесе жанама Топтың акционерлеріне немесе негізгі басқарушы персоналына тиесілі ұйымды қамтиды.

      Шартты міндеттемелер және шартты активтер

      Шартты міндеттемелер шоғырландырылған қаржылық есептілікте танылмайды. Мұндай міндеттемелер туралы деректер экономикалық пайдаларды құрайтын ресурстар ағынының ықтималдығы аз болып табылған жағдайды қоспағанда, шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде ашылады.
      Шартты активтер шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілмейді. Егер мұндай активтерге байланысты экономикалық пайдаларды алудың жеткілікті ықтималдығы болған жағдайда, көрсетілген активтер туралы деректер ескертпелерде ашылады.

      Өзара есеп айырысу

      Шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде тек таза сальдо көрсетілген қаржы активтері мен міндеттемелерінің өзара есебі заңды бекітілген өзара есеп жүргізу құқығы және міндеттемелерді реттеумен бір уақытта активті өткізу ниеті болған көзде ғана жүзеге асырылады.

      Кейінгі оқиғалар

      Есепті жыл аяқталғанда болған және есепті күнгі Топтың қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпараты бар оқиғалар (түзетуші оқиғалар) шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі. Есепті жыл аяқталғанда болған және түзетуші оқиғалар болып табылмайтын оқиғалар, егер олар мәнді болса, шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде ашылады.

4. МАҢЫЗДЫ БУХГАЛТЕРЛІК БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙЫМДАУ

      ҚЕХС-ға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау көрсетілген актив есептілігіне, міндеттемелер мен шартты активтерге және шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындаған күнгі міндеттемелерге әсер ететін бағалаулар мен жол берулерді, сондай-ақ есептілікте көрсетілген активтерді, міндеттемелерді, кірістерді, шығыстарды және шартты активтер мен есепті кезең ішіндегі міндеттемелерді пайдалануды Топ басшылығының пайдалануын талап етеді. Нақты нәтижелер осы субъективті бағалаулардан ерекшеленуі мүмкін.
      Есепті күнге бағаның айқындалмауының болашаққа және өзге де негізгі көздерге қатысты және келесі есепті жыл ішіндегі активтер мен міндеттемелердің теңгерім құнына біршама түзету енгізу қажеттігінен пайда болған елеулі тәуекелді көтеретін негізгі болжамдары төменде қарастырылады:

      Мұнай мен Газдың қорлары

      Мұнай мен газдың қорларын бағалау тозу, ескіру және амортизация бойынша Топтың есеп айырысуында маңызды фактор болып табылады. Топ Қоғамның мұнай-газ ииженерлерінің әдістемесіне сәйкес өзінің мұнай мен газ қорларын бағалайды. Қоғамның мұнай-газ инженерлерінің әдістемесі бойынша қорларды бағалау кезінде Топ кен орындарын өңдеуге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін басшылық та қолданатын ұзақ мерзімді жоспарлық бағаны пайдаланады. Дәлелденген қорларды бағалау үшін жоспарлық бағаларды пайдалану жыл аяғына іркілу бағасын пайдалануға тән тұрақсыздықтың әсерін жояды. Басшылық ұзақ мерзімді жоспарлы бағалар бойынша болжам өнім өндіру бойынша қызметтің ұзақ мерзімді сипатына көбірек сәйкес келеді және мұнай мен газ қорларын бағалау үшін неғұрлым қолайлы негізді береді деп санайды. Қорлардың барлық бағалау айқындалмаудың кейбір деңгейін білдіреді. Айқындалмаушылық негізінен мұнай деректерді бағалау және түсіндіру сәтінде кол жетімді сенімді геологиялық және инженерлік деректердің көлеміне байланысты.
      Айқындалмаушылықтың салыстырмалы деңгейі екі негізгі санаттың біріне қорларды жатқызу арқылы көрсетілуі мүмкін: дәлелденген немесе дәлелденбеген қорлар. Дәлелденбеген қорлармен салыстырғанда дәлелденген қорларды тартуға үлкен айқындылық бар және дәлелденген қорлар оларды тарту мүмкіндігіне қатысты прогрессивті түрде өсіп келе жатқан айқындылықтың болмауын көрсету үшін өңделген және өңделмеген қорларға бұдан әрі бөлінуі мүмкін. Топтың дәлелденген қорлары іс жүзінде толықтай дәлелденген өңделген қорлардан тұрады. Жыл сайын баға талданады және түзетіледі. Түзетулер қолда бар геологиялық деректерді, кәсіпшілік өлшемдерін немесе өнім туралы деректерді; жаңа деректердің болуын; немесе бағалар бойынша болжамдарға өзгерістерді бағалау немесе қайта бағалау сандарынан пайда болады.
      Қорларды бағалау қайтарымды арттыруға арналған жобалардың қолданылу, пласттың өнімділігіне өзгерістер немесе өңдеу стратегиясына өзгерістер салдарынан қайта қаралауы мүмкін. Дәлелденген қорлар тозуды, ескіруді және амортизацияны есептеу үшін орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді амортизация ставкасын есептеуге пайдаланылады. Топ бастапқы лицензиялық кезең ішінде өндірілетін болады деп күтілетін ретінде осындай көлемді ғана дәлелденген қорларға қосты. Бұл ұзарту бойынша рәсім нәтижесіне жатқызылатын айқындылықтың болмауынан пайда болды, өйткені лицензияларды ұзарту ең соңында Үкіметтің қарауы бойынша жүзеге асырылады. Топтың лицензиялық кезеңдерін ұзарту және қорлардың көрсетілген қорларын тиісінше ұлғайту, әдетте, тозу бойынша неғұрлым төменгі шығысқа әкеледі және кірістерге біршама әсер етуі мүмкін. Дәлелденген өңделген қорлардағы кему тозуға, ескіруге және амортизацияға (өндірудің тұрақты деңгейі кезінде) аударымдардың ұлғаюына, кірістің кемуіне әкеледі және мүліктің теңгерім құнында тікелей кемуге де әкелуі мүмкін. Салыстырмалы түрде пайдаланылатын кен орындарының саны болған кезде өткен жылмен салыстырғанда қорларды бағалауға кез келген өзгерістер тозуға, ескіруге және амортизацияға аударымдарға біршама әсер етуі мүмкіндігі болады.

      Активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер

      Белгілі бір келісім-шарттардың талаптары бойынша заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілеріге сәйкес Топтың негізгі құралдарды демонтаждау және жою және кез келген кен орындарындағы жер учаскелерін қалпына келтіру бойынша заңды міндеттемелері болады. Атап айтқанда, Топтың міндеттемелері барлық өнімді ұңғымаларды біртіндеп жабуға және құбыр арналарын, ғимараттарды демонтаждау және келісім-шарт аумағын қалпына келтіру сияқты түпкілікті жабу бойынша қызметке жатады. Лицензияның қолданылу мерзімі Топтың қарауы бойынша ұзартылмайтындықтан, түпкілікті жабу бойынша міндеттемелерді өтеудің есеп мерзімі әрбір лицензиялық кезең аяқталған күн болып табылады. Егер активтерді жою бойынша міндеттемелер кен орындарын экономикалық жағынан негіздемелі түрде пайдалануды аяқтау өткенде өтелуі кажет болса, онда көрсетілген міндеттемені ұңғымаларды жою бойынша қосымша шығыстарды және жабу бойынша соңғы шығыстардың біршама өсіруі мүмкін. Ұңғымаларды жоюды қаржыландыру бойынша Топтың міндеттемелерінің және түпкілікті жабу бойынша шығыстардың көлемі тиісті келісім-шарттардың және қолданыстағы заңнаманың талаптарына байланысты. Ешқандай да міндеттемелер лицензиялық кезең соңында түпкілікті жою және түпкілікті жабу бойынша мұндай шығыстарды қаржыландыру бойынша келісім-шарт та, заңнама да белгілі бір міндеттемені түсіндірмеген сол жағдайларда танылмайды. Мұндай шешімді қабылдау кейбір айқындылықтың болмауымен және біршама байымдаулармен түсіндіріледі. Басшылықтың мұндай міндеттемелердің болуына немесе болмауына қатысты бағасы Үкіметтің саясаты мен тәжірибесіндегі немесе жергілікті салалық тәжірибеге өзгерістермен бірге өзгеруі мүмкін.
      Топ активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелерді әрбір келісім-шарт бойынша бөлек есептейді. Міндеттемелердің сомасы инфляцияның күтілетін деңгейіне түзетілген және қазақстандық нарыққа тән тәуекелдерге түзетілген өтпелі экономикамен елдің мемлекеттік борышы бойынша орташа тәуекелсіз пайыздық ставканы пайдалана отырып дисконтталған міндеттемелерді өтеу үшін күтілетін, талап етілетін ретіндегі бағаланған шығындардың ағымдағы құны болып табылады.
      Активтердің істен шығаруы бойынша міндеттеме әрбір есепті күнге қайта қаралады және № 1 «Негізгі құралдардың объектісін пайдаланудан шығару, олар орналасқан учаскедегі табиғи ресурстарды қалпына келтіру бойынша міндеттемелерге және өзге де осыған ұқсас міндеттемелерге өзгерістер» түсіндіруге сәйкес ең үздік бағаны көрсету үшін түзетіледі. Жабуға болашақтағы шығындарды бағалау кезінде мәнді бағалар мен басшылық жасаған байымдаулар пайдаланылды. Бұл міндеттемелердің көпшілігі алыс болашаққа жатқызылады және заңнама талаптарындағы түсініксіздіктен басқа, Топтың бағасына активтерді жою технологиясындағы, шығындардағы және салалық тәжірибедегі өзгерістер әсер етуі мүмкін. Түпкілікті жабуға шығындарға жатқызылатын айындықтың болмауы күтілетін ақша ағындарын дисконттау әсерінен кемітіледі. Топ ағымдағы жылдың бағасын және ұзақ мерзімді инфляция деңгейінің орташа мәнін пайдалана отырып, ұңғымаларды болашақ жою құнын бағалайды.
      Ұзақ мерзімді инфляция және 2008 жылғы 31 желтоқсандағы бухгалтерлік теңгерім бойынша міндеттемелерді анықтау үшін пайдаланылған дисконттау ставкасы тиісінше 5,0%-дан 5,5%-ға дейін және 7,0%-дан 9,25%-ға дейін құрады. Активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер бойынша резервтегі өзгерістер 23-ескертпеде ашып көрсетілген.

      Экологиялық оңалту

      Топ бағалау да жасайды және экологиялық тазарту жұмыстары мен оңалтуға міндеттемелер бойынша резервтер қалыптастыру бойынша пайымдау шығарады. Қоршаған ортаны қорғауға шығындар капиталдандырылады немесе олардың болашақ экономикалық пайдасына қарай шығыстарға жатқызылады. Өткен қызметте пайда болған қазіргі жағдайға жатқызылатын және болашақ экономикалық пайдасы жоқ шығындар шығыстарға жатқызылады.
      Міндеттемелер шығындар туралы ағымдағы ақпарат және қалпына келтіру жөніндегі күтілетін жоспарлар негізінде анықталады және егер рәсімдер мерзімі тиісті органдармен келісілмесе, дисконтталмаған негізде ескеріледі. Топтың экологиялық оңалту резерві Топ қолданыстағы қазақстандық нормативтік базаның талаптарын сақтауға қажетті күтілетін шығындарды тәуелсіз бағалауға негізделген басшылықтың үздік бағасын білдіреді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың («ҚМГ ҰК», 100% Қордың еншілес кәсіпорны) еншілес ұйымы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен 2005 жылғы шілдеде қол қойған өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес ҚМГ БӨ өндіруді бастауға қатысты мұнай өндірудің нәтижесі болып табылған су мен топырақтың кейбір ластануына жауапкершілікті өзіне алуға келісті. Осы қаржылық есептілік шыққан күнгі қалпына келтіру жөніндегі жоспардың көлемі және мерзімі Үкіметпен келісілмеді. Тиісінше міндеттеме дисконтталмады. Өйткені, міндеттемелердің бастапқы мерзімі әлі белгіленген жоқ және басшылық он жылға дейінгі кезең ішінде қалпына келтіру жөніндегі жоспарды орындауды негіздемелі түрде күтуде. Топ 2008 жылы көтерілуі тиісті шығындардың бөлігін қоспағанда, ұзақ мерзімді ретінде осы міндеттемені жіктеді. Экологиялық жағынан оңалту бойынша резервтерге қатысты іс жүзіндегі шығындар заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге, қоғамдық күтуден, аумақтық жағдайларды қолға түсіру мен талдауға өзгерістер және тазалау технологияларына өзгерістер салдарын бағалаудан ерекшеленуі мүмкін. Экологиялық жағынан оңалтуға қатысты қосымша айқындықтың болмауы 41-ескертпеде ашылған. Экологиялық жағынан оңалтуға міндеттемелер бойынша резервке өзгерістер 23-ескертпеде ашылған.

      Негізгі құралдардың құнсыздануы

      Әрбір есепті күні Топ активтің ықтимал құнсыздануының қандай-да бір белгілері бар екендігін бағалайды. Егер мұндай белгілер болса немесе егер құнсыздану мәніне жыл сайын тестілеу өткізу талап етілсе, онда Топ өтелетін соманы бағалауды жүргізеді. Активтің өтелетін сомасы сатуға жұмсалатын шығынды шегере отырып, активтің әділ құнының немесе тудырушы бірліктің немесе пайдалану құнының неғұрлым үлкен мөлшерін білдіреді және актив айтарлықтай мөлшерде баска активтермен немесе активтер топтарымен тудырылатын ақша қаражатының ағынына тәуелсіз ақша қаражатының ағынын тудырмайтын жағдайларды қоспағанда, бөлек актив үшін анықталады. Егер активтің теңгерім құны өтелетін сомадан асып кетсе, онда актив құнсызданған ретінде қаралады және оның құны өтелетін сомаға дейін кемітіледі. Пайдалану құнын бағалау кезінде есеп айырысу болашақ ақша қаражатының ағыны ақшаның уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағалауды және активтерге тән тәуекелдерді көрсететін салық салуға дейінгі дисконт ставкасын пайдалана отырып, оның ағымдағы құнына дейін дисконтталады. 2008 жылы Топ 14.371.108 мың теңге мөлшерінде құнсызданудан шығынды және 3.042.069 мың теңге мөлшерінде құнсыздануды түзетуден болған кірісті таныды.
      Негізгі құралдардың құнсыздануын анықтау құнсыздану себебін, мерзімін  және сомасын қамтитын, бірақ шектелмейтін байымдауларды пайдалануды болжайды. Құнсыздану қайта құрылымдау процесіндегі, темір жол индустриясының күтілетін өсуіндегі өзгеріс, технологиялық ескіруді, қызметтер көрсетуді тоқтатуды, ағымдағы шығындарды болашақта қаржыландыруға кол жеткізудің өзгерісі және құнсыздануды көрсететін талаптардың басқа да өзгерістері сияқты факторлардың көп болуына негізделеді. Өтелетін сома және әділ құн, әдетте, нарыққа қатысушының негіздемелі болжамын қамтитын ақша қаражатының дисконтталған ағыны әдісінің көмегімен анықталады. Құнсыздану көрсеткіштерін белгілеу, ақша қаражатының болашақ ағындарын бағалау және активтердің (немесе активтер топтарының) әділ құнын анықтау ақша қаражатының күтілген ағындарының, қолданылатын дисконт ставкасының, пайдалы қызмет мерзімі және қалдық құнның құнсыздану көрсеткіштерін анықтау мен растауға қатысты мәнді пайымдауларды басшылықтан талап етеді.
      Тудырушы бірліктің өтелетін сомасын анықтау басшылықтың бағасын пайдалануды болжайды. Пайдалану құнын анықтауға пайдаланылған әдістер ақша қаражатының дисконтталған ағынының әдісін қамтиды. Пайдаланылатын әдіснамаларды қоса алғанда, бұл бағалар әділ құнға және ең соңында негізгі құралдардың кез келген құнсыздануына елеулі әсер етуі мүмкін.

      Негізгі құралдар объектілерінің пайдалы қызмет мерзімі

      Топ әрбір есепті күнгі негізгі құралдардың пайдалы қызметінің қалған мерзімін қайта қарайды және егер күту өткен бағалаудан ерекшеленген жағдайда, өзгерістер 8 «Есеп саясаты, есеп бағаларындағы өзгерістер және қателер» БЕХС-ке сәйкес есеп бағалауларындағы өзгерістер ретінде ескеріледі.
      «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тын Мемлекетпен арасындағы Шарт 1-ескертпеде қаралған, ол 12 «Қызметтер концессиясының шарты» түсіндіруіндегі қарау саласынан шығарылған концессиялық келісім болып табылады (өйткені цедент Топ негізгі сатып алушылармен шарт жасасқан бағаны бақыламайды). Кейінгі толықтырулар немесе Шарт бойынша басқарудағы активтердің деректері бойынша жетілдіру Шарттың қолданылу кезеңіне байланысты емес қалған қызметтің бағаланған мерзімі ішінде капиталданады және амортизацияланады, өйткені Үкімет егер Шарт ұзартылмаған жағдайда, теңгерім құнын өтеуге міндетті.

      Кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтер

      Кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтер салық салынатын уақытша айырмалар мен осындай шығыстардың коммерциялық сипатының негізделетіндігі мүмкіндігі бар дәрежеде барлық резервтер мен ауыстырылған салық шығындары бойынша танылады. Басшылықтың елеулі пайымдаулары жоспарланатын деңгей мен кірістілік уақытының негізінде, сондай-ақ салықтық жоспарлау стратегиясының табысты қолданылуының негізінде танылуы мүмкін кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтерді бағалау үшін талап етіледі. Кейінге қалдырылған салық жөніндегі танылған активтердің сомасы 2008 жылғы 31 желтоқсанда 8.648.317 мың теңгені құрады. Неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат 35-ескертпеде қамтылған.

      Салық салу

      Салық тәуекелдерін бағалау кезінде басшылық, егер қосымша салықтарды салық органдары есептейтін болса, ол сәтті шағымдана алады деп Топ дауласпайтын немесе санамайтын салық заңнамасын сақтамаудың белгілі салаларының ықтимал міндеттемелері ретінде қарайды. Мұндай анықтау мәнді пайымдауларды шығаруды талап етеді және салық заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер, жер қойнауын пайдалануға Топтың келісім-шарттарында салық салу талабына түзету, салық талқылауларынан өзі күтетін шешімдер бойынша күтілетін нәтижелерді және сәйкестікті тексеруге салық органдары жүзеге асыратын ағымдағы нәтижені анықтау нәтижесінде өзгеруі мүмкін. 3-ескертпеде ашылған салық тәуекелдері бойынша резерв, негізінен, 2002 жылдан бастап 2006 жылды қоса алғандағы кезеңге шикі мұнайды экспорта сатуға қатысты трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнаманы Топтың қолдануына жатқызылады. Салық салуға жатқызылған қалған айқындылықтың болмауы 41-ескертпеде ашылған.
      Компанияларды біріктіру кезінде сатып алынған активтер мен міндеттемелердің әділ құны
      Топ бағаларға негізделетін олардың әділ құны бойынша компанияларды біріктіру нәтижесінде сатып алынған немесе алынған барлық сәйкестендірілетін активтер, міндеттемелер және шартты міндеттемелер сатып алған күніне бөлек тануға міндетті, бұл бағалауларды пайдалануды көздейді. Мұндай бағалар ақша қаражатының болашақтағы ағынын болжауға біршама пайымдауды талап ететін есеп әдістемелеріне және өзге де болжамдарды әзірлеуге негізделеді. Топ 2008 жылы кейбір компаниялардағы үлес сатып алды және 2008 жылғы 31 желтоқсанда Топ сатып алынған компаниялардың сәйкестендірілетін активтері мен міндеттемелерінің әділ құнын бағалауды аяқтамады және нәтижесінде осы сатып алуды олардың алдын ала сомасы бойынша ескерді. 2009 жылы әділ құнды анықтауды аяқтау сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің ескерілген сомасына біршама түзетуге әкелуі мүмкін. Неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат 5-ескертпеде берілген.

      Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер

      Топта сату үшін арналған ретінде жіктелген белгілі бір активтер бар. 2008 жылы басшылық осы активтерді іске асыру жөніндегі жоспарды бекітті және онда сатып алушыны айқындау бойынша қолданыстағы бағдарлама бар. Топ іске асыру тендерлер өткізу арқылы 2009 жылдың аяғында аяқталатын болады деп санайды.

      Қызметкерлерге төлем бойынша міндеттеме

      Топ зейнетке шыққаннан кейінгі белгіленген төлемдер және осыған байланысты ағымдағы қызметтердің құны бойынша міндеттемелердің ағымдағы құнын анықтау үшін бағалаудың актуарлық әдісін пайдаланады (24-ескертпе). Бұл сыйақы болжанылған жұмыс істеп жатқан және жұмыстан кеткен қызметкерлердің болашақтағы мінездемелеріне қатысты демографиялық жорамалдарды (жұмыста немесе одан кейін қайтыс болу, персонал санының өзгеруі бойынша статистика және басқалар), сондай-ақ қаржылық жорамалдарды (дисконттау ставкасы, болашақтағы жылдық материалдық көмек, болашақтағы ең төменгі жалақы, темір жол билетінің болашақтағы орташа құны) пайдалануды талап етеді.

      Клиенттерге және қаржы мекемелеріне қарыздар бойынша құнысызданудан болған шығындар

      Әрбір есепті күнге Топ құнсызданудан болатын шығындар пайдалар мен шығындар туралы есепте ескерілуі қажеттілігін бағалау үшін клиенттер мен қаржы мекемелеріне қарыздардың әрқайсысы бойынша өздерінің маңыздылығына талдау жүргізеді. Атап айтқанда, басшылықтың пайымдауы құнсызданудан болатын шығынды анықтау кезінде болашақ қаржы ағынының сомасы мен мерзімін бағалауда талап етіледі. Мұндай қаржы ағынын бағалау кезінде Топ қарыз алушының қаржы жағдайы мен құнсыздануды іске асырудың таза құны туралы пайымдаулар шығарады. Бұл бағалар факторлар қатарында жорамалдарға негізделген және нақты нәтижелері болашақта резервке өзгерістер әкелетін өзгелер болуы мүмкін.
      Содан соң бөлек-бөлек бағаланған және құнсызданбаған қарыздар және барлық жекеше маңызы жоқ қарыздар жиынтықта, оған қатысты объективті куәлік бар, бірақ әсері анық болып табылмайтын шығын жағдайы болуының салдарында резерв құру қажеттілігін анықтау үшін ұқсас тәуекел сипаттамалары бар активтер тобында бағаланады.
      Жиынтық бағалау кредиттік қоржын деректерін (кредит сапасы, мерзімін ұзарту деңгейі, кредитті пайдалану, қамтамасыз етуге қарыздың қарым-қатынасы және т.б. сындылар), тәуекелдер мен экономикалық көрсеткіштер шоғырлануын (оның ішінде жұмыссыздар деңгейі, жылжымайтын мүлікке бағалар индекстері, ел тәуекелі және әртүрлі бөлек топтардың жұмыс көрсеткіштері) назарға алады. Клиенттер және қаржы мемекемелеріне қарыздарды құнсыздандыру бойынша шығындар 9-ескертпеде және 10-ескертпеде біршама егжей-тегжейлі ашылған.

      Резервтер

      Топ күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв құрады. Біршама пайымдаулар күмәнді борыштарды анықтау кезінде пайдаланылады. Күмәнді борыштарды анықтау кезінде клиенттердің тарихи әрі күтілетін мінез-құлқы қаралады. Экономикаға өзгерістер немесе клиенттің жеке шарты осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте күмәнді берешек бойынша резервті түзетуді талап етуі мүмкін. 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша күмәнді борыштар бойынша резервтер 54.815.603 мың теңге мөлшерінде құрылды (13 және 15-ескертпелер).

5. КОМПАНИЯЛАРДЫ БІРІКТІРУ ЖӘНЕ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР САТЫП АЛУ

      Кәсіпорындарды біріктіру

      «Батуми Иидастриал Холдингс Лимитед» («БИХЛ») сатып алу
      2007 жылғы 12 қыркүйекте ҚМГ ҰК 325 миллион АҚШ долларына «Терминал Партнерс Лимитедтен» БИХЛ 100% жай акцияны сатып алу туралы шарт жасасты. БИХЛ ВСРL-да (бұрынғы «Нафтранс Капитал Партнерс Лимитед») 50% үлесті, «Батуми Терминал Лимитед» («БТЛ») компаниясында 38,12% үлесті және Батуми Теңіз портында 100% үлесті иеленетін «Порт Капитал Партнерс» 100% үлесті иеленетін холдинг компания болып табылады. ҚМГ ҰК 2008 жылғы 5 ақпан, сатып алу күні 325 миллион АҚШ долларын (39.061.750 мың теңгеге балама) сатып алуға төледі. Сатып алу әдісі пайдаланыла отырып сатып алу ескерілді.
      БИХЛ-ден сатып алынған 100% үлеске жататын сәйкестендірілген активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің әділ құны және ҚЕХС бойынша бастапқы теңгерімдік құны сатып алу күнінде былайша ұсынылды:

Мың теңгемен

Сатып алу кезінде танылған әділ құны

Өткен теңгерімдік құн

Негізгі құралдар

20.003.778

13.328.666

Тауарлық-материалдық қорлар

371.414

371.414

Сауда дебиторлық берешек

3.641.015

3.641.015

Өзге де ағымдағы активтер

637.751

637.751

Қысқа мерзімді қаржы активтері

97.714

97.714

Ақша қаражаты мен оның баламалары

1.157.980

1.157.980

Активтердің жиыны

25.909.652

19.234.540

Ұзақ мерзімді қарыздар

480.760

480.760

Қысқа мерзімді қарыздар

1.953.213

1.953.213

Мерзімі ұзартылған салық бойынша міндеттемелер

484.015

484.015

Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер

1.155.884

1.155.884

Сауда кредиторлық берешек

480.573

480.573

Төлеуге өзге де салықтар

123.139

123.139

Өзге де ағымдағы міндеттемелер

2.159.846

2.159.846

Міндеттемелердің барлығы

6.837.430

6.837.430

Таза активтер

19.072.222

12.397.110

Азшылық үлесі (БТЛ-да 19,06 %)

3.066.103


Таза активтердегі сатып алынған үлес

22.138.325


Сатып алуда пайда болған гудвилл (7-ескертпе)

16.923.425


Жалпы сатып алу құны

39.061.750


      Сатып алудың жалпы құны 39.061.750 мың теңгеге ақшалай төлемді қамтиды.

      Сатып алу кезіндегі ақшалай қаражаттың қайтуы:

Мың теңгемен


Біріккен кәсіпорыннан сатып алынған таза ақшалай қаражат

1.157.980

Төленген қаражат

(39.061.750)

Ақшалай қаражаттың таза қайтуы

(37.903.770)

      Сатып алынған күннен бастап Топтың таза пайдасына қосылған кезеңге БИХЛ-дың таза пайдасы 1.527.517 мың теңгені құрады. Егер бірлестіктің жыл басында орны болғанда, Топтың таза пайдасы 461.546.122 мың теңгені құраған болар еді, ал Топтың кірісі 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 3.342.923.689 мың теңгені құраған болар еді.
      Сатып алу кезінде танылған гудвилл БИХЛ активтері мен қызметін Топ активтерімен және қызметімен біріктіруден күтілетін бірлескен қызметке және өзге де пайдаға жатады.
      Негізгі құралдарды бағалауды тәуелсіз кәсіп қой бағалаушы жүргізді. Қалпына келтіру құны бағалау үшін негіз ретінде пайдаланылды.

      Бірлескен кәсіпорындарды сатып алу

      «Forum Muider BV» («Forum Muider») ЧКОО-да үлес сатып алу
      2008 жылғы 23 желтоқсанда «Самұрық-Энерго» АҚ («Самұрық-Энерго») Forum Muider 50% үлесін сатып алды. Forum Muider Богатырь Көмір және Ресей Федерациясында және Кипр Республикасында тіркелген компаниялар қатарының жарғылық капиталында 100% үлесті иеленетін және маңызы бар операцияларды жүзеге асырмайтын холдинг компания болып табылады. Forum Muider ең соңында ОК РУСАЛ кәсіпорны бақылайтын Самұрық-Энерго мен Urel Enterpriser Limited бірігіп бақылайтын кәсіпорын болып табылады. Богатырь Көмір Қазақстан Республикасының Павлодар облысындағы «Богатырь» және «Солтүстік» тіліктері шегінде Екібастұз таскөмір кен орнына энергетикалық көмір өндіруді және оны жергілікті нарықта және Ресей Федерациясы аумағында электр энергиясын өндіретін компанияларға өткізуді жүзеге асырады.
      Forum Muider сатып алу сатып алу әдісі бойынша ескерілді. 2008 жылғы 31 желтоқсанда сатып алынған сәйкестендірілген активтердегі, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердегі өзінің үлесінің әділ құнын бағалауды Топ аяқтай алмады. Сатып алу сатып алу күніндегі алдын ала әділ құнды пайдалана отырып ескерілді.
      Forum Muider-ден сатып алынған 50% үлеске жататын сәйкестендірілген активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің алдын ала әділ құны және ҚЕХС бойынша бастапқы теңгерімдік құн сатып алу күнінде былайша ұсынылды:

Мың теңгемен

Алдын ала әділ құны

Теңгерімдік құны

Негізгі құралдар

52.335.730

17.657.260

Өзге де ұзақ мерзімді активтер

273.265

273.265

Тауарлық-материалдық қорлар

729.608

729.608

Сауда және өзге дебиторлық берешек

4.020.501

4.020.501

Ақша қаражаты мен оның баламалары

1.074.568

1.074.568

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

166.609

166.609

Активтердің жиыны

58.600.281

23.921.811

Учаскені қалпына келтіруге резерв

681.827

681.827

Мерзімі ұзартылған табыс салығы бойынша міндеттемелер

6.310.091

1.208.141

Қызметкерлерге сыйақылар бойынша міндеттемелер

297.868

297.868

Қарыздар

3.588.441

3.588.441

Сауда және өзге кредиторлық берешек

5.327.447

5.327.447

Төлеуге салықтар

634.814

634.814

Міндеттемелердің жиыны

16.840.488

11.738.538

Таза активтер

41.759.793

12.183.273

Forum Muider еншілес ұйымдарында азшылық үлесі

(250)


Таза активтерде сатып алынған үлес

41.759.543


Жалпы сатып алу құны

41.759.543


      Жалпы сатып алу құны 41.747.543 мың теңге сомаға ақшалай төлемді және 12.000 мың теңге мөлшерінде сатып алуға тікелей байланысты шығындарды қамтиды.
      Сатып алу кезіндегі ақшалай қаражаттың қайтуы:

Мың теңгемен


Біріккен кәсіпорыннан сатып алынған таза ақшалай қаражат

1.074.568

Төленген қаражат

(41.747.543)

Ақшалай қаражаттың таза қайтуы

(40.672.975)

      Сатып алынған күннен бастап Forum Muider кірісі мен пайдасында Топтың үлесі осы шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін маңызы жоқ болып табылады. Егер жыл басында орны болғанда, Топтың таза пайдасы 465.047.435 мың теңгені құраған болар еді, ал 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін кірісі 3.376.695.859 мың теңгені құраған болар еді.

6.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі негізгі құралдардың қозғалысы былайша берілген:

Негізгі компанияның акционеріне келеді

Мың теңгемен

Мұнай-газ активтері

Құбыржолдар мен МӨЗ активтері

Ғимараттар мен құрылыстар

Темір жолдар мен инфрақұрылым

Машиналар, жабдық және көлік құралдары

Тау-кен активтері

Өзгелері

Аяқталмаған құрылыс

Жиыны

2007 жылғы 31 желтоқсанға қалдық құн

1.044.744.626

486.614.065

289.750.054

367.760.848

682.735.410

-

39.655.219

263.950.102

3.175.210.324

Шетелдік валюталарды қайта есептеу

3.309.400

578.488

145.922

-

-

-

69.354

122.613

72.339.508

Түсімдер

103.547.042

2.179.359

18.182.536

265.565

70.849.286

-

10.256.242

514.216.456

719.496.486

Солтүстік Каспий жобасындағы қосымша үлесті сатып алу

280.816.885

-

-

-

-

-

-


280.816.885

Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу (5-ескертпе)

-

-

7.910.822

-

15.830.206

34.678.470

13.695.862

224.148

72.339.508

Істен шығу

(9.984.941)

(3.828.886)

(13.113.272)

(6.977.382)

(15.282.886)

-

(4.268.491)

(5.568.794)

(59.024.652)

Тозу бойынша шығыстар

(73.169.666)

(30.612.685)

(16.566.745)

(15.608.694)

(82.039.095)

-

(7.906.466)

-

(225.903.351)

Істен шығу бойынша тозу

1.698.252

2.530.884

841.625

4.836.201

8.899.208

-

1.008.039

69.402

19.883.611

Құнсыздануға (резерв) / резервті түзету, нетто

(1.593.566)

(4.621.581)

(6.067.406)

72.605

(782.116)

-

(628.737)

2.291.762

(11.329.039)

Сатуға арналған ретінде сыныпталған активтерден аударымдар

95.535

-

7.887.147

-

697.479

-

355.416

-

9.035.577

Материалдық емес активтерге аударымдар

-

-

-

-

-

-

-

(580.587)

(580.587)

Аударымдар және қайта топтамалар

138.273.157

34.483.439

46.385.332

23.138.360

145.159.621

-

9.171.202

(396.611.111)

-

2008 жылғы 31 желтоқсанға қалдық құн

1.487.736.724

487.323.083

335.356.015

373.487.503

826.067.113

34.678.470

61.407.640

378.113.991

3.984.170.539

Бастапқы құн

1.231.225.910

535.547.712

331.320.235

399.925.377

967.986.716

-

60.270.225

266.575.922

3.792.852.097

Жинақталған тозу және құнсыздану

(186.481.284)

(48.933.647)

(41.570.181)

(32.164.529)

(285.251.306)

-

(20.615.006)

(2.625.820)

(617.641.773)

Бастапқы құн

1.747.282.988

568.960.112

407.531.187

416.373.420

1.219.733.963

34.678.470

89.713.978

378.113.991

4.862.388.109

Жинақталған тозу және құнсыздану

(259.546.264)

(81.637.029)

(72.175.172)

(42.885.917)

(393.666.850)

-

(28.306.338)

-

(878.217.570)

2008 жылғы 31 желтоқсанға қалдық құн

1.487.736.724

487.323.083

335.356.015

373.487.503

826,067.113

34.678.470

61.407.640

378.113.991

3.984.170.539

      2008 жылы ҚМГ ҰК еншілес ұйымы «ҚМГ Қашаған Б.В.» 8,48% мөлшерінде «Солтүстік-Каспий Жобасына» («СКЖ») қосымша үлесті СКЖ қатысушыларынан сатып алды. Сатып алу бағасы 1,78 миллиард АҚШ долларын және екі инвестициялық түзетуді қамтиды. 1,78 миллиард АҚШ доллары Қашаған кен орнына (СКЖ кен орны) мұнай өндіру басталғаннан кейін үш жыл сайынғы тең төлемдермен төлеуге жатады (20-ескертпе). Инвестициялық түзетулер 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 4 қарашаны қоса алғандағы кезеңде оған тиесілі қатысу үлесіне қатысты оларға жүзеге асырылған СКЖ-ның әрбір қатысушысының ақшалай қаражатты төлеу сомасына тең соманы білдіреді. «ҚМГ Қашаған Б.В.» жалпы сомасы 377.198 мың АҚШ долларына инвестициялық түзетулер төледі. Сатып алуға жалпы төлем сомасы 2.248.546 мың АҚШ долларын құрады және былайша бөлінді:


мың АҚШ долларымен

Мың теңгемен

Негізгі құралдар (мұнай-газ активтері)

2.334.499

280.816.885

Таза айналым капиталы

(85.953)

(10.339.286)


2.248.546

270.477.599

      2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мұнай-газ активтері 82.203.650 мың теңге сомаға барлау және бағалау активтерінің қалдық құнын қамтиды. Осы активтер бойынша түсімдер 2008 жылы 39.495.395 мың теңгені және осы активтер бойынша істен шығу 816.959 мың теңгені құрады. Кезең ішінде құрғақ ұңғымаларды есептен шығару 3.494.522 мың теңгені құрады.
      2008 жылғы 31 желтоқсанда таза теңгерімдік құны 399.608.678 мың теңге негізгі құралдардың кейбір объектілері Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (18-ескертпе).
      2008 жылғы 31 желтоқсанда негізгі құралдардың санатына енгізілген қаржы жалдауы туралы келісімдер бойынша алынған негізгі құралдардың теңгерімдік құны 26.496.093 мың теңгені құрады.
      2008 жылы басталған жаңа активтерді салуға қатысты 4.066.086 мың теңге сомаға 6,14%-да орташа капиталдану ставкасында қарыздар бойынша шығындарды 2008 жылы Топ капиталдандырды.

7. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі материалдық емес активтердік қозғалысы былайша берілген:

Мың теңгемен

Лицензиялар

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Гудвилл

Өзгелері

Жиыны

2007 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн

33.785.552

18.178.408

41.704.012

31.744.446

125.412.418

Шетелдік валютаны қайта есептеу

26.410

4.420

699.139

26.170

756.139

Түсімдер

3.754.413

7.162.352

-

4.966.552

15.883.317

Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу (5-ескертпе)

-

24.507

16.923.425

-

16.947.932

Істен шығу

(90.747)

(380.483)

-

(913.165)

(1.384.395)

Амортизациялық аударымдар

(4.981.405)

(4.417.063)

-

(1.966.428)

(11.364.896)

Істен шығулар бойынша жинақталған амортиэация

80.805

200.961

-

6.016

287.782

Құнсыздануға резерв

(4.079.876)

-

(29.215.642)

-

(33.295.518)

Сатуға арналған аударымдар

-

-

-

2.905.929

2.905.929

Аударымдар  және түзетулер

243.670

366.963

-

42.245

652.878

2008 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн

28.738.822

21.140.065

30.110.934

36.811.765

116.801.586

Бастапқы құн

44.326.181

29.147.588

43.406.871

33.766.569

150.647.209

Жинақталған амортизация және құнсыздану

(10.540.629)

(10.969.180)

(1.702.859)

(2.022.123)

(25.234.791)

2007 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн

33.785.552

18.178.408

41.704.012

31.744.446

125.412.418

Бастапқы құн

48.259.912

36.575.454

55.366.926

40.792.156

180.994.448

Жинақталған амортизация және құнсыздану

(19.521.090)

(15.435.389)

(25.255.992)

(3.980.391)

(64.192.862)

2008 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн

28.738.822

21.140.065

30.110.934

36.811.765

116.801.586

      Лицензиялар көбінесе «Қазақтелеком» АҚ («Қазақтелеком») сатып алған телекоммуникация секторындағы лицензияларды және ҚМГ ҰК сатып алған табиғи ресурстарды барлауға лицензиялар бойынша капиталданған шығындарды қамтиды. Лицензияға амортизация 3 жылдан 20 жылға дейін активтердің пайдалану қызметін есептеу мерзімін ескере отырып, тік желілі әдіс негізінде есептеледі.
      Бағдарламалық қамтамасыз ету Топтың қызметінде пайдаланылатын сатып алынған қолданбалы бағларламалардың шығындарын қамтиды, олар негізінен бухгалтерлік бағдарламаларға жатады. Бағдарламалық қамтамасыз етуге амортизация 3 жылдан 20 жылға дейін активтердің пайдалану қызметін есептеу мерзімін ескере отырып, тік желілі әдіс негізінде есептеледі.

      Құнсыздануға гудвиллді талдау

      2008 және 2007 жылдары кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған гудвилл, негізінен, «Rompetrol Group N.V.» («ТRG»), БИХЛ кәсіпорнына және кейбір телекоммуникациялық кәсіпорындарға жатқызылды. Бұл кәсіпорындар мұнай-газ операцияларына және телекоммуникациялық қызметтерге тартылды. 2008 жылғы 31 желтоқсанда 30.110.934 мың теңге мөлшерінде гудвиллдың теңгерімдік құнының үлкен бөлігі ТRG кәсіпорнына жатқызылды, ол МӨЗ бірлігін тудырушыға қатысты 13.674.425 мың теңге гудвиллды қамтиды. Гудвиллдың өтелетін құны3-ескертпеде сипатталған есеп саясатына сәйкес анықталды. Әділ құн есебінде пайдаланылған және ТRG бірлігін тудырушы, БИХЛ бірлігін тудырушы және телекоммуникациялық турыдушы бірліктер үшін іске асыруға шығындар шегерілген дисконт ставкасы тиісінше 7,5%-дан 11,3%, 17,55% дейін және 11,64%-дан 14,34% дейін түрлендірілді.
      Кез келген негізгі жорамалдардағы өзгеріс құснсызданудан болашақтағы шығындарға әкелуі мүмкін.

8. ҚАУЫМДАСҚАН КОМПАНИЯЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда қауымдасқан компанияларға инвестициялар мыналарды қамтиды:

2008

Мың теңгемен

Теңгерім құны

Иелену үлесі

«ПетроКазахстан Инк.» («ПКИ»)

122.200.422

33,00%

«GSМ Қазақстан» («GSM») ЖШС

44.604.223

49,00%

«Астана-Финанс» АҚ

6.175.975

5,52%

«Кедентранссервис» АҚ

1.884.870

33,00%

Өзгелер

7.970.283


Минус: Құнсыздану

(5.348.466)



177.487.307


      Қауымдасқан компанияларға инвестицияларға өзгерістер былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

2008 жылғы 1 қаңтардағы сальдо

197.707.846

Қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі үлес

40.750.833

Алынған дивидендтер

(58.012.876)

Сатып алулар

6.773.737

Істен шығу

(4.383.767)

Құнсыздану

(5.348.466)

2008 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо

177.487.307

2008 жылы 5.348.466 мың теңге құнсызданудан болған шығындар өтелетін құнға дейін «Астана Финанс» АҚ-ка («Астана Финанс») инвестицияларды есептен шығаруды білдірді. Құнсыздану пайдалар мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылған болатын. Өтелетін шама 2008 жылғы 31 желтоқсанға Астана Финанстың таза активтерінде Қордың үлесіне негізделген болатын.
      Келесі кестелерде 2008 жылғы 31 желтоқсанда және осы күні аяқталатын жылға қауымдасқан компаниялардағы Топтың инвестициялары туралы қаржылық ақпарат қорытындыланып берілген:

2008

Мың теңгемен

ПКИ

GSM

Өзге қауымдасқан компаниялар

Жиынтық

Топтың активтер мен міндеттемелердегі үлесі





Активтердің жиыны

170.600.122

58.990.975

36.683.311

266.274.408

Міндеттемелердің жиыны

(48.399.700)

(14.386.752)

(25.559.775)

(88.346.227)

Таза активтер

122.200.422

44.604.223

11.123.536

177.928.181

Топтың кірістердегі және таза кірістегі үлесі





Кірістер

191.805.573

59.609.244

15.934.664

267.349.481

Таза кіріс

22.470.653

17.554.988

725.192

40.750.833

9. КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАРЫЗДАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда клиенттерге қарыздар мынаны қамтыды:

Мың теңгемен

2008

Кәсіпорындарға қарыздар

183.337.077

Қаржы лизингі

18.077.910

Жеке тұлғаларға қарыздар

5.876.759

Өзге қарыздар

1.212.606

Есептелген пайыз

5.482.096

Қарыздардың жалпы сомасы

213.986.448

Минус: құнсыздануға резерв

(19.965.861)

Клиенттерге қарыздар, нетто

194.020.587

Минус: ағымдағы бөлік

(24.307.838)

Ұзақ мерзімді бөлік

169.712.749

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға қарыздар бойынша құнсыздануға резервтің қозғалысы былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

2008 жылғы 1 қаңтарға

8.342.832

Бір жылға аударымдар

17.453.669

Есептен шығару

(5.840.422)

Шетелдік валютаны қайта есептеу

9.782

2008 жылғы 31 желтоқсанға

19.965.861

      Келесі кестеде 2008 жылғы 31 желтоқсанға несие қоржынындағы кредиттің сапасы туралы ақпарат берілген:

2008

Мың теңгемен

Жалпы қарыз сомасы

Құнсыздану

Қарыздар, нетто

Қарыздардың жалпы сомасына құнсызданудың ара қатыснасы

Құнсыздану белгілері анықталмаған қарыздар:





- Стандартты қарыздар

174.924.586

(1.058.050)

173.866.536

0,60%

Құнсызданған қарыздар:





- мерзімі өткізілмеген

32.202.899

(13.959.103)

18.243.796

43,35%

- 90 күннен кем уақытқа мерзімі өткен

6.628.615

(4.718.668)

1.909.947

71,19%

- 90 күннен жоғары және 1 жылдан кем мерзімі өткен

230.348

(230.040)

308

99,87%

Құнсызданған қарыздардың жиыны

39.061.862

(18.907.811)

20.154.051

48,40%

Қарыздардың жиыны

213.986.448

(19.965.861)

194.020.587

9,33%

      2008 жылғы 31 желтоқсанға қаржы жалдауы бойынша таза инвестициялардың құрауыштары былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

Бір жыл ішінде

4.365.756

Бір жылдан астам, бірақ бес жылдан аспайтын

15.125.010

Бес жылдан астам

4.256.663

Ең төменгі жалдау төлемдері

23.747.429

Жұмыспен өтелмеген қаржы кірісі шегерілген

(5.669.519)

Құнсыздануға резерв шегерілген

(5.890.804)

Қаржы жалдауға таза инвестициялар

12.187.106

Өтеу мерзімі 1 жылға дейін

24.307.838

Өтеу мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін

61.520.810

Өтеу мерзімі 5 жылдан жоғары

108.191.939


194.020.587

10. КРЕДИТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ҚАРАЖАТ

      2008 жылғы 31 желтоқсанға кредиттік мекемелердегі қаражат мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

10 ірі жергілікті банктер

168.996.989

Өзге жергілікті кредиттік мекемелер

20.562.909

Есептелген пайыз

2.727.553

Жалпы қарыздардың сомасы

192.287.451

Минус: құнсыздануға резерв

(21.678.157)

Қарыздар, нетто

170.609.294

Минус: ағымдағы бөлік

(28.102.547)

Ұзақ мерзімді бөлік

142.506.747

Мың теңгемен

2008

ВВ- бастап ВВ+ дейінгі рейтингтер

113.646.469

В+ қарағанда темен рейтингтер

56.514.421

Рейтинг жоқ

448.404


170.609.294

      Кредиттік мекемелердегі қаражат бойынша құнсыздануға резервке өзгерістер былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

2008 жылғы 1 қаңтарға

484.253

Бір жылға аударым

21.193.904

2008 жылғы 31 желтоқсанға

21.678.157

Мың теңгемен

2008

Өтеу мерзімі 1 жылға дейін

28.102.547

Өтеу мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін

115.513.409

Өтеу мерзімі 5 жылдан жоғары

26.993.338


170.609.294

11. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ

      2008 жылғы 31 желтоқсанға қаржы активтері мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Сату үшін қолда бар қаржы активтері


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық вексельдері

58.549.761

Корпоративтік облигациялар

7.239.033

Қазақстандық қаржы агенттіктерінің облигациялары

33.118.266

Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары

3.543.652

Өзге де борыштық бағалы қағаздар

651.090

Минус: Құнсыздану

(1.938.642)


101.163.160

Репо шарттары бойынша

7.755.212

Өтегенге дейін ұсталған қаржы активтері


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық вексельдері

8.564.799

Корпоративтік облигациялар

9.886.116

Қазақстандық қаржы агенттіктерінің облигациялары

15.499.558

Өзге де борыштық бағалы қағаздар

1.525.854


35.476.327

Кері сатып алу келісімдері бойынша сатып алынған бағалы қағаздар


Кері сатып алу келісімдері бойынша сатып алынған бағалы қағаздар

42.087.917

Минус: Құнсыздану

(245.406)


41.842.511

Пайда жене шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланған қаржы активтері


Венчурлық капиталды ұйымдастыруда баға белгіленбейтін инвестициялар

4.092.857

Акционерлік капиталда баға белгіленбейтін инвестициялар

15.749.365

Корпоративтік облигациялар

647.474


20.489.696

Қаржы жалдауы бойынша дебиторлық берешек

678.737

Қаржы активтерінің жиыны

199.650.431

Минус: ағымдағы бөлік

(91.169.145)

Ұзақ мерзімді бөлік

108.481.286

      2008 жылғы 31 желтоқсанға сату үшін қолда бар қаржы активтері, өтегенге дейін ұсталатын қаржы активтері және кері сатып алу келісімдері бойынша сатып алынған бағалы қағаздар бойынша пайыздық ставкалар тиісінше 1,7% бастап 45,4% дейінгі, 5,6% бастап 19,0% дейінгі және 4,6% бастап 14,5% дейінгі диапазонда болды.

Мың теңгемен

2008

АҚШ долларында көрсетілген қаржы активтері

12.507.185

Теңгемен көрсетілген қаржы активтері

185.287.539

Өзге шетел валюталарында көрсетілген қаржы активтері

1.855.707


199.650.431

      Кредиттік мекемелердегі қаражат бойынша құнсыздануға резервтегі өзгерістер былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

2008 жылғы 1 қаңтарға

1.876.203

Бір жылға аударымдар

397.685

Қайтарылды

(89.840)

2008 жылғы 31 желтоқсанға

2.184.048

Мың теңгемен

2008

Өтеу мерзімі 1 жылға дейін

91.169.145

Өтеу мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін

65.480.358

Өтеу мерзімі 5 жылдан жоғары

33.116.467

Өтеу мерзімі жоқ

9.884.461


199.650.431

12. БАНКТІК ДЕПОЗИТТЕР

      2008 жылғы 31 желтоқсанға ұзақ мерзімді банктік депозиттер мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

АҚШ долларында көрсетілген банктік депозиттер

452.912.919

Теңгеде көрсетілген банктік депозиттер

183.126.111

Өзге валюталарда көрсетілген банктік депозиттер

345.477

Минус: құнсыздану

(7.992.227)

Банктік депозиттердің жиыны

628.392.280

Минус: ағымдағы бөлік

(590.785.603)

Ұзақ мерзімді бөлік

37.606.677

      Банктік депозиттер бойынша құнсыздануға резервке өзгерістер былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

2008 жылғы 1 қаңтарға

-

Бір жылғы аударымдар

7.992.227

2008 жылғы 31 желтоқсанға

7.992.227

      2008 жылғы 31 желтоқсанға ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары мен банктік депозиттер бойынша орташа салмақталған пайыз ставкасы 4,59%-ды құрады, қысқа мерзімді банктік депозиттер салмақталған бойынша орташа ставка 7,06%-ды құрады.

Мың теңгемен

2008

Өтеу мерзімі 1 жылдан аз

590.785.603

Өтеу мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін

34.140.861

Өтеу мерзімі 5 жылдан жоғары

3.465.816


628.392.280

      2008 жылғы 31 желтоқсанға ұзақ мерзімді банктік депозиттер АҚШ долларында көрсетілген 30.031.537 мың теңге сомасында ақша қаражатын қамтиды, олар Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (18-ескертпе).
      2008 жылғы 31 желтоқсанға Топтың банктік депозиттері 3.243.177 мың теңге сомасында депозитті қамтиды, ол «Morgan Stanley» валюталық своп бойынша кепілдікті депозит ретінде көрінді.

13. ӨЗГЕ ДЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР

      2008 жылғы 31 желтоқсанға өзге де ұзақ мерзімді активтер мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Ұзақ мерзімді активтерге төленген аванстар

72.017.527

Өтеуге ұзақ мерзімді ҚҚС

28.714.326

Өзгелер

12.773.730

Минус: өтеуге ҚҚС құнсыздануға резерв

(12.939.249)


100.566.334

      Өтеуге ҚҚС құнсыздануға резервке өзгерістер былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

2008 жылғы 1 қаңтарға

11.959.053

Бір жылға есептеу

980.196

2008 жылғы 31 желтоқсанға

12.939.249

      2008 жылы Топ Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңа газ құбырын салуға Қытай Ұлттық Мұнай Компаниясына 22.072.859 мың теңге және Мойнақ СЭС-ін салуға 11.270.414 мың теңге мөлшерінде аванстар төледі.
      2008 жылғы 31 желтоқсанда басшылық өтеуге ұзақ мерзімді ҚҚС-ны өтеу ықтималдығын қайталама бағалауды жүзеге асырды және 12.939.249 мың теңге мөлшерінде өндіріп алу ықтималдығы сенімсіз болып табылатын қорытындыға келді. Нәтижесінде, Топ 2008 жылы 980.196 мың теңге сомасында өтеуге ҚҚС бойынша қосымша резерв есептеуге шешім қабылдады.

14. ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанға тауарлық-материалдық қорлар мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Мұнай-газ саласының материалдары мен қорлары

56.339.882

Сатуға қайта өңделетін өнім

34.397.878

Шикі мұнай

33.426.736

Темір жол саласының материалдары мен қорлары

33.420.046

Отын

4.618.240

Газды қайта өңдеу өнімдері

4.506.256

Қайта сатуға арналған тауарлар

3.145.531

Өндірістік материалдар мен қорлар

2.687.307

Электр энергиясын беретін жабыдыққа босалқы бөлшектер

2.653.951

Аяқталмаған өндіріс

2.200.533

Телекоммуникациялық жабдыққа босалқы бөлшектер

1.742.335

Өзге материалдар мен қорлар

4.880.910

Минус: өткізудің таза құнына дейін есептен шығару

(14.641.901)


169.377.704

15. САУДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЖӘНЕ ӨЗГЕ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР

      2008 жылғы 31 желтоқсанға өзге ағымдағы активтер мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Төленген аванстар және алдағы кезеңнің шығыстары

67.818.244

Пайдалануда шектелген ақша қаражаты

11.697.374

Қаржы көмегі

8.478.784

Салықтар бойынша өзге артық төлеу

8.444.163

Қаржы лизингі шарттарына сәйкес аударуға жататын активтер

6.273.302

Алуға дивидендтер

2.940.000

Қызметкерлердің берешегі

2.462.384

Өзгелер

36.129.535

Минус: резерв

(12.235.197)


132.008.589

      2008 жылғы 31 желтоқсанға сауда дебиторлық берешек мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Сауда дебиторлық берешек

181.624.391

Минус: резерв

(29.641.157)


151.983.234

      2008 жылғы 31 желтоқсанға Топтың 15.205.860 мың теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегі қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (18-ескертпе).
      «Теңізшевройл» ЖШС («ТШО») қаржыландыру туралы келісімге сәйкес борышқа қызмет көрсететін резерв шотын («Шот») құру кажет, оны келесі пайыз және негізгі борыш сомасы бойынша жоспарлы төлем сомасына тең сомада ТШО-ның жетекші банкирі қаржыландыруы тиіс. 2008 жылғы 31 желтоқсанға пайдалануға шектелген ақша қаражаты 11.071.541 мың теңгені құрады.
      Сауда дебиторлық берешек және өзге ағымдағы активтердің құнсыздануға резервіне өзгерістер былайша берілген:

Мың теңгемен

Дербес негізде құнсызданды

2008 жылғы 1 қаңтарға

29.866.154

Бір жылға есептеу

21.620.985

Пайдаланылды

(7.764.065)

Қалпына келтірілді

(1.846.720)

2008 жылғы 31 желтоқсанға

41.876.354

      2008 жылғы 31 желтоқсанға сауда дебиторлық берешек және өзге ағымдағы активтер бойынша сыйақы есептелген жоқ.
      2008 жылғы 31 желтоқсанға мерзімдер бөлінісінде сауда дебиторлық берешекті талдау былайша берілген:

Мың теңгемен

Жиыны

Мерзімі өтпеген және құнсызданбаған

Мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған

<30 күн

30 - 60 күн

60 - 90 күн

90 - 120 күн

>120 күн

2008

151.983.234

113.161,255

24.542.727

5.378.192

4.150.139

1.518.587

3.232.334

16. АҚША ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛАМАЛАРЫ

      2008 жылғы 31 желтоқсанға ақша қаражаты және оның баламалары мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

Дербес негізде құнсызданды

Банктік салымдар - АҚШ доллары

345.269.628

Банктік салымдар - теңге

802.642.172

Банктік салымдар - басқа валюталар

14.481.952

Банктердегі ағымдағы шоттар - АҚШ доллары

95.675.135

Банктердегі ағымдағы шоттар - теңге

238.139.533

Банктердегі ағымдағы шоттар - басқа валюталар

7.860.383

Кассадағы ақша қаражаты

1.743.037

Жолдағы ақша қаражаты

268.280


1.506.080.120

      2008 жылғы 31 желтоқсанға Топтың 3.573.964 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты мен олардың баламалары Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (18-ескертпе).
      2008 жылғы 31 желтоқсанға 5.231.835 мың теңге сомасындағы банктердегі ақша қаражаты Топтың кейбір қарыз шарттарында белгіленген мақсаттарға ғана пайдаланылады (18-ескертпе).
      Қысқа мерзімді салымдар әртүрлі мерзімдерге - қолма-кол ақша қаражатында Топтың шұғыл мұқтаждықтарына карай бір күннен үш айға дейін енгізіледі. 2008 жылғы 31 желтоқсанға банктердегі мерзімді депозиттер бойынша орташа салмақталған пайыз ставкасы 2,72% құрады.

17. КАПИТАЛ

      Топ Үкіметтің жалпы бақылауындағы заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы құрылды (1-ескертпе). Еншілес ұйымдарға берілген активтер мен міндеттемелер капиталға тиісті есептеулермен берілетін кәсіпорындардың қаржы есептілігіне теңгерімдік құны бойынша осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте ескерілді.

      Жарғылық капитал

      2008 жыл ішінде Топ акциялардың эмиссияларын жүзеге асырды, ол былайша төленді:


Салым күні

Жарияланған және шығарылған акциялардың саны

Атаулы құны, теңгемен

Жарғылық капитал, мың теңгемен

1-ші жарна

2008 жылғы 3 қараша

2.816.433.936

1.000

2.816.433.936

2-ші жарна

2008 жылғы 6 қараша - 30 желтоқсан

607.500.000

1.000

607.500.000

3-ші жарна

2008 жылғы 24 желтоқсан

3.189.907

10.000

31.889.073

4-ші жарна

2008 жылғы 30 желтоқсан

309.000

10.000

3.090.000

2008 жылғы 31 желтоқсанға


3.427.432.843


3.458.923.009

      2008 жылғы 31 желтоқсанға 3.427.432.843 акция толық төленді.
      Қордың жарғылық капиталы Мемлекеттің жалпы басқаруындағы ұйымның салымына қатысты акцияларды кезең-кезеңмен-орналастыру (%-ескертпе), бөлінбеген пайданы капиталдындыру, ашқалай және мүліктік қаражат жарналары қалыптастырылды, ол былайша берілген:
      1-ші жарна - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы қаулысына сәйкес Үкімет Самұрық және Қазынаның бұрынғы еншілес ұйымдарының акцияларын Қорға енгізді.
      * 2-ші жарна - 2008 жылға «Бюджет туралы» Қазақстан
        Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңына
        сәйкес Үкімет 607.500.000 мың теңге мөлшерінде ақшалай
        қаражат енгізлі. Осы қаражат 2008 жылы Үкімет мақұлдаған
        Тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыруға арналған (1-ескертпе).
      * 3-ші жарна жарна - Қазақстан Республикасының Қаржы
        министрлігі Активтерді және жекешелендіруді басқаратын
        мемлекеттік комитеттің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 757
        бұйрығына сәйкес Үкімет жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік
        корпорацияның және «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің
        қазақстандық қоры» АҚ акцияларын Қорға ауыстырды
        37-ескертпе).
      * 4-ші жарна - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24
        желтоқсандағы № 1236 қаулысына сәйкес Үкімет 3.090.000 мың
        теңге мөлшерінде ақшалай салым енгізді. Осы қаражат
        Шар-Өскемен темір жолын салу мен оны пайдалануға арналған.
      Дивидендтер
      2008 жылы Самұрықты біріктіргенге дейін жалпы сомасы 6.720.000 мың теңгеге (бір акцияға 3,10 теңге) жариялады және Акционерлерге дивидендтер төледі. Төленген дивидендтердің қалған бөлігі Компанияның еншілес ұйымдарына миноритарлық акциоиерлеріне дивидендтер төлеуді білдіреді.
      Шетел валютасына қайта есептеу бойынша резерв
      Валютаға қайта есептеу бойынша резерв функционалдық валютасы теңге болып табылмайтын және қаржы есептілігі 3-ескертпеде сипатталған есеп саясатына сәйкес осы шоғырландырылған қаржы есептілігіне енгізілген еншілес ұйымдардың қаржы есептілігін қайта есептеуден болатын бағам айырмаларын есепке алу үшін пайдаланылады.
      Еншілес ұйымдардың қатысу үлесінің - миноритарлық акционерлермен капиталға қатысу үлесінің өзгерісі
      Қазақтелеком
      2008 жылғы 26 қыркүйекте Қазақтелекомның еншілес ұйымы «Мобил-Телеком Сервис» ЖШС жарғылық капиталы 3.000.000 мың теңге сомаға толықтырылды. 1.469.999 мың теңге сомасындағы салым миноритарлық акционердің қолма-кол қаражатымен енгізілді.
      Самұрық-Энерго
      2008 жылы Самұрық-Энерго кредит шартына сәйкестік мақсатында осы еншілес ұйымның акционерлік капиталын ұлғайту нәтижесінде Мойнақ СЭС-і миноритарлық акционерінен 1.821.469 мың теңге алды. Акционерлік капиталдың ұлғаюы осы еншілес ұйымға Самұрық-Энергоның қатысу үлесін өзгертпеді.
      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
      2008 жыл ішінде Қордың акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Активтерді және жекешелендіруді басқаратын мемлекеттік комитет тиісінше 10.164.390 мың теңге және 5.330.594 мың теңге сомасына ақша қаражаты немесе негізгі құралдар түрінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға салымдарды (37-ескертпе) жүзеге асырды.

      Өзге капиталдық резервтер

      Заңнамаға сәйкес «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың жинақталған таза кірісі бөлінбейді және жыл сайын резерв капиталына немесе банктің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі мақұлданғаннан кейін жалпы банктік тәуекелдер резервіне ауыстырылады және жалпы банктік тәуекелдер резерві бөлінбейді.
      Өзге капиталдық резервтер капитал шеңберінде хеджирлеу бойынша резервте белгілі бір туынды қаржы инструментіне қатысты әділ құн бойынша кез келген пайдаларды немесе шығындарды есепке алу үшін ақша қаражатының ағындарын хеджирлеуді есепке алуды қамтиды.

18. ҚАРЫЗДАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанға қарыздар, оның ішінде есептелген сыйақы мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Сыйақының тіркелген ставкасы бар қарыздар

889.933.916

Сыйақының орташа салмақталған ставкасы

7,96%

Сыйақының өзгермелі ставкасы бар қарыздар

1.092.571.191

Сыйақының орташа салмақталған ставкасы

4,68%


1.982.505.107

12 ай ішінде өтеуге тиесілі сома шегерілген

(287.704.627)

12 айдан кейін өтеуге тиісті сома

1.694.800.480

Мың теңгемен

2008

АҚШ долларында көрсетілген қарыздар

1.808.669.818

Теңгеде көрсетілген қарыздар

82.962.600

Басқа валюталарда көрсетілген қарыздар

90.872.689


1.982.505.107

      2008 жылғы 31 желтоқсанға таза теңгерімдік құны 399.608.678 мың теңге тұратын негізгі құралдардың кейбір объектілері Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (6-ескертпе).
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары және банктік салымдар 30.031.537 мың теңге сомасында банктің кепілінде АҚШ долларында көрсетілген ақша қаражатын қамтиды (12-ескертпе).
      2008 жылғы 31 желтоқсанға Топтың 2.629.503 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты және оның баламалары кейбір кредиттік келісімдер бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (16-ескертпе).
      2008 жылғы 31 желтоқсанға 5.231.835 мың теңге сомасындағы банктердегі ақша қаражаты Топтың кейбір қарыздар шарттарында белгіленген мақсатта ғана пайдаланылады (16-ескертпе).
      2008 жылғы 31 желтоқсанға 15.205.860 мың теңге сомасындағы Топтың дебиторлық берешегі кредиттік келісімдер бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (15-ескертпе).
      Қарыздар туралы кейбір келісімдердің ережелері мен шарттарына сәйкес Топтың тиісті ұйымдары белгілі бір шектеу шарттарын орындауға міндетті. Топтың басшылығы 2008 жылғы 31 желтоқсанға Топтың ұйымдары осындай шектеу шараттарын орындады деп санайды (43-ескертпе).

19. ҮКІМЕТТІҢ ҚАРЫЗЫ

      2008 жылғы 31 желтоқсанға Үкіметтен қарыз мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

ҚР Үкіметінен қарыздар

31.672.395

Жобаларды қаржыландыруға аванстар

9.914.824


41.587.219

12 ай ішінде өтеуге жататын сома шегерілген

(796.024)

12 айдан кейін өтеуге жататын сома

40.791.195

      2008 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметінен алынған қарыздар мемлекеттік бюджеттен берілген және өнеркәсіптің, оның ішінде тоқыманың белгілі бір салаларын, газ өңдейтін саланы және химия саласын қолдауға арналған ұзақ мерзімді қарыздарды қамтыды.
      Жобаларды қаржыландыруға аванстар 2009 жылға авиациялық-ғарыш кешенін салуға «Бәйтерек» Біріккен Қазақстан-Ресей кәсіпорын» АҚ қаржыландыруға арналған бюджеттен қарыздың пайдаланылмаған бөлігін білдіреді. Қарыз 2010 жылдан 2023 жылға Дейін тең үлестермен өтелетін болады. Топ агентті білдіреді және қарыз алушының кредитті мақсатқа сай пайдаланбағаны немесе қарызға қатысы бар кез келген басқа тәуекелдер үшін жауаптылықта болмайды.

20. ЖОБАДА ҮЛЕС САТЫП АЛУҒА КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК

      2008 жылғы 31 желтоқсанға жобада үлес сатып алуға кредиторлық берешек мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Жобада қосымша үлес сатып алу бойынша кредиторлық берешек

228.283.802

Өндіруді бастау мерзімін өткізгені үшін айыппұл

11.216.997


239.500.799

      2008 жылғы 31 қазанда ӘКК жобасының барлық қатысушылары келісімге кол қойды, оған сәйкес «ҚМГ Қашаған Б.В.» қоспағанда, жобаның барлық қатысушылары жобадағы өз үлестерін ӘКК-де «ҚМГ Қашаған Б.В.» үлесін 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде 8,33%-дан бастап 16,81%-ға дейін ұлғайтатындай түрде үйлесімде негізде ішінара сатуға келісті (6-ескертпе).
      Сондай-ақ «ҚМГ Қашаған Б.В.» 2012 жылы 1 қазаннан кейін Қашаған кен орнында мұнай өндіру басталатын ең үздік баға негізінде Қашаған Кен орнына мерзімі өткен коммерциялық ендіру бойынша айыппұлды қосымша төлеу міндеттемесін таныды.

21. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫНА КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК

      Топ 2007 жылғы 8 қарашада «CCEL» холдингті компаниясында 50% үлесті сатып алу туралы шартқа қойды, оның қаражаты батыс Қазақстанда мұнай мен табиғи газ өндіруге инвестицияланды.
      Осы біріккен кәсіпорын мен оның еншілес ұйымы неғұрлым тиімді тәсілмен немесе дивидендтерді жариялау, капиталды тарату немесе әрбір қатысушыға төлеуге пайызсыз вексельдерді өтеу арқылы барлық қол жетімді таратылатын капиталды шарт бойынша қатысушыларға таратуға міндетті. Тиісінше, CCEL капиталы жоқ және барлық таратылатын резервтер 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 148.794.516 мың теңге мөлшерінде біріккен кәсіпорынның акционерлеріне тиесілі кредиторлық берешек ретінде сыныпталды. 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы кредиторлық берешекте Топтың үйлесімді үлесі 74.397.258 мың теңгені құрады және қысқа мерзімді міндеттемелер құрамында біріккен кәсіпорын қатысушысына кредиторлық берешек ретінде көрініс тапты.
      Бұдан басқа, сатып алу туралы шарттың талаптары бойынша Топ қаржылық активтен ақша ағынын алуға құқық алды, бірақ 2007 жылғы 31 желтоқсандағы 782,5 миллион АҚШ долларына (94.106.228 мың теңге) дейінгі мөлшерде қайта бөлу туралы келісім бойынша 2020 жылға дейін 26,2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде кепілдік берілген төлемді арттыруға осы ақша ағынын СІТІС төлеуге міндеттеме алды. Осы міндеттеме бойынша жылына ЛИБОР қосылған 1,45% ставка бойынша пайыздар есептеледі. Топ жалпы бақылаудағы кәсіпорыннан баламалы соманы алғанға дейін осы СІТІС сомасын төлеуге міндеттемесі болмайды. Тиісінше, осы құқық пен міндеттеме Топтың бухгалтерлік теңгерімінде танылмаған. 75 миллион АҚШ доллары (9.431.009 мың теңге) сомасын алуға вексель қайта бөлу бөлу туралы келісімнің нәтижесінде тоқтату танылған қаржылық активтің 50% бөлігін ұсынады.
      2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша біріккен кәсіпорынның қатысушысына төлеуге қарыздың ұзақ мерзімді бөлігі 89.054.612 мың теңгені құрады. Осы сома батыс Қазақстанда мұнай және табиғи газ өндіруге инвестициялар сатып алуға берілген қаржыландыруға СІТІС пайдасына төлеуге «CCEL» векселі бойынша негізгі сома мен сыйақы бойынша міндеттемелерде Топтың үлесін білдіреді.
      Бұдан басқа, Топтың сатып алу туралы келісімде көзделгендей белгілі бір талаптар болған жағдайда, 26,2 миллион АҚШ долларын құрайтын кез келген алынған төлемдердің жиынтық сомасын шегере отырып, опцион пут орындауға және СІТІС-ке инвестицияны қайтаруға және 150 миллион АҚШ долларын және 8% ставка бойынша осы сомаға есептелген пайыздарды кері қайтып алуға құқығы бар.
      2008 жылғы 17 қарашада Топ шартқа қосымша келісімге кол қойды, ол 26,87 миллион АҚШ долларында кепілдік берілген төлемді өзгертеді және эр жылға тиісінше 12 маусым мен 12 желтоқсаннан кешіктірмей кепілдік берілген төлем сомасынан екіден бірді төлеудің жылдық мерзімін белгілейді. Сонымен қатар, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржы активіне сыйақы 2008 жылғы 12 қыркүйектен бастап есептелді. Осы келісімді жасасқаннан кейін дебиторлық берешек бойынша сыйақының тиімді ставкасы жылына 15%-ды құрайды.

22. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДАУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      Топ телекоммуникациялық жабдықты, әуе кемелері, танкерлер және айлақтар үшін босалқы бөлшектерді қоса алғанда, негізгі құралдардың әр түрлі объектілері бойынша қаржы жалдауы туралы келісім жасасты. Бұл келісімдерде жаңарту туралы ереже, бірақ оларда сатып алушының опциялары бойынша ережелер және ауытқымалы бағалар туралы түсіндірмелер бар. 2008 жылғы 31 желтоқсанға таза ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құнымен бірге, қаржылық жалдау бойынша болашақ ең төменгі жалдау төлемдері былайша берілген.
      Пайыз сомасының есебі 6,97%-дан 21,19%-га дейін тиімді пайыз ставкасына негізделеді.

2008

Мың теңгемен

Ең төменгі жалдау төлемдері

Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны

Бір жыл ішінде

9.380.524

6.372.272

2 жылдан 5 жылды қоса алғанда

22.820.474

14.981.350

Бес жылдан жоғары

7.520.300

3.441.790

Минус: қаржы төлемдерін білдіретін сома

(14.925.886)

-

Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны

24.795.412

24.795.412

12 ай ішінде өтеуге тиісті сома шегерілген

(6.372.272)


12 айдан кейін төлеуге тиісті сома

18.423.140


23. РЕЗЕРВТЕР

      2008 жылғы 31 желтоқсанға резервтер мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

Активтердің істен шығуы міндеттемелер

Қоршаған ортаға келтірілген зиянға міндеттемелер бойынша резерв

Салықтар бойынша резерв

Өзгелер

Жиыны

2008 жылғы 1 қаңтарға резерв

33.818.047

35.524.553

22.601.410

13.567.893

105.511.903

Шетелдік валютасына қайта есептеу

147.213

69.208

(1.998)

66

214.489

Бағаны қайта қарау

(287.347)

-

-

-

(287.347)

Дисконт сомасына ұлғайту

2.552.487

-

-

-

2.552.487

Бір жылға резерв

8.078.492

594.366

7.899.873

10.883.581

27.456.312

Кәсіпорындарды біріктіру кезінде болатын түсімдер (5-ескертпе)

681.827

-

-

-

681.827

Резервті орындау

(631.803)

(3.768.250)

(281.325)

(10.993.827)

(15.675.205)

Пайдаланылмаған соманы түзету

-

(529.177)

(2.902.779)

(360.295)

(3.792.251)

2008 жылғы 31 желтоқсанға резерв

44.358.916

31.890.700

27.315.181

13.097.418

116.662.215

      Ағымдағы және ұзақ мерзімді бөліктер былайша бөлінді:

Мың теңгемен

Активтердің істен шығуы міндеттемелер

Қоршаған ортаға келтірілген зиянға міндеттемелер бойынша резерв

Салықтар бойынша резерв

Өзгелер

Жиыны

Ағымдағы бөлік

1.120.014

6.386.533

26.831.960

7.791.740

42.130.247

Ұзақ мерзімді бөлік

43.240.902

25.502.167

483.221

5.305.678

74.531.968

2008 жылғы 31 желтоқсанға резерв

44.360.916

31.888.700

27.315.181

13.097.418

116.662.215

      Маңызды бағалар мен  жорамалдарды қоса алғанда, бұл резервтерді сипаттау 4-ескертпеге енгізілген.

24. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер

      Топ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық талаптарына сәйкес әлеуметтік салық төлейді. Әлеуметтік салық және жалақы бойынша шығыстар олар пайда болған сәтте шығыстарға жатқызылады.
      Бұдан басқа, Топ жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің жарналары ретінде төленетін қызметкерлердің жалақысынан 10% ұстайды. Мұндай шығыстар керек болған кезеңде көрсетіледі.

      Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары

      Осы жүйе бойынша қызметкерлерге төлемдер бойынша міндеттеме Топтың кейбір еншілес ұйымдары («ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «ҚАМҚОР» ЖШС) арасында жасалған кәсіподақ ұйымдарының шарттарына сәйкес төлемге жатады.
      2008 жылғы 31 желтоқсанға белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша Топтың жалпы міндеттемелері мынаны қамтиды:


2008

Белгіленген төлем мөлшерлері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің ағымдағы құны

22.498.169

      2008 жылғы 31 желтоқсанға белгіленген төлем мөлшерлері бар зейнетақы жоспары және тіркелген төлемдер бойынша міндеттемелердің ағымдағы құнын салыстыру былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

Жыл басындағы міндеттемелердің жалпы сомасы

21.087.552

Ағымдағы қызметтердің құны

2.219.397

Өткен қызметтердің құны

129.916

Сыйақыға шығындар

1.661.556

Бір жылға жүргізілген төлемдер

(1.861.563)

Бір жылдағы сатып алу

297.868

Өткен қызметтердің танылмаған құны

1.255.287

Бір жылға танылған актуарлық шығын

(2.291.844)

Жыл соңына міндеттемелердің жалпы сомасы

22.498.169

Өтеу мерзімі бір жыл ішінде болатын міндеттеме

(1.439.383)

Өтеу мерзімі бір жылдан кейін болатын міндеттеме

21.058.786

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылға танылған актуарийлік шығын, негізінен, болашақта жалақыны арттыруға қатысты жорамалдардағы өзгерістер нәтижесінде пайда болды.
      Жалпы сомасы 2.974.312 мың теңге болатын қызметтердің ағымдағы құны, сыйақы құны, өткен қызметтердің құны және актуарийлік шығын персоналға шығындар құрамында пайдалар мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте ескерілді.
      Топ міндеттемелерінің есептері өлім-жітім деңгейі бойынша жарияланатын статистикалық деректер, сондай-ақ қызметкерлердің саны, жынысы және еңбек өтілі бойынша Топтың нақты деректері негізінде дайындалды. Барлық жоспарлар үшін орташа салмақталған мән ретінде есептелген есепті күнгі өзге де негізгі жорамалдар төменде келтірілген:


2008

Дисконт ставкасы

7,48%

Болашақта материалдық көмектің күтілетін жылдық өсімі

6,12%

Болашақта ең төменгі жалақының күтілетін жылдық өсімі

6,22%

Болашақта теміржол билеттері құнының күтілетін жылдық өсімі

4,50%

      Белгіленген төлем мөлшері бір зейнетақы жоспары қанжыландырылмайтын  болып табылады.

25. «ПУТ» ОПЦИОНЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      2007 жылғы 28 қарашада Топ TRG-ге 75% қатысу үлесін алды. TRG мұнай-газ өнеркәсібінің еуропалық нарығында әрекет ететін холдингтік компания болып табылады.
      Сатып алудың бөлігі ретінде, Топ қалған TRG 25% сатып алуға қол және пут опциондарын да алды. Кол және пут опциондары сатып алу күнінен (2007 жылғы 27 қараша) кейін 270 күннен ерте емес пайдаланылады және өтем мерзімі болмайды. Опционды өткізу бағасы пайыздарды, салық салуды, тозу мен амортизацияны және TRG борышының жалпы сомасын есепке алғанға дейін он екі ай кірісінің ағымдағы құнына TRG-дегі 75% үлеске Топ төлеген бағаның теңбе-тең бағасын түзету көмегімен формуланы пайдалана отырып анықталады. Топ опционды орындау бағасы кол және пут опционына сәйкес тиісті акциялардың әділ құнындағы ықтимал ауытқуларды көрсетпейді және тиісінше Топтық тиісті акцияларға үлестік иелік ету пайдасы мен тәуекелдеріне колы жетімді. Тиісінше, Топ пут опционының шарттары бойынша тиісті акциялар сатып алынуы негізінде кәсіпорындарды біріктіру бойынша есепті қолданды.

26. ӨЗГЕЛЕЙ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      2008 жылғы 31 желтоқсанға өзгелей ағымдағы міндеттемелер мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Төлеуге өзге де салықтар

66.426.891

Алынған аванстар

44.759.253

Қызметкерлерге төлемдер бойынша міндеттемелер бойынша міндеттемелер

33.419.423

РЕПО келісімдері бойынша сатылған бағалы қағаздар

13.104.136

Клиенттердің салымдары

7.895.826

Өзгелер

51.752.519


217.358.048

      2008 жылғы 31 желтоқсанда өзгелей ағымдағы міндеттемелер бойынша сыйақы репо келісімдері бойынша сатылған бағалы қағаздар мен клиенттердің салымдарын қоспағанда, есептелмеді, ол бойынша сыйақы ставкасы жылына 3%-дан 8,5%-ға дейінгі диапазонда белгіленді.

27. КІРІС

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға кіріс мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Шикі мұнайды сату

1.145.808.508

Мұнай өнімдерін сату

1.113.116.384

Жүк теміржол тасымалдары

404.473.305

Мұнай мен газды тасымалдау

205.363.604

Телекоммуникациялық қызметтер

134.079.691

Газды қайта өңдейтін өнімді сату

109.983.864

Әуе тасымалы

77.762.198

Электрлік кешен

48.857.598

Пайыздық кіріс

46.668.973

Жолаушылар теміржол тасымалы

42.523.391

Электр энергиясын тасымалдау

29.394.437

Почта қызметтері

13.675.161

Өзгеде кіріс

192.933.336

Минус: сатуға салық және коммерциялық жеңілдіктер

(224.178.502)


3.340.461.948

      Өзге де кіріс

      Өзге де кіріс негізінен тауарлық-материалдық қорларды сатудан және негізгі қызметтермен бірге ұсынылатын үшінші тараптарға өзге де қосымша қызметтер ұсынудан түсетін кірісті қамтиды.

28. МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯЛАР

      «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ («КТЖ ҰК») 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша тасымалдаушылардың залалдарын жабу ретінде субсидиялар ала бастады. Бұл субсидиялар бойынша қандай да бір орындалмаған шарттар немесе шартты міндеттемелер жоқ. 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі субсидиялардың сомасы 7.300.236 мың теңгені құрады.
      ЭМРМ және Топтың еншілес кәсіпорны «Б.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ («ЖГРЭС») арасындағы келісім-шартқа сәйкес 2008 жылы Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінде электр энергетикасын өндіру үшін пайдаланылған 6.119.420 мың теңге мөлшерінде отынға шығыстарды ЖГРЭС өтеді. 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін субсидиялардың сомасы ЖГРЭС-ке Самұрық-Энергоның үлесіне келетін 2.707.708 мың теңгеге (ҚҚС шегерілген өтеу сомасынан 50%) тең.
      «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларына шығынға өтем жасау үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысына сәйкес 2004 жылғы 4-тоқсаннан бастап Топ әлеуметтік мәні бар аудандарда байланыс қызметтерін көрсету кезінде операторлар шеккен шығындарға өтем жасауға арналған үкіметтік дотациялар алды. Көрсетілген дотацияларға қатысты барлық талаптар мен шартты міндеттемелер орындалды. 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін алынған субсидиялардың жалпы сомасы 4.386.282 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915  қаулысына сәйкес Үкімет Астанадан және Қазақстанның басқа қалаларына тиімсіз бағыттар бойынша жүретін жолаушылар әуе тасымалдарын жүзеге асыратын компанияларға субсидиялар береді. Субсидия рейске жұмсалған шығындардың алынған кірістен асуына негізделді. 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі субсидиялардың сомасы 584.911 мың теңгені құрады.

29. ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылғы іске асырудың өзіндік құны мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Материалдар және қорлар

1.154.200.461

Жалақы бойынша шығыстар

277.961.664

Тозу, ескіру және амортиэация

205.848.367

Роялти

92.226.352

Көрсетілген өндірістік қызметтер

77.625.183

Жөндеу және қызмет көрсету

20.510.767

Жалдау

17.859.262

Пайыздық шығыстар

12.254.103

Өзгелер

145.389.273


2.003.875.432

30. ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін жалпы және әкімшілік шығыстар мыналарды қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Жалақы бойынша шығыстар

99.970.272

Табыс салығынан басқа, салықтар

36.987.130

Тозу және амортизация

22.142.313

Күмәнді борыштар бойынша резервтер

21.712.280

Консультациялық қызметтер

15.852.764

Қайырымдылық

10.253.176

Өзгелер

94.436.891

31. ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ШЫҒЫСТАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін тасымалдау және іске асыру бойынша шығыстар мыналарды қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Тасымалдау

92.873.024

Кедендік баждар

72.736.071

Агенттерге комиссиялық сыйақы және жарнама

11.070.224

Жалақы бойынша шығыстар

12.002.510

Тозу және амортизация

8.431.559

Өзгелер

18.888.538


216.001.926

32. ҚҰНСЫЗДАНУДАН БОЛАТЫН ШЫҒЫНДАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін құнсызданудан болған шығындар мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Гудвилды құнсыздандыру

29.215.642

Кредиттік мекемелерде қаражатты құнсыздандыру

21.157.062

Тапсырыс берушілерге қарыздарды құнсыздандыру

17.453.669

Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді құнсыздандыру

15.408.915

Банктік депозиттерді құнсыздандыру

7.154.227

Қауымдасқан кәсіпорынға инвестицияларды құнсыздандыру

5.348.466

Өзгелер

833.082


96.571.063

33. ҚАРЖЫЛЫҚ ШЫҒЫНДАР

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға қаржылық шығындар мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Қарыздар және шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша пайыздар

182.367.162

Резервтер бойынша дисконттың сомасын ұлғайту

7.855.453

Қаржылық жалдау бойынша пайыздар бойынша міндеттемелер

2.310.099

Өзгелер

11.654.373


204.187.087

34. ҚАРЖЫЛЫҚ КІРІС

      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға қаржылық кіріс мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Банктік салымдар және қысқа мерзімді инвестициялар бойынша сыйақы

91.599.205

Қаржылық міндеттемелерді қайта бағалау

24.616.953

Өзгелер

12.326.211


128.542.369

35. ТАБЫС САЛЫҒЫ

      2008 жылғы 31 желтоқсанда 32.590.045 мың теңге сомасында табыс салығы бойынша алдын ала төлем корпоративтік табыс салығы бойынша алдын ала төлемді білдіреді.

Мың теңгемен

2008

Үстеме пайда салығы

64.729.666

Корпоративтік табыс салығы

2.642.320

Төлеуге табыс салығы

67.371.986

      31 желтоқсанда аяқталған жылға табыс салығы бойынша шығыстар мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Ағымдағы табыс салығы бойынша шығыстар:


Корпоративтік табыс салығы

285.715.667

Үстеме пайда салығы

69.126.541

Дивидендтер бойынша төлем кезінен ұсталатын салық

21.076.974

Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша жеңілдік:


Корпоративтік табыс салығы

(139.392.224)

Үстеме пайда салығы

(2.946.024)

Дивидендтер бойынша төлем көзінен ұсталатын салық

(210.508)

Табыс салығы бойынша шығыстар

233.370.426

      Жаңа салық кодексі қабылданғаннан бастап КТС 2009 жылы 20%-ға дейін, 2010 жылы 17,5%-га дейін, 2011 жылы 15%-ға дейін және т.с.с. азайтылатын болады. Үстеме пайда салығын есептеу тетігі 2009 жылы да өзгерді. Төменде 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқтаған жылға табыс салығы бойынша шығыстармен ресми белгіленген ставка (2008 жылы 30%) бойынша табыс салығын төлегенге дейін кіріске қолданылатын табыс салығы бойынша шығыстарға салыстыру келтіріледі:

Мың теңгемен

2008

Табыс салығын есепке алғанға дейінгі бухгалтерлік пайда

694.404.942


30%

Бухгалтерлік пайда бойынша табыс салығы бойынша шығыстар

208.321.483

Үстеме пайда салығы

69.134.841

Дивидендтер бойынша төлем көзінен ұсталатын салық

20.336.978

Шегерімге жатқызылмайтын немесе салық салу мақсатында салық салуға жатпайтын баптардың салықтық әсері

45.237.904

Корпоративтік табыс салығының әртүрлі ставкаларының әсері

47.121.928

Табыс салығы ставалары өзгерістерінің әсері

(144.110.133)

Салық салынбайтын қауымдасқан компания пайдасының үлесі

(5.525.360)

Кейінге қалдырылған танылмаған активтерге өзгеріс

(7.147.215)

Пайдалар мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте көрсетілген корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар

233.370.426

      Активтер мен міндеттемелерді есептеу үшін негіз бен шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілген соманың арасындағы уақытша айырмаға бухгалтерлік теңгерімді жасау күні қолданылған заңда белгіленген салық ставкасын қолдану арқылы есептелген кейінге қалдырылған салық сальдосы 2008 жылғы 31 желтоқсанға мынаны қамтиды:

Мың теңгемен

2008

Корпоративтік табыс салығы

Үстеме пайда салығы

Төлем көзінен ұсталатын салық

Жиыны

Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер





Негізгі құралдар және материалдық емес активтер

6.874.253

563.390

-

7.437.643

Шеккен салық шығындары

14.915.539


-

14.915.539

Қызметкерлерге қатысты есептелген міндеттемелер

5.088.205

61.519

-

5.149.724

Қаржылық активтерді құнсыздандыру

5.281.019

-

-

5.281.019

Қоршаған ортаны ластағаны үшін міндеттеме

1.250.832

3.678

-

1.254.510

Өзгелей есептеулер

10.027.515

-

-

10.027.515

Өзгелер

7.486.172

236.625

-

7.722.797

Минус: кейінге қалдырылған салық, бойынша танылмаған активтер

(15.948.908)

(563.390)

-

(16.512.298)

Минус: кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелермен ескерілген кейінге қалдырылған салық бойынша активтер

(21.823.116)

(132.137)

-

(21.955.253)

Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер

13.151.511

169.685

-

13.321.196

Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттеме





Негізгі құралдар және материалдық емес активтер

231.688.527

556.509

-

232.245.036

Еншілес компаниялардың бөлінбеген пайдасы

336

-

2.107.799

2.108.135

Өзгелер

6.653.195

622

-

6.653.817

Минус: кейінге қалдырылған салық бойынша активтермен ескерілген кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер

(21.823.116)

(132.137)

-

(21.955.253)

Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер

216.518.942

424.994

2.107.799

219.051.735

Кейінге қалдырылған салық бойынша таза міндеттемелер

(203.367.431)

(255.309)

(2.107.799)

(205.730.539)

      2008 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасында салық шығындарын көшіру олар пайда болған күннен бастап үш жылдан кейін салық мақсаттарында мерзімі өтеді. Демек, 2008 және 2007 жылдардағы 31 желтоқсанда Топтық ауыстырылған салық шығындарының үлкен бөлігі 2008 - 2011 жылдарда салық мақсаттарында мерзімі өтеді.
      2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға кейінге қалдырылған салық бойынша таза міндеттемелерге өзгерістер былайша берілген:
 

Мың теңгемен

2008

Корпоративтік табыс салығы

Үстеме пайда салығы

Төлем көзінен ұсталатын салық

Жиыны

1 қаңтарға сальдо

335.126.808

2.767.687

2.313.359

340.207.854

Шетел валютасына қайта есептеу

630.895

433.646

4.948

1.069.489

Капиталға жатқызылды

207.846

-

-

207.846

Еншілес ұйымнан сатып алу

6.794.106

-

-

6.794.106

Пайдалар мен шығындар туралы есепке жатқызылды

(139.392.224)

(2.946.024)

(210.508)

(142.548.756)

31 желтоқсанға сальдо

203.367.431

255.309

2.107.799

205.730.539

36. БІРІККЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҮЛЕСІ

      31 желтоқсанда Топ мына біріккен кәсіпорындардың үлестерін иеленді:

Иелену үлесі

Маңызды ұйымдар

2008

«ҚазРесГаз» ЖШС

50,00%

«Теңізшевройл» БК ЖШС және еншілес ұйымдары

20,00%

Солтүстік Каспий Жобасы («СКП»)

16,81 %

CCEL

50,00%

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС

51,00%

«Қазақойл-Актөбе» («ҚОА») ЖШС

50,00%

«Қазгермұнай БК» ЖШС

50,00%

«Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШС

50,00%

«Жамбай» ЖШС

50,00%

«Теңіз Сервис» ЖШС

48,99%

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ЖШС

50,00%

«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ

50,00%

«Forum Muider BV» ЧКОО

50,00%

      Топтың ішкі шаруашылық операциялар мен мұндай операциялар бойынша сальдоны шығарғанға дейінгі 2008 жылғы 31 желтоқсанда шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімге және кірістер мен шығыстар туралы есепке енгізілген бірлесіп бақыланатын активтердегі, міндеттемелердегі, шеккен шығындары мен алған кірістердегі үлесі былайша берілген:

Мың теңгемен

2008

Активтер


Ақша қаражаты және оның баламалары

63.378.156

Сауда дебиторлық берешек

24.412.330

Тауарлық-материалдық қорлар

21.592.242

Өзге де ағымдағы активтер

70.999.831

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер

668.268.528

Өзге де ұзақ мерзімді активтер.

10.334.619


858.985.706

Міндеттемелер


Сауда кредиторлық берешек

15.196.821

Өзге де ағымдағы міндеттемелер

281.715.879

Қарыздар

193.900.727


490.813.427

Таза активтердегі Топтың үлесі

368.172.279

Кірістер

627.128.309

Шығыстар

(428.058.892)

37. ШОҒЫРЛАНУ

      Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке мынадай елеулі еншілес ұйымдар енгізілді:

Иелену үлесі

Мың теңгемен

2008

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және еншілес ұйымдары

100,00%

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және еншілес ұйымдары

100,00%

«Қазақстандық электр желілерін басқаратын компания» АҚ және еншілес ұйымдары

100,00%

«Қазпочта» АҚ

100,00%

«КОРЭМ» АҚ

100,00%

«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ және еншілес ұйымдары

100,00%

«Павлодар әуежайы» АҚ

100,00%

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ

100,00%

«Самұрық-Энерго» АҚ және еншілес ұйымдары

100,00%

«Самұрық-Инвест» ЖШС

100,00%

«Телеком-Инвест» ЖШС

100,00%

«Қамқор» жөндеу корпорациясы» ЖШС және еншілес ұйымдары

100,00%

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ және еншілес ұйымдары

100,00%

«Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ

100,00%

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ және еншілес ұйымдары

100,00%

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

100,00%

«Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ

100,00%

«КАZNЕХ» экспортгы дамыту және алға бастыру корпорациясы» АҚ

100,00%

«Kazyna Capital Management» АҚ

100,00%

«Қазинвест» Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» ЖШС

100,00%

«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

100,00%

«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

73,04%

«Жөтісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

48,46%

«Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік копорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

52,87%

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

79,49%

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

42,43%

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ

74,12%

«Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ

88,70%

«Эйр Астана» АК

51,00%

«Академик Ш.Ч. Чокин атындағы энергетика ҚазҒЗИ" АҚ

51,00%

«Қазақтелеком» АҚ және еншілес ұйымдары

51,00%

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ және еншілес ұйымдары

50,00%

38. МАҢЫЗДЫ АҚШАЛАЙ ЕМЕС МӘМІЛЕЛЕР

      2008 жылы Топ экспорт алдындағы қаржыландыру туралы келісімнің шарттары бойынша 17.862.800 мың теңгеге берешек сомасында шикі мұнайды етеді. Осы операция ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есептен шығарылды.
      2008 жылы ҚТЖ ҰК «Көлік сервисі орталығы» АҚ өзінің еншілес ұйымына 340 жылжымалы құрам бірлігін беруге «БРК Лизинг» АҚ-мен қаржылық жалдауды мемлекеттік сатып алу шартын жасасты. Топ 2008 жылы жалпы сомасы 1.028.838 мың теңгеге 190 цистерна алды (22-ескертпе). Осы операция ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есептен шығарылды.
      2008 жылы Қазақтелеком құны 8.130.206 мың теңге болатын телекоммуникациялық жабдықты қаржылай жалдау шарты бойынша алды. Осы операция ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есептен шығарылды.
      2008 жылы қарыз шарттарының талаптанына сәйкес кредиторлар Қазақтелекомның негізгі құралдарын берушілерге тікелей 6.286.585 мың теңге сомасында төлемдерді жүзеге асырды. Осы операция ақша қаражатының қозғалысы туралы осы шоғырландырылған есептен шығарылды.
      2008 жылы Топ 4.066.086 мың теңге мөлшерінде қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырылды (6 және 24-ескертпелер). Осы операция ақша қаражатының қозғалысы туралы осы шоғырландырылған есептен шығарылды.
      2008 жылы Топ жарғылық капиталға салым ретінде жалпы сомасы 31.899.073 мың теңгеге жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға және «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-га бақылау пакетін негізгі компаниядан алды. Осы операция ақша қаражатының қозғалысы туралы осы шоғырландырылған есептен шығарылды.

39. БАЙЛАНЫСТЫ ТАРАПТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУ

      Байланысты тараптар Топтың негізгі басқарушы персоналын, Топтың негізгі басқарушы персоналына қатысудың елеулі үлесі тікелей немесе жанама тиесілі болатын ұйымдарды, сондай-ақ Үкімет бақылайтын өзге кәсіпорындарды қамтиды. Байланысты тараптармен мәмілелер байланысты және үшінші тараптар үшін ұсынылатын тарифтердің негізінде ұсынылған кейбір реттелетін қызметтерді қоспағанда, нарық ставкаларына міндетті түрде сәйкес келмейтін тараптардың арасында келісілген талаптарда жүзеге асырылды.
      Келесі кесте 2008 жылы байланысты тараптармен жасалған мәмілелердің жалпы сомасын және 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сәйкес келетін сальдоны көрсетеді:

Мың теңгемен


Байланысты тараптарға сату

Байланысты тараптардан сатып алу

Байланысты тараптардың берешегі

Байланысты тараптарға берешек

Мемлекет бақылайтын кәсіпорындар

2008

10.695.160

515.161

1.212.253

7.520.650

Қауымдасқан компаниялар

2008

26.526.368

35.808.781

9.821.908

5.461.032

Бірлескен кәсіпорындар

2008

10.802.693

3.159.264

4.178.383

32.487.503

      Байланысты кәсіпорындармен өзге де мәмілелер мыналарды қамтиды:
      * 2008 жылғы 31 желтоқсанда Топтың 27.894.840 мың теңге
        сомасындағы бір қатар қарыздарына Қазақстан Республикасының
        Үкіметі кепілдік берді.
      * Қор құрылғаннан кейін Қордың негізгі басқарушы персоналының
        біреуінің бақылауындағы «Қазақстанның жинақтаушы халық банкі»
        АҚ Қордың және оның еншілес ұйымдарының байланысты
        тарабы деп саналады. 2008 жылғы 31 желтоқсанда Топтың
        359.519.416 мың теңге сомасына, осы банктегі депозиттері
        ағымдағы шотта жалпы сальдосы (12 және 16-ескертпелері) және
        12.411.653 мың теңге сомасында төлеуге тиісті өтелмеген
        қарыздары болды (18-ескертпе).
      Ұсынылған пайда мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте персоналға жұмсалатын шығындарға қосылған негізгі басқару персоналына төленген сыйақының жалпы сомасы 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішінде 3.846.308 мың теңгені құрады. Негізгі басқару персоналына төленген сыйақы келісім-шарттарда белгіленген жалақы және операциялық нәтижелерге негізделген сыйлықтар бойынша шығыстардан басым тұрады.
      28-ескертпеде көрсетілгендей, Үкімет Топтың еншілес ұйымдарына кейбір субсидияларды береді.

40. ҚАРЖЫ ИНСТРУМЕНТТЕРІ, ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ

      Топтың негізгі қаржы инструменттері банк қарыздарын, ақшалай қаражатты, қысқа мерзімді салымдарды, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешекті қамтиды. Топтың қаржы инструменттері бойынша туындайтын негізгі тәуекелдер бұл сыйақы ставкаларымен байланысты тәуекел, валюталық тәуекел және кредиттік тәуекел. Топ, сонымен қатар, нарық тәуекелін және барлық қаржы инструменттері бойынша туындайтын өтімділікпен байланысты тәуекелді қадағалайды.

      Сыйақы ставкаларымен байланысты тәуекел

      Сыйақы ставкаларымен байланысты тәуекел нарықтағы сыйақы ставкаларының өзгеруі нәтижесінде қаржы инструменті құнының құбылу тәуекелін білдіреді. Топ өзінің меншікті және қарыз каражаты, сондай-ақ инвестициялары көрсетілген валюталар бойынша сыйақы ставкаларының өзгеруіне бақылауды жүзеге асыру арқылы сыйақы ставкаларымен байланысты тәуекелді шектейді.
      Топтың сыйақы ставкаларымен байланысты тәуекелге бейімдігі, негізінен, өзгермелі пайыз ставкаларымен Топтық ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді борыштық міндеттемелеріне жатады (18-ескертпе).
      Келесі кестеде барлық қалған өлшемдер тұрақты шама болып қабылдануы талабымен АҚШ долларының айырбастау бағамындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығына (сыйақының өзгермелі ставкасымен қарыздардың болуы салдары) және капиталға (салу үшін қолда бар инвестициялардың әділ құнындағы өзгерістердің салдары) дейін Топтың пайдасының сезілуі берілген.

Мың теңгемен

Базистік тармақтардағы* ұлғаю/кему

Салық салуға дейін кіріске әсері

Капиталға әсері

2008




АҚШ доллары

+50

(4.527.075)

405.336


-50

4.527.075

(405.336)

      *1 базистік тармақ = 0.01%

      Валюталық тәуекел

      АҚШ долларымен қарыздардың, қаржылық жалдау және сауда кредиторлық берешек бойынша міндеттемелердің, ақшалай қаражат пен оның баламаларының және дебиторлық берешектің біршама сомасы болғанда теңгеге АҚШ долларының айырбастау бағамдарындағы өзгерістер Топтың шоғырландырылған бухгалтерлік теңгеріміне біршама әсер етуі мүмкін.
      Келесі кестеде барлық қалған өлшемдер тұрақты шама болып қабылдануы талабымен АҚШ долларының айырбастау бағамындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығына және капиталға (ақшалай активтер мен міндеттемелердің әділ құнындағы өзгерістердің салдары) дейін Топтық пайдасының сезілуі берілген.

Мың теңгемен

Базистік тармақтардағы* ұлғаю/кему

Салық салуға дейін кіріске әсері

Капиталға әсері

2008




АҚШ доллары

25%

(281.128.989)

(2.299.721)


40%

(449.826.286)

(2.303.246)

      Нарықтық тәуекел

      Топ нарықтық тәуекелдің әсеріне ұшырайды. Нарықтық тәуекел жалпы және айырмашылықты нарықтың ауытқуына бейімделген пайыз ставкалары, валюталар және бағалы қағаздар бойынша ашық позицияның болуына байланысты пайда болады. Топ ықтимал шығындарды мерзімді түрде бағалау арқылы нарықтық тәуекелді басқаруды жүзеге асырады, ол нарықтың конъюктурасына жағымсыз өзгерістердің, сондай-ақ пайда нормасына және кепілдік қамтамасыз етуге қатысты баламалы талаптарды белгілеу нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

      Кредиттік тәуекел

      Контрагенттердің Топтың қаржы инструменттерімен жасалған шарттардың талаптарын орындамауы нәтижесінде туындаған кредиттік тәуекел, әдетте, контрагенттер міндеттемелерінің шамасы Топтың осы контрагенттердің алдындағы міндеттемелерінен асатын, мұндайлар болған кезде, сомамен шектеледі. Топ саясаты кредитке қабілетті конртагенттермен бірге қаржы инструменттерімен операциялар жасауды көздейді. Кредиттік тәуекелге бейімділіктің ең жоғарғы шамасы әрбір қаржы активінің теңгерім құнына тең. Топ өз тәуекелінің ең жоғары шамасы есепті күні көрсетілген құнсыздану резервін шегергенде, клиенттер қарыздарының сомасында (9-ескертпе), кредит институттары берешегінің сомасында (10-ескертпе), сауда-дебиторлық берешек пен өзге де ағымдағы активтерде (15-ескертпе), өзге де қаржы активтерінде (11-ескертпе), банк салымдарында (12-ескертпе) және ҚҚС өтеуде (13-ескертпе) көрініс табады деп санайды.
      Кредиттік тәуекелдің жинақталуы оларға қатысты экономикалық жағдайлардың немесе өзге де жағдайлардың өзгеруі олардың өз міндеттемелерін орындау қабілетіне бірдей әсер етеді деп күтуге негіз бар бір қарыз алушының немесе бірдей қызмет шарттарымен қарыз алушылар тобының берешегінің бірнеше сомасы болған кезде туындауы мүмкін.
      Топта бара-бар кредиттік тарихы бар тапсырысшылармен мәмілелер жасасуға және белгіленген кредит беру лимиттерінен асырмауға тұрақты бақылауды көздейтін саясат әрекет етеді. Топ өз клиенттерінің көпшілігімен алдын ала төлем негізінде жұмыс істеуінің арқасында кредиттік тәуекел азаяды.
      Топ үшінші тараптың міндеттемелері бойынша кепілгер болмайды.

      Өтімділік тәуекелі

      Өтімділік тәуекелі Топ өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін қаражат тартқан кезде киындықтарға кездесуі мүмкіндігімен байланысты. Өтімділік тәуекелі қаржы активін оның әділ құнына жақын құн бойынша жедел сатудын мүмкін еместігі нәтижесінде туындауы мүмкін.
      Өтімділікке қойылатын талаптар ұдайы бақыланады және басшылық міндеттемелерді олардың туындауына қарай орындау үшін жеткілікті көлемде қаражаттың болуын қадағалайды.
      Келесі кестеде осы міндеттемелерді өтеудің мерзімі бөлігінде Топтың қаржылық міндеттемелері бойынша келісілген дисконтталмаған төлемдер туралы 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат берілген.

Мың теңгемен

Талап етілгенге дейін

1 айдан артық, бірақ 3 айдан аспайтын

3 айдан артық, бірақ 1  жылдан аспайтын

1 жылдан артық, бірақ 5 жылдан аспайтын

5 жылдан артық

Жиыны

2008 жылғы 31 желтоқсанға арналған







Қарыздар

15.242.884

97.086.606

308.384.654

1.743.163.651

690.158.819

2.854.036.614

Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер

125.169

1.983.004

7.123.021

22.341.135

7.520.300

39.092.629

Сауда кредиторлық берешек

48.053.124

139.665.725

81.281.303

358.582

-

269.358.734

Жобадағы үлесті сатып алу жөніндегі міндеттеме

-

-

-

-

304.744.376

304.744.376

Туынды қаржы инструменттері

-

-

115.802

2.864

7.463.167

7.581.833

Табыс салығы бойынша берешек

-

-

67.371.986

-

-

67.371.986

Ағымдағы өзге де міндеттемелер

46.932.578

28.694.586

80.659.284

1.741.075

376.212

158.403.735


110.353.755

267.429.921

544.936.050

1.767.607.307

1.010.262.874

3.700.589.907

      Ақша ағындары тәуекелі

      Ақша ағындары тәуекелі ақшалай қаржы инструментімен байланысты болашақтағы ақша ағындары көлемінің ықтимал ауытқуы болып табылады.
      Ақша ағындарына қойылатын талаптар ұдайы бақыланады және басшылық міндеттемелерді олардың туындауына карай орындау үшін жеткілікті көлемде қаражаттың болуын қадағалайды. Топ басшылығы ақшалай қаржы интрументімен байланысты болашақтағы ақша ағындары көлемінің кез келген ықтимал ауытқуы Топ қызметіне елеулі әсер етпейді деп санайды.

      Капиталды басқару

      Топ ең бастысы өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқару арқылы және өзінің бақылау функцияларын іске асыра отырып, өзінің капиталын басқарады. Капиталды басқарудың басты мақсаты Топтың еншілес ұйымдары берешек пен капиталға қатысты оңтайландыру арқылы акционерге кірістерді көбейтумен катар қызметтің үздіксіз болуы қағидатын ұстануды жалғастыру жағдайында болуын қамтамасыз ету болып табылады.
      Топ әрбір еншілес ұйымның бизнесінің мұқтаждығын және қызметінің ерекшелігін ескере отырып әзірлеген қызметтің белгілі бір көрсеткіштерін белгілей отырып, өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқарады. Топ өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқару үшін пайдаланатын қызметтің негізгі көрсеткіштері - бұл мына коэффициенттер: Таза Капиталдануға Таза Берешек («ND/NC»); Пайызды, Салық салуды, Тозуды және Амортизацияны Есепке алғанға дейін Кіріске Таза Берешек («ND/EBITDA»); және Капиталға Таза Берешек («ND/E»). Таза Берешек ақшалай қаражат пен олардың баламалары құнына кемітілген тиісті еншілес ұйымдардың қарыздары, борыш қағаздары, кепілдіктері және қаржылық жалдауы бойынша міндеттемелеріне теңестіріледі. Таза Капиталдану Таза Берешек пен Капитал сомасына тенестіріледі. Капитал көпшілік үлесіне жатқызылатын еншілес ұйымның капиталына теңестіріледі.
      Рұқсат етілген ең жоғарғы көрсеткіштер әрбір еншілес ұйымға оның бизнесінің мұқтаждығы және ерекшелікті артықшылығы негізінде мақұлданды және мынадай диапазондар шегінде өзгереді (Топ үшін қызметтің шоғырландырылған негізгі көрсеткіштері анықтамалық түрде берілді, өйткені Топ шоғырландырылған деңгейде қызметтің негізгі көрсеткіштерін бақыламайды):

Топ үшін іс жүзінде

Қызметтің негізгі көрсеткіштері

2008

ND/NTA

0,21

ND/EBITDA

0,80

ND/E

0,26

Мың теңгемен

2008

Қарыздар

1.982.505.107

Мемлекеттік субсидиялар

41.587.219

Жобаға қатысу үлесін сатып алғаны үшін берешек

239.500.799

Бірлескен кәсіпорындардың акционерлеріне берешек

163.451.870

Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер

24.795.412

Сатуға арналған опцион жөніндегі берешек

14.895.525

Туынды қаржылық инструменттер

7.581.833

Минус: Ақшалай қаражат және оның баламалары

(1.506.080.120)

Таза берешек

968.237.645

Қарыздар

1.982.505.107

Мемлекеттік субсидиялар

41.587.219

Жобаға қатысу үлесін сатып алғаны үшін берешек

239.500.799

Бірлескен кәсіпорындардың акционерперіне берешек

163.451.870

Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер

24.795.412

Сатуға арналған опцион жөніндегі берешек

14.895.525

Туынды қаржылық инструменттер

7.581.833

Акционердің үлесіне келетін капитал

3.703.017.837

Минус: Ақшалай қаражат және оның баламалары

(1.506.080.120)

Таза капиталдандыру

4.671.255.482

Табыс салығын есепке алғанға дейінгі пайда

694.404.942

Қарыздар және шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы

182.367.162

Қаржылық жалдау бойынша сыйақы

2.310.099

Тозу, ескіру және амортизация

237.268.247

Құнсызданудан болатын шығын

96.571.063

EBITDA

1.212.921.513

Капиталдың жиыны

4.257.339.164

Минус: Азшылық үлесі

(554.321.327)

Мажоритарлық акционерге жататын капитал

 3.703.017.837

      Қаржы инструменттерінің әділ құны

      Әділ құн сатуға мәжбүр болатын немесе таратылу кезінде сатылатын жағдайларды қоспағанда, олар бойынша инструмент хабарланған-тараптардың арасында коммерциялық шарттарда айырбасталуы мүмкін сома ретінде айқындалады. Топтың көптеген қаржы инструменттері үшін әділ құнды айқындауға арналған кол жетімді нарық тетіктері болмағандықтан; әділ құнды бағалау кезінде ағымдағы экономикалық жағдайлар мен инструментке тән нақты тәуекелдер негізінде болжамдарды пайдалану қажет.
      Ақшалай қаражаттан, дебиторлық және кредиторлық берешектен, борыштық инструменттер бойынша депозиттер мен міндеттемелерден тұратын қаржы инструменттерінің әділ құны теңгерім құнға тең болып саналады.
      Дебиторлық берешек бойынша бара-бар резервтер қалыптастырылды.

41. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      Сот талқылаулары

      Топ мүлікті бүлдіруге және қызметкерлер талабына қатысты талаптар сияқты Топтың қызметіне байланысты әр түрлі сот талқылауларына тартылды. Топ жеке немесе тұтастай бұл талаптардың нәтижесі Топтың қаржы жағдайына немесе оның қызметінің нәтижелеріне елеулі жағымсыз әсер етпейді деп санайды.
      Топ нақты міндеттемелерді ескере отырып, елеулі міндеттемелердің туындау мүмкіндігі дәрежесін бағалайды және міндеттеме туындауына әкелетін оқиғалар іс жүзінде орын алатын, ал тиісті міндеттеменің сомасы негізді түрде айқындалуы мүмкін жағдайларда ғана өзінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде тиісті резервті көрсетеді. Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте жоғарыда аталған ықтимал міндеттемелердің бір де біреуі бойынша ешқандай резерв көрсетілген жоқ.

      Ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелер

      Қазақстан үкіметі мұнай өндіруші компанияларды өндірген шикі мұнайдың бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізуді міндеттейді. Шикі мұнайдың осындай қосымша жеткізілімдері бойынша баға негізгі компаниямен келісілетіндіктен, ол халықаралық бағадан едәуір төмен болуы мүмкін және өндірудің өзіндік құны деңгейінде белгіленуі де мүмкін. Егер Үкімет Топ қазіргі уақытта жеткізетін көлемнен асатын шикі мұнайдың қосымша көлемін жеткізуге міндеттеген жағдайда, мұндай жеткізілімдер нарықтық бағалар бойынша жеткізілімдерден басым болады және шикі мұнайды сатудан түсетін түсімнен әлде қайда аз түсімге ие болады, бұл өз кезегінде Топтың қызметіне, перспективаларына, қаржылық жағдайына және қызмет нәтижелеріне елеулі әрі жағымсыз әсер етуі мүмкін.

      Экологиялық міндеттемелер

      Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама даму үдерісінде түр және сондықтан тұрақты өзгеріске ұшырауда. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл ете қатаң болуы мүмкін. Заңнамадағы қолданыстағы ережелерді, азаматтық талаптарды немесе өзгерістерді неғұрлым қатаң интерпретациялау нәтижесінде туындауы мүмкін ықтимал міндеттемелер дұрыс бағаланбауы мүмкін. Резервтер қалыптастырылған сомадан басқа (23-ескертпе), басшылық Топтың қаржылық жағдайына, пайда мен шығындар туралы есебіне және ақша қозғалысы туралы есебіне біршама елеулі әсер етуі мүмкін ықтимал не мүмкін экологиялық міндеттемелер жоқ деп санайды.

      Салық салу

      Қазақстанның салық заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілері тұрақты өзгерістер мен әр түрлі түсіндіру мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасында пікір сәйкессіздігі жиі болады. Қазақстанда қолданылатын заңдар негізінде анықталған құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар мен өсімақылар жүйесі елеулі болуы мүмкін. Айыппұл санкциялары, әдетте, қосымша есептелген салық сомасының 50%-ы мөлшеріндегі айыппұлды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша есептелген 2,5-ке көбейтілген өсімақыны қамтиды. Нәтижесінде айыппұл санкциясы мен өсімақының сомасы қосымша есептеуге жататын салықтың сомасынан бірнеше есе асады. Қаржы кезеңдері тексеру жүргізілетін жыл алдындағы бес күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық. Белгілі бір жағдайларда тексеру неғұрлым ұзақ мерзімді қамтуы мүмкін. Қазақстандық салық салу жүйесіне тән белгісіздіктерге байланысты, егер мұндай жағдай болса, салықтардың, айыппұл санкцияларының және өсімақының түпкілікті сомасы осы уақытта шығыстарға жатқызылған және 2008 жылғы 31 желтоқсанда есептелген сомадан асуы мүмкін. Басшылық 2008 жылғы 31 желтоқсанда қолданылатын заңнаманы түсіндіру сәйкес болады және резервтер есептелген немесе осы қаржылық есептілікте басқа түрде ашылған жағдайлардан басқа, Топтың салық жөніндегі ұстанымы расталатын мүмкіндік бар деп санайды (4 және 23-ескертпелер).

      Инвестициялық сипаттағы міндеттемелер

      Топтың құрылыс жобалары мен негізгі құралдарды сатып алу жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелері 2008 жылғы 31 желтоқсанда шамамен 597.609.943 мың теңгені құрады. Сондай-ақ 2008 жылғы 31 желтоқсанда Топта 54.061.451 мың теңге сомасында тауар-материалдық қорлар (материалдар мен қосалқы бөлшектер) мен қызметтер жөніндегі келісім-шарттық міндеттемелер бар.

      Бірлескен кәсіпорындардағы міндеттемелер

      Топ құрамындағы жекелеген бірлескен кәсіпорындардың («Теңізшевройл» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Солтүстік Каспий жобасы» және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС) олар Қазақстан Республикасымен жасасқан лицензиялық келісімдердің шарттары бойынша міндеттемелері бар. Осы келісімдерге сәйкес шетелдік әріптестер келісілген кестелерге сәйкес белгілі бір инвестицияларды жүзеге асыруға міндетті. Мұндай инвестициялар бойынша міндеттемелер шетелдік әріптестерге жүктелгендіктен, олар осы есептілікте Топтың шарттық міндеттемелері ретінде ескерілген жоқ.

      Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер

      Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер, негізінен, ұшақтарды 5 жылдан 6 жылға дейін жалға алу мерзімімен байланысты. Операциялық лизингтің барлық келісім-шарттарында, егер Топ оларды ұзарту мүмкіндігін пайдаланған жағдайда, нарықтық бағалардың жаңаруы бойынша бөлімдері болады. Топтың жалдау мерзімі аяқталғанда жалға алған активтерді сатып алуға мүмкіндігі жоқ.
      2008 жылғы 31 желтоқсанда Топтың операциялық жалдау бойынша міндеттемелері былайша ұсынылды:

Мың теңгемен

2008

Бір жыл ішінде

14.467.064

1 жылдан 5 жылға дейін

32.977.626

Бес жылдан астам

5.785.298

Жиыны

53.229.988

      Әуе кемелерін жалдау ұшу сағаттары мен циклдарына қатысты түрленетін мәнді жалдау төлемдерін болжайды.

       Жер қойнауын пайдалануға лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелер

      Топ жер қойнауын пайдалануға лицензиялар мен тиісті келісімшарттар талаптарының орындалуына қатысты мемлекеттік органдардың тарапынан мерзімді түрде тексеру жүргізу объектісі болып табылады. Басшылық мұндай тексерулер барысында анықталған мәселелерді шешу үшін қажетті түзету шараларын келісу бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Лицензиядағы ережелердің орындалмауы айыппұл салуға, өсімақыға, шектеуге немесе лицензияны қайтарып алуға әкеп соқтыруы мүмкін. Топтың басшылығы келісім-шарттардың немесе лицензиялардың талаптарын сақтамауға қатысты кез келген мәселелер келіссөздер немесе түзету шаралары арқылы шешілетін болады және Топтың қаржылық жағдайына, пайда мен шығындар туралы есепке немесе ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке мәнді әсер етпейді деп санайды.
      Топтың жер қойнауын пайдалануға кейбір келісімшарттарының талаптары лицензияның қолданылу мерзімінің соңына дейінгі кезеңге шығыстардың ең төменгі деңгейін талап етеді. Жер қойнауын пайдалануға әрбір келісімшарттар бойынша Топ жергілікті билік органдарымен күрделі және инфрақұрылым жобалары бойынша жыл сайынғы шығыстар бойынша жоспарларға келісуді де талап етеді. Міндеттемелердің ен жоғарғы жылдық сомасы бір жылға әзірлеуге 1% шығынға шектелген.

      ҚМГ ӨБ мұнай кенорындарына лицензиялар мен келісімшарттар

      ҚМГ ӨБ мұнай кенорындарына лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттеме 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мынаны қамтиды:

Жыл

Күрделі шығыстар

Операциялық шығыстар

2009

44.586.977

4.735.461

2010

841.000

3.834.857

2011

841.000

3.834.857

2012


3.834.857

2013


3.834.857

2014-2021


22.564.721

Жиыны

46.268.977

42.639.610

      Шикі мұнай жеткізу бойынша міндеттемелер

      Экспорт алдындағы қаржыландыру туралы келісімнің шарттары бойынша Топтан 2009 жылғы қыркүйекке дейінгі мерзімде жеткізу күні айқындалатын әділ құн бойынша қарыз берушінің пайдасына ай сайын 150.000 тонна шикі мұнай жеткізуді жүзеге асыру талап етіледі. Топтың Үкіметтің өкіміне сәйкес ішкі нарыққа мұнай мен мұнай өнімін жеткізу бойынша да міндеттемелері бар.

      «ҚазГерМұнай» ЖШС («ҚГМ», ҚМГ БӨ 50% бірлескен кәсіпорны) міндеттемелері

      2008 жылғы 31 желтоқсанда ҚГМ міндеттемелеріндегі Топтың үлесі 10.740.257 мың теңгені құрады.

      ҚГМ шартты міндеттемелері

      Салық органдары рұқсат етілген лимиттен асатын көлемде газ жаққаны үшін айыппұл есептеу кезінде қолданылатын ставкалармен байланысты міндеттемеге қатысты ҚГМ-ға шағым берді. Осы мәселе бойынша 2008 жылы ҚГМ салық органдары жасаған есепке Қызылорда өңірлік экономикалық сотына апелляция берді және мақұлдау алды. Алайда салық комитеті Қызылорда облысы сотының Қадағалау кеңесінде осы ұйғарымды теріске шығарды және алдыңғы ұйғарым салық комитетінің пайдасына шешілді. ҚГМ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына келесі апелляцияны беру үстінде. ҚГМ басшылығы ақырында іс компанияның пайдасына шешіледі деп болжайды. Осыған байланысты 2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі шоғырландырылған қаржылық есептілікте ешқандай тиісті сома есептелген жоқ. Егер ҚГМ апелляцияны: жеңіп шықса ҚГМ басшылығы бағалаған міндеттеменің ең жоғары сомасы айыппұлдар мен өсімпұлдарды қоса алғанда, 9,873.360 мың теңгені құрайды.

      CCEL шартты міндеттемелері (ҚМГ БӨ 50% бірлескен кәсіпорны)

      2007 жылы CCEL бухгалтерлік кітаптарына 2002-2004 жылдарға арналған жоғары пайданы есептеу мен аударуға қатысты салық органдары аудит жүргізді. Осы тексерудің нәтижесінде CCEL-ге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінен 11.781.577 мың теңге мөлшерінде қосымша салық, 2.727.387 мың теңге сомасында айыппұл және 11.641.376 мың теңге сомасында өсімпұл төлеу талабы қойылды. 2008 жылы Компания Астана қаласының сотына апелляция берді, онда CCEL пайдасына шешім шығарылды. Салық органдары Жоғарғы сотқа апелляция берді, онда кейіннен олардың пайдасына шешім шығарылды. ССЕL жоғарғы соттың алқасына жоғары пайдаға салық бойынша қойылған талаптарға қатысты апелляция берді. Қаржылық есептілікке кол қою күнінде бұл істің шешімі белгісіз болып қалды. 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша CCEL осы талап бойынша 1.889.187 мың теңге сомасындағы ықтимал шығындарды есептеді.Қалған сома есептелген жоқ, өйткені CCEL істің қорытындысы өзінің пайдасына шешіледі деп болжайды.

      «Интергаз Орталық Азия» («ИОА») АҚ-тық Үкіметпен жасалған шарт бойынша инвестициялық және өзге де міндеттемелері

      Газ тасымалдары активтерін жақсартуға арналған инвестициялар
      Топ Үкімет пен Топ арасында кол қойылған шартқа (бұдан әрі «Шарт») сәйкес Қазақстан Республикасында магистралдық газ құбырлары желісін басқарады. Шарттың талаптары бойынша ИОА-ның берілген газ тасымалдары активтерін жақсартуға жөндеуге және жаңа газ тасымалдары активтеріне инвестиция беруге жыл сайын 30 миллион доллар (2008 жылғы 31 желтоқсанда 1 АҚШ доллары 120,77 теңге бағамы бойынша 3.623.100 мың теңге) инвестиция беру міндеттемесі бар. Шарттың талаптарына сәйкес ИОА Шарттың қолданылу мерзімі ету сәтінде көрсетілген инвестициялардың қалдық құнын өтейтін болады. 2008 жылғы 31 желтоқсанда ИОА-ның осы инвестициялық міндеттемеге қатысты шамамен 4700.470 мың теңге сомасына келісім шарттық міндеттемесі болды.
      Осы инвестициялық міндеттеме белгілі бір шарттар болған кезде туындайды. Олардың бірі тасымалданатын газдың физикалық көлемінің тұрақты болып қалатындығында немесе 1996 жылдың деңгейімен салыстырғанда ұлғаятындығымен қорытындыланады; келесісі газ тасымалдау жөнінде шетелдік клиенттермен келісімшарттардың жалғасатын талаптары Шарт жасалғанға дейін қандай болса сондай қолайлы болып қалатындығымен қорытындыланады. Егер газ тасымалдауға арналған тарифтер мен клиенттер тарапынан төлемеушіліктер жақсарту жүргізу мен инвестицияны жүзеге асырылмайтын етсе, ИОА-ның ішкі тарифті түзетуді немесе оның инвестициялық міндеттемелері деңгейін түзетуді қарау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінуге құқығы бар.
      Роялти
      1997 жылғы 17 шілдеден бастап ИОА Қазақстан Республикасының Үкіметіне шамамен Батыс жүйесі бойынша тасымалданған газ көлемінің 2%-ы мөлшерінде роялти төлеуге міндетті. Алайда, Шартқа сәйкес бұл төлем Батыс жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс жүйесі клиенттерін ИОА алдындағы роялти төлеу міндеттемесі туралы хабардар ететін қаулысы шыққаннан кейін ғана төлеуге жатады. 2008 жылғы 31 желтоқсанда мұндай қаулы жарияланбады. Роялти төлеу шарттарын іске асыруға байланысты белгісіздік салдарынан Топ қазіргі кезде өз клиенттеріне роялти есептемейді.
      Бұдан басқа, ИОА өткен кезеңдерде роялтидің қандай да бір сомасына қатысты ИОА-да міндеттеме бар екендігі жайлы түсініктеме сияқты, роялти ендігі есептелуі тиіс немесе есептеледі деген Қазақстан Республикасының Үкіметінен ешқандай нұсқау алған жоқ.
      Басшылық Қазақстан Республикасы Үкіметімен осы мәселені түсіндіру жөнінде жұмыс істеуде және ИОА-ға немесе оның клиенттеріне еткен кезеңдер үшін немесе болашақта роялти төлеу жөнінде ешқандай міндеттеме енгізілмейді деп санайды.
      Қырғыз айналымы
      ИОА тарифтерді өтеуді қамтитын белгілі бір шарттарға сәйкес Шартта шамамен 90-100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде белгіленген күн бойынша қырғыз айналымын әзірлеуге және салуға тиіс. Бұл актив Қазақстан Республикасына мынадай күндерден неғұрлым кешірек берілетін болады: Шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, немесе аяқталған соң жиырма жылдан кейін бір АҚШ долларына. Бұл айналымның құрылысы әлі басталған жоқ.
      Басшылық ИОА осы мәселеде міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті қадамдарды жасады деп санайды, оның ішінде Қырғыз Республикасына тиесілі газ құбыры учаскесін басқаруға қабылдау туралы мәселені қарайды. Алайда, Шарт талаптары бойынша қырғыз айналымын салудың негізгі шарты болып табылатын жаңа ішкі тарифтер 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлі жарияланған жоқ.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ИОА-ның инвестициялық міндеттемелерін орындауын коса алғанда, Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын тексеруді жүзеге асырады. ИОА-ның 2008 жылғы Шарт бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындауын тексеру 2009 жылы жүргізілетін болады. Басшылық 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ИОА инвестициялық талаптарды орындайды деп санайды.
      2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін ИОА өзінің Шарт бойынша таза пайдасының 10%-ын Үкіметке төледі.
      2006 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының атынан Қаржы министрлігі мен ИОА Шартқа түзетулер («Түзетулер») енгізу туралы келісімге кол қойды. Түзетулерге сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезең және қосымша бес жылдық кезең ішінде жылдық төлем әрбір кезеңнің басында келісілетін болады, егер бұл келісім жүргізілмеген жағдайда ИОА жылына 2.082.287 мың теңге төлейтін болады.

      «МұнайТас» АҚ пен «Қазақстан-Қытай құбыр жолы» АҚ технологиялық мұнайы

      «Мұнай Тас» АҚ, Топтың 50% бірлескен кәсіпорны құбыр жолға айдау үшін технологиялық мұнай алды. 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құбыр жолын толтыру үшін айдалған мұнайдың көлемі 99 мың тоннаны құрады. Осыған ұқсас «Қазақстан-Қытай құбыр жолы» АҚ Топтың 50% бірлескен кәсіпорны өзінің «ПетроЧайна Интернэшнл Қазақстан» ЖСШ байланысты тарапынан 401 мың тонна мөлшерінде өз құбыр жолын толтыру үшін мұнай алды. «Мұнай Тас» АҚ және «Қазақстан-Қытай құбыр жолы» АҚ осы мұнайдың сақталуы үшін толық жауаптылықта болады және құбыржол пайдаланудан шығарылған немесе тасымалдау келісім-шартының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда оны клиенттерге қайтаруға тиіс. Топ осы мұнайға қатысты ешқандай активтерді немесе міндеттемелерді көрсетпейді.

      Ковенанттар

      Топтың жекелеген еншілес ұйымдарына қарыз шарттары бойынша туындайтын шектеу шарттарын сақтау кажет. Топтың басшылығы Топ және оның еншілес ұйымдары есепті күнгі жағдай бойынша белгіленген барлық шектеу шарттарын сақтады деп санайды (43-ескертпе)

      «ҚазМұнайТеңіз» АҚ («ҚМТ») көмірсутегі шикізатына барлау жүргізуге арналған келісім-шарттар бойынша міндеттемелері

      Көмір сутегі шикізатына барлау жүргізуге арналып Үкіметтік органдармен жасалған «ҚМТ» келісім-шарттарының талаптарына сәйкес «ҚМТ» тиісті мұнай-газ жобалары жөніндегі ең аз жұмыс бағдарламаларын орындау бойынша міндеттемелері бар. 2008 жылғы 31 желтоқсанда «ҚМТ»-ның жалпы сомасы 239.836 мың АҚШ долларына (28.964.994 мың теңгеге баламалы) 2009 жылға арналған ең аз жұмыс бағдарламасын орындау жөніндегі міндеттемесі бар.

      «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ-тын («ҚМГ СУ») ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелері

      Қазақстан үкіметі мұнайды сатуға маманданған компанияларды негізінен ауыл шаруашылығы өндірушілерін көктемгі және күзгі дала жұмыстары уақытында қолдау үшін жыл сайынғы ішкі энергетикалық қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өнімнің бір бөлігін ішкі нарыққа беруді міндеттейді. Ішкі нарықтағы мұнайдың бағасы сыртқы нарықтағы бағалардан, тіпті коммерциялық мәмілелерде белгіленетін ішкі нарықтағы стандарты бағадан да айтарлықтай темен. 2008 жыл ішінде ҚМГ СҮ жалпы сомасы 30.466.132 мың теңгеге 560.501 тонна мұнай өнімдерін берді. 2009 жылы ҚМГ СҮ 5.044.248 мың теңге сомасына қосымша 100.000 тонна беруге міндетті.

      ИТК шартты міндеттемелері

      2008 жылғы 31 желтоқсандаға жағдай бойынша ИТК жалпы сомасы 29.667.715 мың теңгеге салық және өзге де шартты міндеттемелері болды. ИТК Топтың 33% иелену үлесі бар қауымдасқан ұйымы болып табылады.

      Қазақтелекомның лицензиялық міндеттемелері

      Сымсыз байланыс қызметтерін көрсетуге арналған бірқатар лицензия шарттарына сәйкес Қазақтелекомның өз желісін жабу аймағына қатысты белгілі бір міндеттемелері бар. Қазақтелеком Қазақстан Республикасының негізгі магистралдарының, шағын қалалар мен кала үлгісіндегі кенттердің бойындағы аудандарды қамти отырып, ұтқыр желіні жабуды кеңейтуге міндетті. Қазақтелекомның басшылығы Қазақтелеком лицензиялардың шарттарын сақтайды деп санайды.

      Кредит беру жөніндегі міндеттемелер

      Топтың кез келген уақытта кредиттерді беру жөнінде өтелмеген міндеттемелері болады. Бұл міндеттемелер кредиттік карточкалар мен овердравттар бойынша бекітілген қарыздар мен лимиттер нысанын қабылдайды және белгілі бір жағдайларда күші жойылатын болып табылады. Топ 2009 жылы негізгі компаниядан және шетелдік контрагенттердің бір қатарынан қарыздық бағалы қағаздарды, қарыздарды шығару арқылы осы міндеттемелерді қаржыландыруды жоспарлап отыр.
      Топ үшінші тараптардың алдында клиенттердің міндеттемелерді орындауына кепілдік беру мақсатында қаржылық кепілдіктер мен аккредитивтер ұсынады. Бұл келісімдердің тіркелген лимиттері болады және әдетте бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.
      Міндеттемелердің келісім шарттық сомалары санат бойынша мынадай кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілген міндеттемелер бойынша сомалар толығымен аванспен берілген сома деп болжанбайды. Кестеде көрсетілген аккредитивтер бойынша сомалар барынша бухгалтерлік шығынды көрсетеді, егер контрагенттер келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса, есепті күнге танылған болады.

Мың теңгемен

2008

Шартты сома


Қарыз, кредиттік желі және қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер

124.399.242

Аккредитиетер және есептік операцияларға жатқызылған басқа да міндеттемелер

14.846.794

      Топ теңгерімнен тыс міндеттемелерді қабылдаған кезде кредиттік реттеу саясатын және басқару саясатын да, теңгерімдік операциялар бойынша саясатты да пайдаланады.
      Жоғарыда көрсетілген кредит беру жөніндегі қолда бар шарттық міндеттемелердің жалпы сомасы болашақта ақшалай қаражатта өз қажеттілігін тудыруы міндетті емес, өйткені бұл міндеттемелер олар қаржыландырылғанға дейін бітуі немесе жабылуы мүмкін.

      Тұрақтандыру жоспары бойынша міндеттемелер

      Қор 2008 жылы Үкімет бекіткен Тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыруда Үкіметтің негізгі операторы болып тағайындалды (1-ескертпе). Тиісінше, Қор мынадай Тұрақтандыру жоспары бойынша міндеттемелерге ие:
      Қаржылық секторды тұрақтандыру
      Үкімет Қазақстанда қосымша капиталдандыруды қамтамасыз ету үшін екінші деңгейдегі төрт ірі банктердің акцияларын 25%-ға дейін сатып алуды Қорға тапсырды. Үкімет осы мақсаттар үшін Қорға 480 миллиард теңге бөліп отыр. Қор экономикалық дағдарысты аяқтағаннан кейін акционер болып қалмайды және акцияларды 5 жыл ішінде сатып алғаннан кейін, бірақ Қор төлеген бағадан темен емес бағаға сатып алуды іріктеуді банктерге береді.
      Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
      Үкімет ипотекалық қарыздарды қаржыландыру және қайта қаржыландыру үшін қаражат беруді шешті. Үкімет Қорға екінші деңгейдегі банктерде депозиттер орналастыруды және жалпы сомасы 600 миллиард теңгеге құрылыс компанияларын тікелей қаржыландыруды беруді тапсырды. Бұл сома қолданыстағы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға, жалғастырылатын құрылысты аяқтау үшін қаржыландыруды қамтамасыз етуге және қор және оның еншілес ұйымдары арқылы дайын тұрғын үйді сатып алуға ішінара жұмсалатын болады.
      Шағын және орта бизнесті қолдау
      Правительство поручило Фонду предоставить поддержку предприятиям малого и среднего бизнеса через финансирование новых проектов (30%) и рефинансирование существующих проектов (70%). Фонд предоставит 120 миллиардов тенге на эти цели.
      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
      Үкімет 2009-2011 жылдарда агроөнеркәсіптік кешенде 350 миллиард теңгені инвестициялайды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қаржыландыру бағдарламасына тартылатын болады, алайда, Тұрақтандыру жоспары Қор арқылы берілетін қаржыландыру мөлшерін көздемейді.
      Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
      Қор инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін 120 миллиард теңге береді.

42. САРАЛАНЫМ ЕСЕПТІЛІГІ

      Басқару мақсаты үшін Топтың қызметі өндіретін өнім түріне және көрсетілетін қызметтің тұрпатына сәйкес мынадай бес операциялық сараланымға бөлінеді:
      Мұнай-газ сараланымы мұнай мен газды барлау және ендіру, мұнай мен газды тасымалдау, мұнай мен газды қайта өңдеу және сату, шикі мұнай, қайта өңделетін өнімдер бойынша операцияларды қамтиды.
      Тасымалдау сараланымы жүктер мен жолаушыларды темір жолмен және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды қамтиды.
      Телекоммуникация сараланымы жергілікті, алыстағы қалааралық және халықаралық байланысты коса алғанда (ТМД-ға кіретін және кірмейтін елдерді коса алғанда), тіркелген байланыс қызметтері; сондай-ақ байланыс арналарын жалдау, деректерді беру және сымсыз байланыс қызметтері бойынша операцияларды қамтиды.
      Энергетикалық сараланым электр энергиясын өндіру және беру жөніндегі, электр энергетикалық жүйеге электр энергиясын жіберуді техникалық, диспетчерлеу және импортталатын электр энергиясын пайдалану жөніндегі операцияларды, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің объектілерін орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқару функцияларын қамтиды.
      Қаржы институттары мен даму институттары, сараланымы Қазақстан экономикасының барлық сараланымдарында инвестициялық және және инновациялық қызметті арттыру және ынталандыру жөніндегі.
      Жоғарыда аталған есептік сараланымдардың кейбіреулері Топтық ұйымдық құрылымына сәйкес неғұрлым ұсақ есептік сараланымдарды біріктіру арқылы қалыптастырылды. Әрбір есептік сегмент ҚЕХС-қа сәйкес дайындалған әрбір сараланым қызметінің қаржылық нәтижелері сараланымға ресурстарды бөлу және оның қызмет нәтижелерін бағалау туралы шешімдерді қабылдау мақсаты үшін Бас басқарушыға және шешімдер қабылдауға жауаптыға беріледі.
      Қалған операциялық сегменттер олардың мәнінің болмауына байланысты Өзгелей сегменттер ретінде біріктіріліп, ұсынылды. «Самұрық-Қазына» операциялары қаржы институттары мен даму институттарының сараланымына енгізілді.
      Төменде 2008 жыл ішіндегі Топтың операциялық сараланымдарының пайдасы мен шығыны, активтері мен міндеттемелері туралы ақпарат берілген:

Мың теңгемен

Мұнай-газ

тасымалдау

Телекоммуникация

Энергетика

Қаржы және даму институттары

Өзгелер

Элиминация

Барлығы

Сыртқы клиенттерге сатудан кіріс

2.509.812.468

560.857.501

138.465.973

76.415.827

42.016.664

27.872.652

-

3.355.441.085

Басқа сараланымдарға сатудан кіріс

34.327.275

61.941.475

3.913.223

13.392.427

1.378.544

3.460.675

(118.413.619)

-

Кірістің жиыны

2.544.139.743

622.793.976

142.379.196

89.808.254

43.395.208

31.333.327

(118.413.619)

3.355.441.085

Бір жылға таза пайда

385.589.399

68.125.550

29.515.837

10.562.717

(14.889.077)

16.830.617

(34.700.527)

461.034.516

Сараланымның активтер жиыны

4.588.435.347

987.101.619

337.959.457

273.430.865

626.472.628

3.532.969.249

(2.673.523.454)

7.672.845.711

Сараланымның міндеттемелер жиыны

2.562.941.058

314.223.098

143.644.161

150.223.076

380.396.757

38.243.996

(174.165.599)

3.415.506.547

Өзгелей сараланым ақпараты

















Қаржылық кіріс

103.244.785

7.724.631

878.565

1.164.984

3.086.675

52.858.793

(40.416.084)

128.542.369

Қаржылық шығындар

(188.952.629)

(10.163.968)

(6.089.217)

(1.491.170)

(638.949)

(463.077)

1.611.923

(204.187.087)

Қауымдасқан компаниялардың кірісіндегі ұлас

22.364.417

862.880

17.554.988

(2.729)

-

(26.723)

-

40.750.833

Табыс салығы бойынша шығыстар

(253.842.485)

14.603.630

6.085.400

1.973.304

(2.008.081)

(182.194)

-

(233.370.426)

Тозу, ескіру және амортизация

(154.660.428)

(49.616.841)

(23.113.024)

(8.730.214)

(364.916)

(1.978.445)

-

(236.453.868)

Құнсызданудан түскен шығындар

(32.374.490)

184.540

(10.669.970)

(1.555.013)

(18.788.015)

(33.684.059)

515.944

(96.571.063)

Тозған тауарлық-материалдық қорларға күмәнді дебиторлық берешекке және өтеуге күмәнді ҚҚС-қа резервтер

(18.711.728)

(3.779.533)

(975.607)

(669.337)

(373.497)

(831.053)

-

(25.340.755)

Резервтерге аударымдар

(20.563.047)

(1.238.728)

(1.293.763)

-

(275.141)

(6.037)

-

(23.376.714)

Қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар

127.090.073

2.436.557

44.604.223

75.429

17.099

3.263.926

-

177.487.307

Күрделі шығындар

480.584.079

139.625.273

63.687.574

31.684.260

559.257

19.407.495

(168.135)

735.379.803

43. ЕСЕПТІК КҮННЕН КЕЙІН БОЛҒАН ОҚИҒАЛАР

      Теңгенің девальвациялануы
      2009 жылғы 4 ақпанда Теңге АҚШ долларына және баска негізгі валюталарға қатынасы бойынша девальвацияланды. Девальвацияға дейін және одан кейін айырбастау бағамы 1 АҚШ доллары 120 Теңгені және тиісінше 1 АҚШ доллары үшін 150 Теңгені құрады. ҚҚБ айырбастау бағамы 2009 жылғы 19 маусымда 1 АҚШ доллары үшін 150,3 теңгені құрады.
      «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ сатып алу («ММГ»)
      2009 жылы 15 сәуірде ҚМГ ҰК және «CNPC Exploration and Development Company Ltd.» «Central Asia Petroleum Ltd.-дан» ММГ-ның 100% жай акцияларын сатып алуға ниет білдіргені туралы шартқа қол қойды. ММГ активтері Қаламқас, Жетібай мұнай-газ кенорнынан және барлау бойынша баска активтерді қамтиды. ММГ иелігінде тұрған Павлодар мұнай өңдейтін зауытына жатқызылған активтер мәмілеге қосылмаған болатын. Мәмілені аяқтау 2009 жылдың тамызы деп белгіленіп отыр, алайда осы есепті күнге мәмілені аяқтау үшін талап етілетін барлық талаптар орындалмаған.
      Облигацияларды шығару
      2009 жылы 30 қаңтарда Қор ұйымдаспаған нарықта жалпы сомасы 480 миллиард теңгеге 480.000 купонды облигацияларды орналастырды. Облигациялардың айналым мерзімі 15 жылды құрайды, купондық сыйақы 0,02% мөлшерінде әр жарты жыл сайын төленеді және бір облигация үшін номиналдық құны 1.000.000 теңгені құрайды. Барлық облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. Облигацияларды шығару мақсатында Тұрақтандыру жоспары шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру үшін қаражат тартылған болатын.
      2009 жылы 18 наурызда Қор ҚҚБ-ға жалпы сомасы 750 миллиард теңгеге қосымша 750.000.000 купондық облигациларды орналастырды. Облигациялардың айналым мерзімі 6-15 жылды құрайды, жылдық купондық сыйақы 4% мөлшерінде әр жарты жыл сайын төленеді және бір облигация үшін номиналдық құны 1.000 теңгені құрайды. Осы облигациялардың барлығын одан әрі қалай ашылғанын БТА банкі мен Альянс банкі сатып алған болатын.
      «БТА Банкі» АҚ («БТА Банкі») сатып алуы
      2009 жылғы ақпанда «Банк және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы институттарын реттеу және қадағалау агенттігі Үкіметке «БТА Банкі» АҚ бақылау пакетін сатып алуды ұсынды, ал Үкімет Қор тұлғасында Агенттіктің ұсынысын қабылдады. Сөйтіп Қор әрбір акцияны 8.401 теңге бағасы бойынша 25.243.343 дана қосымша шығарылған 212.095 миллион теңге сомасындағы жай акцияларды сатып алды, соның нәтижесінде БТА Банкі капиталындағы Қордың үлесі 75,10% құрады. Банкті Қор Банктің сыртқы міндеттемелерін ағымдағы қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін одан әрі қайта сату мақсатында сатып алды. 2009 жылғы ақпанда рейтингтік агенттіктер Банктік кейбір борыштық инструменттерін төмендетті, бұл осы борыштық инструменттер бойынша ковенанттардың бұзылуына әкеліп соқты, және соның салдарынан банктің көптеген міндеттемелері ағымдыққа айналды.
      2009 жылғы наурыздың ішінде БТА Банкі ҚҚБ-га 6-15 жыл айналым мерзімімен жалпы сомасы 645 миллиард теңгеге 9% мөлшеріндегі купондық сыйақысымен өз облигацияларын орналастырды. Осы облигациялардың барлығын Қор сатып алды. Бір мезгілде Қор осындай айналым мерзімімен және 4% мөлшердегі купондық сыйақысымен облигациялар шығарды («Облигациялар шығару» параграфында ұсынылғандай). Жалпы сомасы 645 миллиард теңге облигацияларды БТА Банкі сатып алды. Кейіннен БТА Банкі жалпы сомасы 289,5 миллиард теңге облигацияларды кері сатып алу келісімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сатты.
      «Альянс банкі» АҚ- депозитті орналастыру және облигацияларды сатып алу
      2009 жылдың 2 ақпанында Қор Альянс банкті қосымша капиталдандыру мақсатында 24.000.000 мың теңге мөлшерінде «Альянс Банкі» АҚ-га («Альянс Банк») депозит орналастырды.
      2009 жылғы наурыздың ішінде Альянс Банкі ҚҚБ-ға 6-15 жыл айналым мерзімімен жалпы сомасы 105 миллиард теңгеге 9% мөлшеріндегі купондық сыйақысымен өз облигацияларын орналастырды. Осы облигациялардың барлығын Қор сатып алды. Бір мезгілде Қор осындай айналым мерзімімен және 4% мөлшердегі купондық сыйақысымен облигациялар шығарды («Облигациялар шығару» параграфында ұсынылғандай). Жалпы сомасы 105 миллиард теңге облигацияларды Альянс Банкі сатып алды және осы күні 54 миллиард сомасындағы облигацияларды кері сатып алу келісімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сатты. Басқа екінші деңгейдегі банктердегі үлестерді сатып алу және депозиттер орналастыру
      Тұрақтандыру жоспары шеңберінде (1-ескертпе) 2009 жылдың ішінде Үкімет кейбір қазақстандық банктерге қаржылық қолдау көрсетті.
      Қор 2009 жылғы қаңтардың соңында «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ-ға 36.000.000 мың теңге және тиісінше 60.000.000 мың теңге қысқа мерзімді депозиттер орналастырды, соңында жаңа эмиссия шеңберінде олардың акцияларын сатып алу жолымен банктердің капиталына инвестициялаған болатын, олар төмендегідей берілген:
      * 2009 жылы 14 мамырда Қор бір акция үшін бағасы 217,5 теңгеден
        «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның 1165.517.241 дана жай акцияларын
        сатып алды, бұл Банктің капиталын 36.000.000 мың теңгеге
        инвестициялауға әкелді.
      * 2009 жылдың 27 және 29 наурызында Қор «Қазақстанның халық
        жинақ банкі» АҚ бір акция үшін бағасы 104,03 теңгеге және
        тиісінше бір акция үшін бағасы 168,42 теңгеге 259.064.909
        дана жай акциялар мен артықшылық берілген 196.232.499 дана
        артықшылықты акцияларды иеленді, нәтижесінде 60.000.000 мың
        теңгеге Банктің капиталын инвестициялаған болатын.
      «Қазкоммерцбанк» АҚ пен «Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ жай акцияларының жалпы санынан Қордың қосымша эмиссиясы мен үлесін арқылы сатып алу жүзеге асырылған болатын, ол 21,26% және тиісінше 20,91% құрады. «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялары соңынан «Қазкоммерцбанк» АҚ акционерлеріне сенімді басқаруға берілді.
      Сонымен 2009 жылғы қаңтардың аяғында Қор экономиканың нақты секторының жобаларын несиелендіру мақсатында «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Қазақстанның халық жинақ банкі» АҚ-ға 84.000.000 мың теңге және тиісінше 60.000.000 мың теңге 8% сыйақының жылдық мөлшерлемесімен 2012 жылда өтеу мерзімі бар ұзақ мерзімді депозиттерді орналастырды.
      Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге салымдар орналастыру
      Тұрақтандыру жоспары шеңберінде (1-ескертпе) 2009 жылдың екінші тоқсанында Қор кейбір қазақстандық банктерге 120.000.000 мың теңге мөлшерінде депозиттер орналастырды. Депозиттер халықтың олардан алған ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін жиырма жылға орналастырылған болатын.
      Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында екінші деңгейдегі банктерге салымдар орналастыру
      Тұрақтандыру жоспары шеңберінде (1-ескертпе) 2009 жылдың бірінші тоқсанында Қор «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» қоры»), еншілес ұйымдарға 120.000.000 мың теңге мөлшерінде 7 жылға дейінгі мерзіммен қарыз берді. «Даму» қоры алынған қаражаттың бөлігін кейбір қазақстандық банктерге 117.000.000 мың теңге сомасында қарыз берді. Қарыздар Тұрақтандыру жоспарына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру және қайта қаржыландыру мақсаттары үшін берілді. 3.000.000 мың теңге «Даму» қорының өзі де осындай мақсаттарға пайдаланатын болады.
      «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ акцияларын беру
      2009 жылдың бірінші тоқсаны ішінде Үкімет «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ (100%) және «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ (100%) үлестеріндегі инвестицияларды Қорға тапсырды.
      Кәсіпорындардың шығуы
      Қазақстан Республикасы экономикасын жаңарту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2009 жылғы маусымдағы шешіміне сәйкес Қор Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне мынадай еншілес кәсіпорындарды беру жөніндегі рәсімдерді бастады;
      1. «Сарыарқа ӘКК» АҚ
      2. «Ертіс ӘКК» АҚ
      3. «Оңтүстік ӘКК» АҚ
      4. «Жетісу ӘКК» АҚ
      5. «Тобыл ӘКК» АҚ
      6. «Каспий ӘКК» АҚ
      7. «Батыс ӘКК» АҚ
      8. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ
      9. «KAZNEX» экспортты дамыту және алға бастыру корпорациясы» АҚ
      ҚМГ ковенаттарын бұзу
      Осы қаржылық есептілік күніндегі жағдай бойынша ҚМГ ҰК еншілес кәсіпорындары The Rompetrol Group және «ҚазТранГаз» АҚ қарыз шарттары бойын кейбір қаржылық талаптары бұзды. Алайда, осы еншілес ұйымдар кредиторлардан ең ірі қарыз бойынша және қалған қарыздарға да қатысты ықтимал міндеттемелерден босатылады, қазіргі сәтте төлем жөніндегі міндеттемелерді орындамау жағдайлары жоқ және тиісті кредиторлардың қарызы қайтарып алу және/немесе төлемдерді жеделтету ниеті жоқ. Осы қаржылық есептілік күніндегі жағдай бойынша қаржылық шарттар бұзылған қарыздардың жалпы сомасы шамамен 145,1 миллион АҚШ долларын құрайды.