Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 1937 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.12.2012 № 1653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген    

Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген  

Тауар биржалары, биржалық брокерлер және биржалық дилерлер
қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

      1. Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің;
      2) құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы ережесінің;
      4) тауар биржасында басшылық қызметпен айналысатын қызметкерлерде:
      жоғары білімінің;
      тауар биржалары саласында және/немесе қаржылық ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
      тауар биржасында басшылық қызметпен айналыспайтын қызметкерлерде:
      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
      5) сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің;
      6) клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен;
      8) кемінде үш биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының;
      9) мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болуын көздейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және (немесе) биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) ұйымның бірінші басшысында:
      жоғары білімінің;
      ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
      жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;
      2) брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандарының;
      3) клиенттерге брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламентінің болуын көздейді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.