Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.09 N 1552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес және мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан мыналарды:
бензинді (СЭҚ ТН коды 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін әкетуге тыйым салынсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.09 N 1552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан бензин және дизель отынын әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов