Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1256 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 249-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы "Асыл түлік" акционерлік қоғамы акцияларының 94,89 % мемлекеттік пакетін "ҚазАгроИнновация" акционерлер қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
      2) "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының жарияланған акциялары санын ұлғайтуды және "Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы "Асыл түлік" акционерлер қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру жолымен орналастырылатын акцияларына ақы төлеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Ақмола облысы" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 13-6-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 205-10-жол алынып тасталсын;
      3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "Акционерлік қоғамдар" деген 2-бөлімде:
      реттік нөмірі 63-жол алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов