Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2021 № 552 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):
32-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.";
Техникалық регламентке 1-қосымшада:
Сертификаттау схемаларын қолдануда:
8-тармақтың үшінші абзацы "өнімдерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ автокөлік құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |