21.07.2009

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қазақстан Республикасының аумағына айналымға шығарылатын автокөлік құралдарында пайдаланылған газды бейтараптандырудың жүйесі болуы тиіс және сәйкестік сертификаттарын беру жолымен олардың сәйкестігі расталуға жатады.

      Автокөлік құралдарының сәйкестігін растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган жүзеге асырады.

      12. Пайдалану мерзімі 1 жылдан аз және 10 мың км-ге дейін жол жүрген, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектеріне арналған біркелкі техникалық ұйғарымды қабылдау туралы және осы ұйғарымдар негізінде берілетін ресми бекітілімдерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлік құралдары "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысымен белгіленген 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.

      Пайдалану мерзімі 1 жылдан аз және 10 мың км-ге дейін жол жүрген үлгіні мақұлдау туралы құжаты жоқ және бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарына "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1372 қаулысымен бекітілген Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып, сәйкестікті растауға рұқсат етіледі және пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар өткізіле отырып, "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысымен белгіленген 7-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.

      Техникалық регламентке 4-қосымшада шығарылған жері көзделмеген автокөлік құралдары үшін Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау 7-схеманы қолдана отырып, міндетті түрде пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесі болған кезде жүзеге асырылады.

      Автокөлік құралының шығарылған елін айқындауды өтінім беруші ұсынған VIN-код бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган жүзеге асырады.

      Пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар осы Техникалық регламенттің 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Осы Техникалық регламенттің 4-тарауында айқындалған сертификаттау схемаларын қолдана отырып сәйкестікті растау "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6-бөлім алып тасталсын;

      6-қосымша алып тасталсын;

      3) "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):

      32-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) автокөлік құралдары үшін - үлгіні мақұлдауды растайтын құжаттар.";

      Техникалық регламентке 1-қосымшада:

      Сертификаттау схемаларын қолдануда:

      8-тармақтың үшінші абзацы "өнімдерді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ автокөлік құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



Дата вступления в силу:  21.07.2009
Дата изменения акта:  30.01.2017
Дата принятия акта:  21.07.2009
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 33, 319-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  46988
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1109
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  005010000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz