Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 373 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 25-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі;
      2) Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 373 қаулысымен  
бекітілген     

Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабының 4-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын (бұдан әрі - ҚҚС) айқындау тәртібін белгілейді:
      1) Салық кодексінің 272-бабының 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты;
      2) мыналар:
      тауарлар импорты кезінде төленген;
      осы Кодекстің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген;
      ҚҚС-ның асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіле отырып, ҚҚС жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңінің соңында қолда бар пайдалануға берілетін негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы шегінде.

2. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау тәртібі

      3. Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы мен декларация бойынша қалыптасқан есептелген ҚҚС сомасы арасындағы оң айырма ҚҚС-ның асып кеткен сомасы болып табылады.
      4. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау мынадай кезектілікте жүргізіледі:
      1) ҚҚС-ның асып кетуін қайтару талап етілетін есепті салық кезеңі үшін ҚҚС-ның асып кету сомасы белгіленеді. Осы тармақшаға сәйкес айқындалған ҚҚС-ның асып кеткен сомасына осы Ереженің 3 және (немесе) 4-тарауының ережелері қолданылады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасы қолданылғаннан кейін, егер есепті салық кезеңінің соңына өспелі қорытындымен ҚҚС-ның асып кету сомасында алдағы салық кезеңдері үшін қайтарылуға жататын және ұсынылған ҚҚС-ның асып кету сомасы болса, онда бұл сомаға осы Ереженің 3 және (немесе) 4-тарауының ережелері де қолданылады.

3. Салық кодексінің 272-бабының 3-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға байланысты қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау тәртібі

      5. Декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС-ның асып кеткен сомасы олар бойынша салық тексеруі аяқталған күнде жеткізушімен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар алынбаған және (немесе) егер тексерілетін салық төлеушінің жеткізушісі бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша қарсы тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған және (немесе) алынған бұрын жіберілген сұрау салулар бойынша мониторингке жататын ірі салық төлеуші бойынша ҚҚС сомасының дұрыстығы расталмағаны туралы уәкілетті органның алынған жауаптары негізінде ҚҚС сомасына кемітіледі.
      Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау үшін бухгалтерлік және салықтық есеп деректері бойынша нөлдік ставкамен салық салынатын өткізу бойынша айналым мақсаты үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы есептеледі.
      6. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезінде қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы халықаралық тасымалдардың физикалық көлемінің жалпы тасымалдау көлеміндегі үлес салмағын осы Ереженің 5-тармағының бірінші абзацына сәйкес айқындалған ҚҚС-ның асып кеткен сомасына қолдану жолымен есептеледі.
      Есеп қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы айқындалатын салық кезеңіндегі деректер бойынша жүргізіледі.
      7. Осы тараудың ережелері 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындауға да қолданылады.

4. Салық кодексінің 272-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау тәртібі

      8. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау мынадай кезектілікте жүргізіледі:
      1) тауарлар импортына ҚҚС төлеуге байланысты есепке жатқызылған ҚҚС сомасы айқындалады.
      Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес айқындалатын ҚҚС сомасы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған осы тауарлар бойынша бұрын айқынадалған және ескерілген импортқа ҚҚС сомасына кемітіледі;
      2) егер ҚҚС-ның асып кеткен сомасы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген сомалар шегерілгеннен кейін жеткілікті болған жағдайда Салық кодексінің 241-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алған кезде резидент емес үшін ҚҚС төлеуге байланысты есепке жатқызылған ҚҚС сомасы айқындалады.
      Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес айқындалатын ҚҚС сомасы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған осы жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын айқындалған және ескерілген резидент емес үшін ҚҚС сомасына кемітіледі;
      3) егер ҚҚС-ның асып кеткен сомасы осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сома шегерілгеннен кейін жеткілікті болған жағдайда, ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің соңында бар негізгі құралдарды пайдалануға енгізу, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы айқындалады.
      Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес айқындалатын ҚҚС сомасы нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған осы негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер бойынша бұрын айқындалған және ескерілген ҚҚС сомасына кемітіледі.
      9. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар болған кезде осы Ереженің 8-тармағына сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасын айқындау осы Ереженің 3-тарауына сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы айқындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
      10. Қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кетуі ҚҚС асып кетуін қайтаруға қорытынды жасалған күнге және ол үшін жасалған декларацияда кейінгі салық кезеңдері үшін декларацияларда көрсетілген бюджетке төленуі тиіс ҚҚС-ның сомасын шегере отырып, ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап көрсетілген декларацияда салық кезеңінің соңына қайтаруға жатпайтын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы алынып тасталатын ҚҚС төлеушінің дербес шоты бойынша артық төлеу сомасынан асып кетпеуі тиіс.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 373 қаулысымен   
бекітілген      

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері

      Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабының  4-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      1. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және ол бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы айқындалатын салық кезеңі алдындағы екі келесі тоқсан ішінде тоқсанына кемінде бір рет жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді өткізулер жатады.
      2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан айналымдар бойынша нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және ол бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы айқындалатын салық кезеңі алдындағы екі келесі тоқсан ішінде тоқсанына кемінде бір рет (ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылатын салық төлеушілер үшін) немесе келесі алты ай ішінде айына кемінде бір рет (ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылатын салық төлеушілер үшін) жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді өткізулер жатады.
      Осы тармақтың мақсаты үшін нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге сондай-ақ осындай тауарларды өндіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіммен айқындалған, Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға ерекше маңызы бар негізгі құралдарды пайдалануға енгізгеннен кейін жүргізілген тауарларды экспортқа өткізу де жатады.