Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 575 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1313 Қаулысымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.27.  N 152 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ақтау халықаралық теңiз сауда портының екiншi кезегi құрылысының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 қыркүйектегi N 916  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Маңғыстау облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша Ақтау портын солтүстiк бағытта кеңейту және гидротехникалық құрылыстар салу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен су қоры жерiнен жалпы алаңы 35 гектар жер учаскесiн 49 (қырық тоғыз) жыл мерзiмге осы қаулының 3-тармағында көзделген шарттарда Серiктестiкке уақытша өтемдi жер пайдалануға берудi қамтамасыз етсiн.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі