Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 және 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 890 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Электрондық үкіметті" дамытудың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету" деген 6-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 5-жолдың "Орындалу мерзімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2009 жылғы желтоқсан".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов