Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 953 қаулысында: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: 
      реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын; 
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 - 2009 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 79 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 38-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 - 2009 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: 
      реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын; 
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 46-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған жоспарында: 
      реттік нөмірі 51-жол алынып тасталсын. 
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов