Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.31. N 451 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 630-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақта "2008 жылғы 1 шілдеден бастап" деген сөздер "2009 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарында:
"Тарифтің шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)" бағанында "2007" және "2008" деген сандар тиісінше "2008" және "2009" деген сандармен ауыстырылсын;
"Өзгеруі" бағанында "2008/2007" деген сандар "2009/2008" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов