Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 және 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1403 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 640 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  213-бабына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банкрот деп танылған "Өнеркәсіппластмасса" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тартқан мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын өтеу 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 1902999,72 (бір миллион тоғыз жүз екі мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз евро жетпіс екі евроцент) евроға баламалы сомаға 1996 жылғы 26 тамыздағы № 27-1-Г/4-96 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін атқару жолымен жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов