Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 785 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы N 614 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 25.04.2016 № 240 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі N 217 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 430-құжат; 2004 ж., N 51, 670-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысында:

      бүкіл мәтін бойынша "-бап" деген сөз алып тасталсын;

      36-баптағы "бабының" деген сөз "тармағының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      47-бапта:
      бірінші бөлік "консулдық іс-әрекет үшін" деген сөздерден кейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде белгіленетін тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Консулдық алымның ставкалары, оны алу, төлеу, есепке алу және төлеуден босату тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне сәйкес белгіленеді.";

      49-бап алып тасталсын;

      50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Консулдық алымдар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджетіне есепке алынады.";

      51-бап алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев