Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 ақпандағы N 88 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 521 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2016 № 488 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "ТАСIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 357  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Саудабаев Дәулет Советұлы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов