Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы N 996 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 497 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 709 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.14. N 709 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Монополияға қарсы органның басқа телекоммуникация желілерін басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілеріне қосу қызметтерін көрсету шарттарын, сондай-ақ желілердің өзара іс-әрекет етуі және трафикті өткізу жөніндегі онымен байланысты міндеттемелерді айқындайтын қосылу шартын бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы N 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 424-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбында және 1-тармақта "Монополияға қарсы органның" деген сөздер "Уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Монополияға қарсы органның басқа телекоммуникация желілерін басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілеріне қосу қызметтерін көрсету шарттарын, сондай-ақ желілердің өзара іс-әрекет етуі және трафикті өткізу жөніндегі онымен байланысты міндеттемелерді айқындайтын қосылу шартын бекіту ережесінде:

      тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Монополияға қарсы органның", "монополияға қарсы орган", "монополияға қарсы органға" деген сөздер "Уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта "Монополияға қарсы органның" деген сөздер "Ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов