Уәкілетті органның басқа телекоммуникация желiлерiн басым байланыс операторының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желiлерiне қосу қызметтерiн көрсету шарттарын, сондай-ақ желiлердiң өзара iс-әрекет етуi және трафиктi өткiзу жөнiндегi онымен байланысты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қазандағы N 996 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 709 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28
желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  25-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi туралы ережеде 5-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаржылық активтердiң және өзге де мүлiктiң" деген сөздер "шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi