Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің»Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 541 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 23, 285-құжат):
2-тармақтағы "студенттерге берілген кредиттер" деген сөздер "білім беру кредиттері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.21 № 248 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов