Мердігерге Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаны өндірудің технологиялық схемасына сәйкес жер қабатына айдау үшін тәулігіне екі мың және одан да астам текше метр көлеміндегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсат беру ер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 261 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Аманкелді аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектерге аудан бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде 48 (қырық сегіз) жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" бөлімі мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмыс орындарына квотаға сәйкес жолдамамен орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов