"Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысымен

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. "Соттардың некенi бұзу туралы iстердi қараған кезде заңды қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі N 5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбындағы "Жоғарғы Соты Пленумының" сөздері "Жоғарғы Сотының нормативтік" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) кіріспедегі "Пленумы" сөзі "жалпы отырысы" сөздерімен ауыстырылсын;
      3) бүкіл мәтіндегі "ҚР" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                              Қ. Мәми

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                               Ж. Бәйішев