Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы N 880 P010880_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 24-25, 300-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқарудың және
жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған
салалық бағдарламасында:
"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2001 жылға арналған іс-шаралар
жоспары" деген 8-бөлімде:
"Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру" деген 1-тарауда:
реттік нөмірі 1.4.-жолда:
"Орындау мерзімі" деген бағандағы "3" деген сан "4" деген санмен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.