Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің ішкі су жолдарымен қатынау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 177 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропа экономикалық комиссиясының және Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның атқарушы хатшыларын Ұлттық үйлестірушінің тағайындалғаны туралы хабардар етсін.

      3. "Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық үйлестірушісін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 335 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі