Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 158 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шiлдедегi № 553 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.07.2024 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдармен келісу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 158 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін уәкілетті органдардың келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасында тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатысына) қолданылады және тамақ өнімдерінің барлық процестерінің (сатысының) сәйкестігін уәкілетті органдардың келісу тәртібін белгілейді.

      3. Ереженің қолданылуы жеке тұтынушыға арналған үйде дайындалған тамақ өнімдеріне таратылмайды.

      4. Ереже тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық субъектілеріне таратылады.

      5. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатысы) уәкілетті органдардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      6. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті органдар) - өз құзыреті шегінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын ветеринарлық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар;

      2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат - Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, ветеринарлық-санитарлық қорытынды, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама, сәйкестік сертификаты.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

2. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) процесінің (сатысының)
сәйкестігін келісу тәртібі

      7. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) процесінде (сатысында) нормативтік-техникалық құжаттаманың (бұдан әрі - НТҚ) жобалары және тәжірибелік үлгілер уәкілетті органдар белгілеген тәртіппен ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жатады.

      НТҚ жобалары уәкілетті органдармен келісіледі, оларды субъектілер бекітеді және олар үшін міндетті болып табылады.

      8. Субъект әзірлеген НТҚ Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      9. Мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдері Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органдармен келісіледі, оның нәтижелері бойынша тамақ өнімдері Тізілімге енгізіледі.

3. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының)
сәйкестігін келісу тәртібі

      10. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде уәкілетті органдар құзыреті шегінде өндіріс объектілерін ветеринарлық (ветеринариялық-санитариялық) және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларға сәйкестігіне келіседі. Келісу нәтижелері бойынша ветеринария және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен ветеринарлық-санитарлық немесе санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және санитарлық паспорт беріледі.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      11. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне Заңмен белгіленген тәртіппен есепке алу нөмірлері берілуі тиіс.

      12. Өндірілетін (дайындалатын) тамақ өнімдеріндегі жекелеген ингредиенттерін ауыстыру халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.

      13. Міндетті сертификаттауға жататын тамақ өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органымен, талаптарға сәйкестігін куәландыратын сәйкестік сертификатын беріледі.

4. Тамақ өнімдерін айналымы процесінің (сатысының)
сәйкестігін келісу тәртібі

      14. Тамақ өнімдерінің айналымы, тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, оны өткізу (сату немесе жеткізу) процестерін сондай-ақ осыған байланысты буып-түю, орау, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестерін қамтиды.

      15. Ішкі сауда объектілерінде тамақ өнімдерін өткізу кезінде тамақ өнімдері ветеринарлық-санитарлық немесе санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс, оның нәтижелері бойынша сараптама актісі немесе санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

      16. Ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін тасымалдау кезінде ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринарлық құжат беріледі.

      Қазақстан Республикасының аумағына ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) кезінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы әкелуге (импорттауға) рұқсат береді.

      Ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерін Қазақстан Республикасынан әкету (экспорттау) кезінде ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен ветеринарлық құжат беріледі және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы әкетуге (экспорттауға) рұқсат береді.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.08 N 2038 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      17. Қазақстан Республикасының аумағына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін тасымалдау, әкелу (импорттау), әкету (экспорттау) кезінде Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.

      18. Тамақ өнімдерін тасымалдау үшін, осындай мақсатқа арнайы бөлінген және (немесе) жабдықталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорты бар көлік құралдары пайдаланылады.

5. Тамақ өнімдерін кәдеге жарату және/немесе жою процесінің
(сатысының) сәйкестігін келісу тәртібі

      19. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тамақ өнімдерін кәдеге жарату және/немесе жою процесі (сатысы) уәкілетті органдармен келісіледі.

6. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу тәртібі

      20. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу тәртібі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беруін қамтиды.

      21. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.