Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 27 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.27 № 1211 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1 . Қоса беріліп отырған Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 18 қаңтардағы
N 27 қаулысымен 
бекітілген   

Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс
іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және
хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды
жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға субсидиялар бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджеттік субсидиялар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты мемлекеттік театр, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарының шығынын пайыздық өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады.

2. Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс
іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі
қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық
және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды
жабуға бюджеттік субсидиялар алу тәртібі

      3. Республикалық бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу қаржыландыру жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.
      Жергілікті бюджеттен субсидиялар бөлу қаржыландыру жоспарына және жергілікті атқару органы бекіткен тиісті бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жүргізіледі.

      4. Мемлекеттік бюджеттен бюджеттік субсидиялар бөлу сомаларды мемлекеттік театрлардың, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарының өздері өз қаражаттары есебінен жабатын құнды шегергендегі мемлекеттік театрлардың, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарының ағымдағы шығыстарының құнын жабуға жіберу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте субсидиялардың мөлшері мемлекеттік театрлардың, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарының жалпы ағымдағы шығыстары сомасының 80%-ынан аспауға тиіс.

      5. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі:
      1) бюджеттік субсидиялардың мөлшерін анықтайды;
      2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік театрлар, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарына бөлінетін бюджеттік субсидиялар көлемі туралы мәліметтерді жеткізеді;
      3) ай сайын бюджеттік субсидиялар бөлу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шот тізілімінің екі данасын және төлем шоттарды береді.

      6. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығына бюджеттік бағдарлама әкімшісі жауапты болады.

      7. Мемлекеттік театрлар, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдар алатын бюджеттік субсидиялар екінші деңгейлі банктерде өздері ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады және қатаң түрде мақсатты жұмсалады.

      8. Мемлекеттік театрлар, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдары бюджеттік субсидиялар алу үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісіне:
      1) жыл сайын ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттік субсидиялар көлемінің негізінде алдағы жылға арналған көрсетілетін қызметтер бойынша кірістер мен шығыстардың бекітілген есебін;
      2) ай сайын айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы айдың шығындарын жабу есептерін береді.

      9. Мемлекеттік театрлар, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдары есептердің дұрыстығына және дұрыс жасалуына жауапты болады, олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      10. Мемлекеттік театрларға, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарына бюджеттік субсидияларға бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар жауапты болады.

Ережеге
1-қосымша

_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

20_____жылғы

кіріс жоспары

Р/с
N №
Спектакль-
дердің,
концерттер-
дің саны
(дана)
Көрер-
мен-
дердің
саны
(мың
адам)
Кірістер
(мың теңге)
Ескертпе
Билет сату-
дан
Жалға беру-
ден
Өзге
де
1 2 3 4 5 6 7







  Ережеге
2-қосымша

_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

20_____жылғы

шығыс жоспары

                                    мың теңге

Р/с
N№
Көрсеткіштердің атауы Сомасы Ескертпе
1 2 3 4




  Ережесіне
3-қосымша

_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

20_____жылғы ____ айындағы

мемлекеттік театрларының, концерттік және
мәдени-демалыс ұйымдарының шығындарын жабу есебі

                                         мың теңге

Іске асырылатын
қызметтердің
құны
Меншікті
кірістерінің
сомасы
Субсидиялардың
сомасы
1 2 3