Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1402 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің құрамында 80 бірлік штат санының лимиті бар "5573 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Астана қаласында орналастырыла отырып, жедел бригаданың басқармасы) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі