Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1290 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:

      дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:

      "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 550-жолда:

      5-бағандағы "12037708" деген сандар "14106105" деген сандармен ауыстырылсын;

      7-бағандағы "5091136" деген сандар "3977278" деген сандармен ауыстырылсын;

      8-бағандағы "827633" деген сандар "1497005" деген сандармен ауыстырылсын:

      9-бағандағы "471161" деген сандар "2984044" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 557-жолда:

      7-бағандағы "4600000" деген сандар "5713858" деген сандармен ауыстырылсын;

      8-бағандағы "2132759" деген сандар "1018901" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Бағдарлама бойынша Жиыны" деген жолда:

      8-бағандағы "170493592" деген сандар "170049106" деген сандармен ауыстырылсын;

      9-бағандағы "30329519" деген сандар "32842402" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :

      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" әкімшісі бойынша:

      029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында:

      "Астана қаласында Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту" деген жолдағы "5091136" деген сандар "3977278" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Астана қаласындағы Президент паркі" деген жолдағы "4600000" деген сандар "5713858" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі